Қолдану көрсеткіштері
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларда (≥50 кг) цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштар туындатқан келесі инфекцияларды емдеу үшін:
- бактериялық менингит
- ауруханадан тыс пневмония
- ауруханаішілік пневмония
- интраабдоминальді инфекциялар
- асқынған несеп шығару жолдарының инфекциялары (оның ішінде пиелонефрит)
- сүйек және буын инфекциялары
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- бактериялық эндокардит
- жедел орташа отит
- соз
- мерез
Атриксті мыналар үшін пайдалануға болады:
- ересектердегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының жедел асқынуларын емдеу үшін
- ересектерде және 12 жастан асқан балаларда (≥50 кг) (ерте (II сатысы) және кеш (III сатысы)) диссеминацияланған кене боррелиозын емдеу үшін
- операция алдындағы хирургиялық инфекцияларын профилактикасы
- бактериялық инфекциядан деп күдіктенетін нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерді
- жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенінен туындаған немесе болжам бойынша туындаған бактериемиясы бар пациенттерді емдеу
- егер ауру тудыратын бактериялардың ықтимал диапазоны, оның бактерияға қарсы аумағы шегінде болмаған кезде, басқа бактерияға қарсы дәрілермен бірге
Бактерияға қарсы заттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескерген жөн.