Қолдану көрсеткіштері
Цефтазидим ересектердегі және жаңа туған нәрестелерді (туғаннан бастап) қоса, балалардағы цефтазидимге сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
ауруханаішілік пневмонияда
муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекцияларында
бактериялық менингитте
созылмалы іріңді ортаңғы отитте
некроздайтын (қатерлі) сыртқы отитте
несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында
тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында
асқынған интраабдоминальді инфекцияларда
сүйектер мен буындардың инфекцияларында
тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализбен (ТАПД/CAPD) байланысты перитонитте
жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты бактериемияларда
бактериялық инфекцияларға күдік туған кезде фебрильді нейтропениясы бар пациенттерді емдеу үшін
қуықасты безіне жасалатын операциялар (трансуретральді резекция) кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін
аэробты грамтеріс бактериялардан туындаған инфекцияларда
егер болжамды бактериялар оның әсер ету ауқымына тура келмесе, бактерияға қарсы басқа препараттармен біріктірілімде