Қолдану көрсеткіштері
Флузамед ересектерде келесі ауруларды емдеуге көрсетілген:
- криптококкты менингит;
- кокцидиоидомикоз;
- инвазиялық кандидоз;
- шырышты қабықтар кандидозы, ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозын, кандидурия мен терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозын қоса;
- тіс гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кездегі ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін тағумен байланысты);
- жедел және қайталамалы қынаптық кандидзозда жергілікті емдеу қолайсыз болғанда;
- кандидозды баланитте жергілікті емдеу қолайсыз болғанда;
- жүйелі емдеуге көрсетілімдер кезіндегі табанның, тегіс терінің, шат аралығының дерматофитиясын қоса, дерматомикоздар, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары;
- тырнақ дерматомикозы (онихомикоз). басқа дәрілік заттарды тағайындау қолайсыз болғанда
Флузамед ересектерде келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген:
- қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы;
- қайталану қаупі жоғары АИТВ бар пациенттерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы;
- қынаптық кандидоз қайталануларының (жылына 4 немесе одан көп көріністер) туындау жиілігін төмендету үшін;
- ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (химиялық емнен өткізілген қатерлі гематологиялық аурулары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан өткен пациенттер сияқты) кандидозды инфекциялар.
Мерзіміне жетіп туған нәрестелер, сәбилер, кіші және орта жастағы балалар, жасөспірімдерде (0-ден 17 жасқа дейін):
Флузамед иммунитеті әлсіреген пациенттерде кандидозды шырышты қабықтар кандидозын (ауыз-жұтқыншақ, өңеш), инвазиялық кандидоз, криптококкты менингитті емдеу үшін және кандидозды инфекциялардың профилактикасында қолданылады. Флузамедті қайталану қаупі жоғары балаларда криптококкты менингит қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде пайдалануға болады.
Емдеуді өсірінділік және өзге зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алуға дейін бастауға болады. Нәтижелерді алудан кейін инфекцияға қарсы емді тиісті үлгіде түзету керек.
Зеңге қарсы дәрілерді талапқа сай қолдану жөніндегі ресми нұсқаулардың ақпаратын ескеру керек.