Қолдану көрсеткіштері
Кортикостероидтармен емдеуге жауап беретін көздің алдыңғы сегментінің инфекциялық емес қабынуы (ириттер мен увеиттерді қоса алғанда).

- дексаметазонға және препараттың кез келген басқа ингредиенттеріне жоғары сезімталдық
- көздің вирустық және зеңдік аурулары
- көздің іріңді аурулары (микробқа қарсы қосымша емсіз)
- трахома
- жоғары көзішілік қысым
- мөлдір қабық эпителий бүтіндігінің зақымдануы
- көз туберкулезі
- жүктілік, лактация кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препараттың құрамына бензалконий хлориді, микробқа қарсы консервант кіреді, ол жұмсақ жанаспалы линзалармен сіңірілуі мүмкін. Сондықтан жанаспалы линзаларды (жұмсақ) кию кезінде препаратты қолдануға болмайды. Препаратты қолданғанға дейін линзаларды алып тастау қажет және оларды тамызғаннан кейін 15 минуттан кейін ғана тағу керек.
Препаратты басқа офтальмологиялық тамшылармен бірге пайдаланған кезде, тамызулар арасындағы аралықты кем дегенде 15 минут сақтау қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Идоксуридинмен ұзақ уақыт қолданғанда мөлдір қабықтың эпителийінде деструктивті үдерістердің күшеюі мүмкін.
Дексаметазон барбитураттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Фенитоинді дексаметазонмен бірге қолдану соңғысының концентрациясының төмендеуіне әкеледі.
Варфаринді дексаметазонмен бірге қолдану қан кету қаупін арттырады.
Жергілікті қолданудың әдеттегі режимінде доза индукцияны немесе бауыр ферменттерінің қанығуын туғызу үшін жеткіліксіз.
Бірге қолдану: диуретиктермен (әсіресе "тиазидті" және карбоангидраза тежегіштерімен) және В амфотерицинмен ағзадан калийдің (K+) шығарылуын күшейтуіне және жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін; жүрек гликозидтерімен - олардың төзімділігі нашарлайды және қарыншалық экстрасистолияның даму ықтималдығы жоғарылайды (пайда болған гипокалиемияның салдарынан); этанолмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) - асқазан-ішек жолдарында эрозивті – ойық жаралы зақымданулардың пайда болу қаупі күшейеді.
Эстрогендер мен пероральді құрамында эстроген бар контрацептивтер дексаметазон клиренсін төмендетеді, бұл оның әсерінің айқындылығын күшейтумен қатар жүреді.
Дексаметазонмен бірге аритмияға қарсы препараттарды қолдану соңғысының тиімділігінің азаюына әкелуі мүмкін
Арнайы ескертулер
Суспензияны ұзақ немесе үлкен дозаларда қолдану препараттың жүйелі абсорбциясын арттырады, сондай-ақ кейбір пациенттерде көз гипертензиясына, мөлдір қабықтың немесе көзбұршағының ауруларына әкелуі мүмкін.
Көзішілік қысымның жоғарылауы, оған бейім пациенттерде әдеттегі дозаны қолданғаннан кейін де байқалуы мүмкін.
Кортикостероидтармен офтальмологиялық емді ұзақ уақыт алған пациенттерде көзішілік қысымды үнемі және жиі тексеріп отыру керек.
Дексаметазон допингке тест жасағанда жалған оң нәтижесіне әкелуі мүмкін.
Кортикостероидтар бактериялық, вирустық, зеңдік немесе паразиттік инфекцияларға төзімділігін төмендетеді және олардың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ инфекцияның клиникалық белгілерін бүркейді.
Мөлдір қабықта ойық жаралардың пайда болуы зеңдік инфекцияның дамуын көрсетеді. Зеңдік инфекциясы пайда болған кезде кортикостероидтармен емдеуді тоқтату қажет.
Дексаметазонды ұзақ қолданғанда жаралардың жазылу үдерісін баяулатуы мүмкін. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) бір мезгілде қолдану немесе жүйелі кортикостероидтармен емдеу жарақаттардың жазылуын кідіртуі мүмкін.
Мөлдір қабықта немесе ақ қабықтың жұқаруына әкелетін аурулар кезінде стероидтарды пайдалану тесілуді тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, кортикостероидтарды офтальмологиядағы емде ұзақ уақыт қолдану көзішілік қысымның жоғарылауына және соның салдарынан глаукомаға, көру жүйкесінің зақымдануына, көру өткірлігінің төмендеуіне және көру өрісінің ақауларына әкелуі мүмкін.
Көзге тамызатын Дексаметазон дәрісімен емдеу кезінде пациенттер көзішілік қысымды ұдайы өлшей отырып, тұрақты медициналық бақылауда болуы тиіс. Бұл балалар мен жасөспірімдерде өте маңызды, өйткені кортикостероидтар туындатқан көзішілік қысымның жоғарылауы ересектерге қарағанда тезірек дамуы мүмкін.
Балаларды қоса бейім пациенттерде және CYP3A4 тежегіштерімен (ритонавир мен кобицистатты қоса алғанда) ем қабылдаған пациенттерде қарқынды немесе үздіксіз ұзақ емнен кейін Иценко-Кушинг синдромы және/немесе бүйрек үсті безінің функциясының тежелуі дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты бірден емес, біртіндеп дозаны төмендету арқылы тоқтату керек.
Көзбұршағының жоғары өткізгіштігі артқы субкапсулалы катарактаның пайда болуына әкелуі мүмкін. Катарактаның пайда болу қаупі бейім пациенттерде, мысалы, диабеті бар, әсіресе І типті диабеті бар пациенттерде артады.
Глюкокортикоидтардың жүйелі әсерлері жоғары дозаларда ұзақ емделген жағдайда жоққа шығаруға болмайды.
Дексаметазон, көзге тамызатын дәрі суспензияны мұқият офтальмологиялық тексеруден кейін ғана тағайындалуы керек.
Препарат Шегрен синдромы кезінде кератоконъюнктивитті емдеу үшін тиімді емес.
Педиатрияда қолдану
Препараттың құрамында бензалконий хлоридінің болуына байланысты қосымша ретінде дәрілік зат 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көзге тамызатын басқа дәрілер сияқты, препаратты тамызғаннан кейін көзден жас ағуы және көздің бұлдырауы мүмкін, сондықтан оны көлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу алдында тікелей қолдануға болмайды.
Инстилляциядан кейін 30 минут ішінде жоғары назар аударуды талап ететін жұмыстардан бас тарту қажет.

Дозалау режимі
Тамызар алдында қолды тазалап жуыңыз.
Қолданар алдында құтыны сілкіңіз!
8 жастан асқан ересектер, жасөспірімдер және балалар
Көздің конъюнктивальді қапшығына әдетте күніне 2-4 рет 1-2 тамшысын жергілікті тамызады. Ауыр ауруларда сағат сайын тамызуға, дозаны емдеу үдерісіне сәйкес біртіндеп азайтуға болады.
Тамызғаннан кейін мұрынкөзжасы арнасын қысу немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді.
Құтының ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек.
Егер емнің 7-8 күнінен кейін жақсару байқалмаса, емдік шараларды таңдауды қайта қарау қажет.
Енгізу жолы және әдісі
Препарат тек конъюнктивальді қапшыққа жергілікті қолдануға арналған.
Көзішілік инъекция үшін қолдануға болмайды.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Офтальмологиялық қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі (жергілікті көріністер).
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау керек. Көз/көзді мол мөлшерде жылы сумен жуу қажет. Арнайы антидот жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу ұсынылады
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек
Сыйымдылығы 5 мл немесе 10 мл, бұралатын қақпағымен тамшылатқыш-тығыны және сақтандырғыш сақинасы бар ақ полиэтилен құтыларда 5 мл немесе 10 мл препараттан.
Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану мерзімін 4 аптадан асыруға болмайды.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.