daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Глутаргин Ампуласы 40 Мг/мл 5 Мл №10 | Здоровье ФК ООО

Таразе қаласындағы Глутаргин Ампуласы 40 Мг/мл 5 Мл №10 | Здоровье ФК ООО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Аргинин

Өндіруші:

Здоровье ФК ООО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

40 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді ем құрамында:

- әр түрлі этиологиядағы жедел және созылмалы гепатиттерде (оның ішінде инфекциялық аурулар кезінде реактивті)

- гепатотропты улармен улануда (бозғылт арамқұлақ, химиялық және дәрілік заттармен)

- бауыр циррозында

- бауыр энцефалопатиясында

- орташа және ауыр дәрежедегі жедел алкогольді уыттануда

- жүктіліктің III триместріндегі асқынуларда (кешеуілдеген гестоз, оның ауыр түрлері – преэклампсия мен эклампсияны қоса, фетоплацентарлық жеткіліксіздік, жүкті әйелдердегі гепатобилиарлық жүйенің созылмалы патологиялары)

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қызба жағдайы

- жоғары қозғыштық және жедел психоздар

- бүйректің сүзгіш (азот бөлінуінің) функциясының ауыр бұзылулары

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Асқынулардың алдын алу үшін дәрігердің қатаң нұсқауы бойынша қолданыңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда аминофиллин қандағы эндогендік инсулин концентрациясының жоғарылауын күшейтеді. Глутаргин антиагрегациялық дәрілердің (дипиридамолдың) әсерін күшейтуі мүмкін. Изониазидті қолдану кезінде туындауы мүмкін нейроуытты құбылыстардың алдын алады және әлсіретеді. Винбластин әсерін әлсіретеді.

Үйлесімсіздігі.

Деректер жоқ. Тек ұсынылған еріткіштерді ғана қолдану керек.

Арнайы ескертулер

Эндокриндік бездерінің функциясы бұзылған пациенттерге препаратты тағайындағанда препараттың инсулин мен өсу гормондары секрециясын стимуляциялайтынын ескерген жөн. Препарат мочевинада аммиактың байланысын белсендіреді, бұл талапқа сай қанда оның деңгейінің қысқа мерзімді жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Глутаргин ерітіндісімен емдеу курсынан кейін, қажет болса, Глутаргин таблеткаларын қабылдауға ауысуға болады.

Педиатрияда қолдану

Препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген, сондықтан препаратты пациенттердің осы жас санатындағыларға қолданбаған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезеңінде жүктіліктің I және II триместрінде және бала емізу кезінде препаратты клиникалық қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеу кезінде ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар (бас ауыру, бас айналу, тремор) туындауы мүмкін болғандықтан, автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарғанда сақ болған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препаратты ересектерге вена ішіне тағайындайды.

Жедел және созылмалы гепатиттер, гепатотропты улармен улану, бауыр циррозы, бауыр энцефалопатиясы. Тәулігіне 2 рет 150-250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне минутына 60-70 тамшы жылдамдықпен 50 мл-ден (2 г) тамшылатып енгізеді. Ауыр жағдайларда препараттың тәуліктік дозасын 150-200 мл (6 - 8 г) дейін жоғарылатады. Емдеу курсы – 5-10 тәулік. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 200 мл (8 г).

Алкогольдік уыттану. Тәулігіне 2 рет 2–3 күн бойы, 150–250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 20 мл-ден (0,8 г) тағайындайды, минутына 60–70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді, содан соң дозаны 10 күн бойы тәулігіне 2 рет 10 мл-ге (0,4 г) дейін азайтады. Ауыр жағдайларда (алкогольдік комада) тәуліктік доза тәулігіне 2 рет 50 мл-ге (2 г) дейін көтеріледі.

Глутаргин ерітіндісімен емдеу курсынан кейін қажет болғанда Глутаргин таблеткаларын қабылдауға ауысқан жөн.

ІІІ триместрдегі жүктілік патологиясы. Тәулігіне 1-2 рет 150-250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 50 мл-ден (2 г) минутына 60-70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді. Емдеу курсы – 5-7 тәулік. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мл (4 г).

Пациенттердің ерекше тобы

Балалар

Препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген, сондықтан препаратты пациенттердің осы жас санатындағыларға қолданбаған жөн.

Енгізу әдісі және жолы

Препаратты вена ішіне тағайындау керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қабылдау жиілігі көрсетілімдері мен пациенттің жағдайына байланысты жеке белгіленеді.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен пациенттің жағдайына байланысты жеке белгіленеді.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі, кеуде қуысы аймағының ауыруы, атриовентрикулярлық бөгет.

Емі: артық дозаланған жағдайда - кортикостероидтарды вена ішіне енгізу. Емі симптоматикалық.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Егер сіз дозаны қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесі дозаларды дәрігер ұсынған емдеу режиміне сәйкес қабылдаңыз. Одан әрі дәрігердің ұсыныстарына сәйкес препаратты қабылдауды жалғастырыңыз. Қабылдауды ұмытып кеткеннің орнын толықтыру үшін препараттың қос дозасын қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Сирек:

ентігу, кеуде қуысының ауыруы, гипертермия, қалтырау.

жыпылықтайтын аритмия түріндегі жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық гипотензия, тахикардия.

жүрек айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы.

бас ауыруы, бас айналуы, тремор, әлсіздік.

қышыну, тері бөртпелері, гиперемия.

аса жоғары сезімталдық реакциясы, соның ішінде есекжем, Квинке ісінуі.

енгізу орынындағы өзгерістер, флебит.

Шығарылу түрі

5 мл препараттан I класты шыны ампулаларға құйылады.

Ампулаға бояумен таңбалау мәтіні немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, керамикалық кескіш дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге аралық бөлігі бар картон қорапқа салынады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

5 ампуладан 1 және 2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, керамикалық кескіш дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынады.

Препаратты сындыру сақинасы немесе нүктесі мен кертігі бар ампулаларға қаптағанда керамикалық кескіш дискісі немесе ампулалық керамикалық пышақты салмауға болады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыглутаргин ампуласы 40 мг/мл 5 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube