Қолдану көрсеткіштері
Кетопрофеннің анальгезиялық және қабынуға қарсы әсерін, оны қолдану кезінде дамитын жағымсыз реакциялардың айқындығына, сондай-ақ қазіргі уақытта қолжетімді қабынуға қарсы дәрілік заттар арсеналындағы оның орнын ескере отырып, препарат 15 жастан асқан жасөспірімдерге және ересектерге келесі көрсеткіштер бойынша пайдаланылады:
- ауырсыну синдромының қысқа мерзімді симптоматикалық емі:
буын ревматизмі (ревматоидты артрит)
белдегі жедел ауырсыну
радикулалгия
- неопластикалық процесстермен байланысты ауырсыну синдромын емдеу
- бүйрек шаншуы кезінде ауырсыну синдромын емдеу.