Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде:
- темір/фолий тапшылығы анемиясын емдеу және алдын алуда
- жүктілік және лактация кезеңінде әйелдердегі темірдің жасырын тапшылығы және/немесе бір мезгілдегі фолий қышқылы тапшылығында.
Ересектерде:
- темір/фолий тапшылығы анемиясын емдеу және алдын алуда
- жүктілік және лактация кезеңінде әйелдердегі темірдің жасырын тапшылығы және/немесе бір мезгілдегі фолий қышқылы тапшылығында.
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- темірмен қанығу, атап айтқанда рефрактерлік анемия сияқты нормо- немесе талассемия, гиперсидеремиялық анемия
- гемолиздік анемия
- гемосидероз
- гемохроматоз
- апластикалық анемия
- В12 дәруменінің тапшылығымен байланысты мегалобластық анемия
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Таблетканы бүтіндей жұту керек. Таблетканы соруға, кеміруге немесе ұзақ уақыт бойы ауызда ұстауға болмайды. Асқазан-ішек төзімділігіне байланысты үлкен стақан су ішіп, тамақтану кезінде немесе алдында («Басқа дәрілік препараттармен және тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі» және «Арнайы ескертулер» бөлімдерінде аталған нақты өнімдерді қоспағанда) қабылдайды.
Басқа дәрілік препараттармен және тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Темір (тұздар) (парентеральді енгізу үшін)
Темір тұздарының инъекциялық формаларын бір мезгілде енгізу естен тану жағдайын және тіпті темірдің оның кешенді жай-күйінен тез босатылуынан және трансферриннің қанығуынан туындаған шок тудыруы мүмкін.
Назарға алынуы тиіс біріктірілімдер
Ацетогидроксам қышқылы
Темірді хелаттау жолымен екі дәрілік препараттың асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Пайдалану сақтықпен жүзеге асырылатын біріктірілімдер
Бисфосфонаттар
Нашар сіңірілетін кешендердің пайда болуына байланысты бисфосфонаттардың асқазан-ішек сіңірілуінің төмендеуі.
Темір тұздарын бисфосфонаттармен бір мезгілде қабылдамаңыз (бисфосфонатқа байланысты мүмкіндігінше, 30 минуттан 2 сағатқа дейін аралықты ұстаңыз).
Циклиндер (пероральді)
Циклиндер мен темірдің асқазан-ішекте сіңуінің төмендеуі.
Темір тұздарын циклиндермен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Фторхинолондар
Фторхинолондардың асқазан-ішекте сіңуінің төмендеуі.
Темір тұздарын фторхинолондармен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Пеницилламин
Пеницилламиннің асқазан-ішекте сіңуінің төмендеуі.
Темір тұздарын пеницилламинмен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Энтакапон
Темірді энтакапонмен хелаттау жолымен энтакапонның асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Темір тұздарын энтакапонмен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Қалқанша без гормондары
Қалқанша без гормондарының асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Қалқанша без гормондарын темірді қабылдаған уақытта қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Кальций
Темір тұздарының асқазан-ішекте сіңуінің кальций туындатқан төмендеуі.
Темір тұздарын тамақпен немесе кальциймен бір мезгілде қабылдамаңыз.
Цинк, Стронций
Стронцийдің, мырыштың асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Темір тұздарын мырышпен және стронциймен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Метилдопа, Леводопа, Карбидопа
Дофамин туындыларының асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Темір тұздарын метилдопамен, леводопамен, карбидопамен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Магний, алюминий және кальций тұздары, оксидтер және гидроксидтер (асқазан-ішек минералдық препараттар)
Темір тұздарының асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Темір тұздарын асқазан-ішектік минералды препараттармен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Холестирамин
Темірдің асқазан-ішектен сіңірілуін азайтады.
Темір тұздарын холестираминмен бір мезгілде қабылдамаңыз (мысалы, қабылдауға дейін 1 - 2 сағат бұрын немесе қабылдаудан кейін 4 сағаттан соң).
Фенобарбитал, примидон, фенитоин, фосфенитоин
Бауырдағы метаболизмінің ұлғаюына байланысты плазмадағы құрысуға қарсы препараттың концентрациясының төмендеуі, оның ішінде фолий қышқылы ко-фактор болып табылады. Фолий қышқылын қабылдау кезінде және одан кейін клиникалық мониторинг, плазмадағы құрысуға қарсы дәрілердің концентрациясын бақылау және эпилепсияға қарсы дозаны бейімдеу қажет.
Метотрексат, Сульфасалазин - фолий қышқылының антагонистері болып табылады.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Фитин қышқылдары (тұтас дәнді жармалар), бұршақ, полифенолдар (шай, кофе, қызыл шарап), кальций (сүт, сүт өнімдері) және белгілі бір ақуыздар (жұмыртқа) темірдің сіңірілуін айтарлықтай басады.
Темір тұздарын осы азық-түлік өнімдерімен бір мезгілде қабылдамаңыз (мүмкіндігінше 2 сағаттан артық аралық қалдырыңыз).
Егер сіз басқа дәрі қабылдасаңыз немесе жақында қабылдаған болаңыз, және егер бұл дәрі дәрігердің нұсқауынсыз қабылданса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлаңыз.
Дозалау режимі
Темір және фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы, жүктілік кезінде орташа анемияны емдеу – жүктіліктің соңғы екі триместрі ішінде тәулігіне 1 таблеткадан (немесе 4-ші айдан).
Темір мен фолий қышқылының ауыр тапшылығын емдеу – күніне екі рет таңертең және кешке 1 таблеткадан.
Лактация кезеңінде – бүкіл лактация кезеңінде, таңертең, күніне 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы бүтіндей жұту керек. Таблетканы соруға, кеміруге немесе ұзақ уақыт бойы ауызда ұстауға болмайды. Асқазан-ішек төзімділігіне байланысты үлкен стақан су ішіп, тамақтану кезінде немесе алдында («Басқа дәрілік препараттармен және тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі» және «Арнайы ескертулер» бөлімдерінде аталған нақты өнімдерді қоспағанда) қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Темір тапшылықты анемияны емдеу:
Емдеу ұзақтығы анемияны түзету және темір қорын қалпына келтіру үшін жеткілікті болуы тиіс. Емдеу кемінде 3-6 айға созылуы мүмкін және дәрігермен кеңескеннен кейін ұзартылуы мүмкін.
Жүктілік кезінде темір мен фолий қышқылының тапшылығын профилактикалық емдеу үшін:
Жүктіліктің соңғы екі триместрінде (немесе 4-ші айдан).
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Препараттың ұсынылатын дозаларын қабылдау Гино-Тардиферонмен артық дозалануға әкелуі мүмкін емес.
Әсіресе балаларда, көп мөлшерде жұту нәтижесінде темір тұздарымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған.
Артық дозалану симптомдары асқазан-ішек жолдарының тітіркену белгілерін қамтиды, олар іш ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея; жүрек-қантамырдан болатын шок немесе бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігімен жалғасатын метаболизмдік ацидоз симптомдарымен (жиі немесе қысқа тыныс алу, жүрек соғуының жиілеуі, бас ауыруы, сананың шатасуы, ұйқышылдық, шаршау, тәбеттің болмауы, құсу) қатар жүреді. Егер сіз тым көп Гино-Тардиферон қабылдаған болсаңыз, сіз дереу дәрігерге немесе жақын арада тиісті ем алу үшін шұғыл көмек көрсету бөлімшесіне жүгінуіңіз керек.
Емді мүмкіндігінше тезірек, асқазанды натрий бикарбонатының 1% - қ ерітіндісімен шаю арқылы бастау керек.
Сарысудағы темір концентрациясына байланысты хелаттаушы агентті пайдалану ұсынылады, олардың ішіндегі ең ерекшесі дефероксамин болып табылады. Шокты, сусыздануды және қышқылдық-сілтілік теңгерімсіздікті стандартты емдеу әдістерін пайдалана отырып емдейді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Егер сіз әдеттегі уақытта таблетканы қабылдауды ұмытып кетсеңіз, оны еске түскенде қабылдаңыз, бірақ келесі доза үшін уақыт келіп қалса, ұмытылған таблетканы қабылдамаңыз, келесі таблетканы әдеттегі тәсілмен қабылдаңыз. Гино-Тардиферонды емдеуші дәрігер тағайындағандай уақытқа дейін пайдалану керек. Емді мерзімінен бұрын тоқтатқаннан кейін бұзылыс қалпына келуі мүмкін.
10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.