Құрамы
Бір құтының ішінде:
белсенді зат – метилэтилпиридинол гидрохлориді, 50 мг,
қосымша заттар: сусыз натрий сульфиті Е 221, натрий бензоаты Е 211, калий дигидрофосфаты, динатрий фосфат дигидраты, инъекцияға арналған су.
Бір құтының ішінде:
белсенді зат – метилэтилпиридинол гидрохлориді, 50 мг,
қосымша заттар: сусыз натрий сульфиті Е 221, натрий бензоаты Е 211, калий дигидрофосфаты, динатрий фосфат дигидраты, инъекцияға арналған су.
- көздің алдыңғы камерасына қан кету (емдеу)
- егде жастағы адамдарда склераға қан құйылу белгілері (емдеу және алдын алу)
- қабынудың және қабақтың күйіп қалуының себептері (емдеу және алдын-алу)
- контактілі линзаларды кию кезіндегі асқынулар (емдеу).
- метилэтилпиридинол гидрохлоридіне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік
- лактация
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Кез-келген контактілі линзаларды препаратты тамызар алдында алып тастау керек және одан кейін 20 минуттан ертерек киюге болмайды.
Эмсибел препаратын басқа дәрілік препараттармен емдеу аясында қолданғанда жағымсыз көріністер сипатталмаған.
Басқа көз тамшыларын бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда препарат алдыңғы дәрілік препарат толық сіңірілгеннен кейін (кемінде 15 минуттан кейін) соңынан тамызылады.
Эмсибелді басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Арнайы ескертулер
Эмсибел препаратының құрамында натрий бензоаты Е 211 бар. Теріні, көзді және шырышты қабықтарды аздап тітіркендіруі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолдану
Жеткілікті деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде дәрілік препаратты қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Лактация кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Эмсибелдің фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көз тамшыларын қолданғаннан кейін қысқа мерзімді күйдіру сезімі және қышу болуы мүмкін. Дәрілік препаратты қолданғаннан кейін 15-20 минут ішінде автокөлікті басқарудан бас тарту қажет. Препарат психомоторлық реакциялардың жылдамдығына әсер етпейді.
5 мл препараттан резеңке тығындармен тығындалған және алюминий немесе аралас қалпақшалармен немесе пластик жапсырмасы бар алюминий қалпақшалармен оралған шыныдан жасалған құтыларға. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан тамшылатқыш қақпақпен және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен (қосымша парақпен) бірге қазақ және орыс тілдерінде картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ашылған құтыны жарықтан қорғалған жерде, 15 ˚С-ден 25 ˚С-ге дейінгі температурада 4 апта бойы сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.