Құрамы
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат – 18,9 мг бензалконий хлоридіне сәйкес 37,8 мг бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі
қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, қатты май, Витепсол S51
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат – 18,9 мг бензалконий хлоридіне сәйкес 37,8 мг бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі
қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, қатты май, Витепсол S51
Жергілікті контрацепцияның бұл әдісі контрацепцияны қажет ететін кез келген әйелге арналған, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
гормональді контрацептивтер немесе жатырішілік спиральді (ЖІС) қолдануға уақытша немесе нақты қарсы көрсетілімдер болғанда
босанудан кейінгі кезеңде, бала емізу кезінде, менопауза алдындағы кезеңде
жүктіліктен эпизодты сақтану қажеттілігінде
қынаптық тығынды (диафрагма, жатыр мойнының қақпағы), ЖІС (әсіресе, ҚҚСП сияқты дәрілік заттармен ұзақ мерзімді емдеу жағдайында) пайдаланылғанда қосымша жергілікті контрацепция ретінде
таблетканы қабылдауды өткізіп алған немесе кешіктірілген жағдайда пероральді контрацептивтерді үнемі қолданған кезде қосымша жергілікті контрацепция ретінде. Бұл жағдайда контрацепцияның екі әдісін де етеккір оралымының қалған күндері бойына бірге қолдану ұсынылады.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- кольпит, вагинит
- қынап пен жатырдың шырышты қабығының ойық жаралануы және тітіркенуі
- психикасы бұзылған тұлғаларда немесе контрацептив пайдалануға кедергі келтіретін, жыныс мүшелеріне жасалатын кез келген араласуларға жол бермейтін тұлғаларда Фарматексті дұрыс қолдану мүмкін болмағанда
- контрацепцияның осы түрін түсінбейтін немесе келіспейтін кез келген тұлғаға.
Фарматекс® оны дұрыс қолданған жағдайда жүктіліктен сақтануда тиімді препарат болып табылады. Алайда, спермицидтік жергілікті контрацепцияның, гормональді контрацепциямен, жатырішілік контрацептивтермен, диафрагмамен, цервикальді қалпақша немесе мүшеқаппен салыстырғанда әрқашан тиімділігі аздау.
Контрацепцияның тиімділігі тек қана оны пайдалану ережелерін қатаң қадағалауға байланысты.
• Әр жыныстық қатынас алдында жүйелі түрде қолдану керек.
• Жыныстық қатынастан 2 сағат бұрын және жыныстық қатынастан кейінгі 2 сағат ішінде жыныс мүшелерін жуып-шаю үшін сабынды пайдалануға тыйым салынады, өйткені сабын, тіпті қалдық мөлшерінде де Фарматекстің әсер етуші затын ыдыратады.
• Жыныстық қатынастан кейін бірден жыныс мүшелерінің сыртынан ғана тек жай сумен жуып-шаюға болады. Қынапты бүркіп-шаймас бұрын жыныстық қатынастан кейін 2 сағат күте тұру керек.
• Қынапқа енгізілген Фарматекспен, оның контрацептивтік әсерінің төмендеуін болдырмас үшін, ванна қабылдауға, теңізде, бассейнде және су қойнауларында шомылуға болмайды.
• Егер қынап ауруларын емдеу қажеттілігі туындаған және/немесе қынаптық кез келген басқа дәрілік зат тағайындалған жағдайда Фарматекс көмегімен контрацепцияны жаңғыртпас (бастау) бұрын, емнің аяқталуын күте тұру қажет.
• Контрацепцияның бұл әдісі жыныс жолымен берілетін немесе адамның иммунтапшылығы вирусы туындатқан инфекциялардан қорғамайды. Мұндай аурулардан қорғайтын бөгеттік контрацепцияның бір ғана әдісі бар – ол мүшеқап.
Қынапқа енгізілген кез келген дәрі Фарматекстің жергілікті спермицидтік әсерінің белсенділігін жоя алады. Әсер етуші зат – бензалконий хлориді сабынмен ыдырайды, сондықтан жыныс мүшелерін жуып-шаюға, тіпті өте аз мөлшерде де сабынды пайдалануға тыйым салынады.
Дозалау режимі
Шалқадан жатқан қалыпта, жыныстық қатынасқа дейінгі 5 минуттан кешіктірмей суппозиторийді қынап ішіне тереңірек енгізеді.
Енгізу әдісі және жолы
Қынапқа қолдануға арналған.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Препараттың әсер ету ұзақтығы – 4 сағат. Әр қайталанған жыныстық қатынастың алдында міндетті түрде жаңа суппозиторий енгізу керек.
Бір реттік доза: бір суппозиторий бір жыныстық қатынасқа есептелген. Пайдалану дүркінділігі әсер етуші затқа жекелей төзімділікпен және жыныстық қатынастар жиілігімен шектелген.
Фарматексті қынаптық диафрагмамен немесе ЖІС бірге қолдануға болады.
Жыныстық қатынастан кейін бірден жай сумен сыртқы жыныс мүшелерін ғана тазалауға болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайы анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты әрдайым осы нұсқаулықта сипатталғандай, немесе дәрігердің немесе фармацевтің ұсынымдарымен дәл қабылдаңыз.
Артық дозалану жағдайы анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты әрдайым осы нұсқаулықта сипатталғандай, немесе дәрігердің немесе фармацевтің ұсынымдарымен дәл қабылдаңыз.
5 суппозиторийден тығыздығы төмен полиэтиленмен қапталған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден