Қолдану көрсеткіштері
Капоксин дәрілік препараты ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу
Төменде аталған инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілер пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана Капоксин препаратын қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит
- бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит.
Сондай-ақ Капоксин препаратын вена ішіне левофлоксацин енгізумен старттық ем жүргізуден кейін жай-күйі жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға болады.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды қадағалау қажет.