Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауыруды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу:
- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқаның ауыруында
- ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартрит
- шеткері буындардың остеоартроздарын симптоматикалық емдеуге арналған (мысалы, тізе немесе қол саусақтары)