Қолдану көрсеткіштері
Препарат ересектер мен балаларда қолдануға көрсетілген.
Цефтриаксонға сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулар:
- ауруханадан тыс (ауруханалық емес) пневмония
- ауруханаішілік пневмония
- жедел ортаңғы отит
- құрсақ қуысы ағзаларының инфекциялары
- кіші жамбас ағзаларының инфекциялары
- сүйектердің және буындардың инфекциялары
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (пиелонефритті қоса)
- соз
- мерез
- бактериялық менингит
- бактериялық эндокардит
Препарат мыналарда қолданылуы мүмкін:
- ересектерде өршу сатысындағы өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларын (ӨСОА) емдеу үшін
- кең таралған Лайм боррелиозын емдеу үшін (ересектерде және 15-күндік жаңа туған нәрестелерді қоса, балаларда аурудың ерте (II) және кеш (III) сатыларында)
- хирургиялық араласым аймағында инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы үшін
- шамамен бактериялық сипаттағы нейтропениясы бар науқастарда қызба жағдайларында
- жоғарыда берілген инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе шамамен байланысты болуы мүмкін, бактериемиясы бар пациенттерге енгізгенде цефтриаксонды, егер қоздырғыштардың ықтимал ауқымы оның бактерияларға қарсы белсенділігі ауқымына жатпаса, бактерияларға қарсы басқа дәрілермен бірге қолдануға болады. Мұндайда бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі нұсқауларды ескеру қажет