Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - флутиказон пропионаты 50 мкг, 125 мкг немесе 250 мкг.
қосымша заттар: GR106642X (1,1,1,2-тетрафторэтан немесе HFA 134a, құрамында фреон жоқ).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті суспензия.
Шығарылу түрі және қаптамасы
60 доза (125 мкг доза үшін) немесе 120 доза (50 мкг және 250 мкг доза үшін) препараттан бүріккішпен және қорғағыш қақпақпен жабдықталған, пластик дозалағыш құрылғыға орналастырылған, ойық негізі бар алюминий қорытпасынан жасалған баллонға салынады.
1 баллоннан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ингаляторды мұздатып қатыруға болмайды және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Глаксо Вэллком С.А., Испания
(Avenida de Extremadura 3, 09400 Aranda de Duero, Бургос)
Тел.: +34-94-752-95-00
Эл.пошта: ES-PT-IL.CPA@gsk.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
ГлаксоСмитКляйн С.А., Испания
(Severo Ochoa 2, 28760-Tres Cantos (Мадрид))
Тел.: +34 918 070 310
Эл.пошта: ES-PT-IL.CPA@gsk.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ГСК Қазақстан» ЖШС
050059, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 273
Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96
Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90
Электронды пошта: kz.safety@gsk.com (қауіпсіздік), (сапаға шағымдар, медициналық ақпарат сұрату)