daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Лидокаин Ампула Гидрохлориді 1% 3,5 Мл №5 | Химфарм АО

Таразе қаласындағы Лидокаин Ампула Гидрохлориді 1% 3,5 Мл №5 | Химфарм АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Лидокаин

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: 0,1 М натрий гидроксиді ерітіндісі (рН 5.0-7.0 дейін), инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

1%, 3.5 мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді, 1%, 3,5 мл

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат – 35 мг лидокаин гидрохлориді (100 % затқа шаққанда)

қосымша заттар: 0,1 М натрий гидроксиді ерітіндісі (рН 5.0-7.0 дейін), инъекцияға арналған су.

Қолдану көрсеткіштері

- ересектер мен 1 жастан асқан балаларға аймақтық анестезия жүргізу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заты лидокаин гидрохлоридіне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- лидокаинді амид типті жергілікті анестетиктерге сезімталдығы аса жоғары пациенттерге қолдануға болмайды.

- жергілікті анестетиктерді кардиогендік және гиповолемиялық шок түрінде көрініс беретін айқын гипотониясы бар пациенттерде эпидуральді анестезия үшін қолдануға болмайды.

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Арнайы нұсқаулар

Бұл дәрілік препараттың құрамында натрий гидроксиді ерітіндісі бар. Мұны тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындағанда ескеру керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Лидокаин гидрохлориді жүкті әйелдердің немесе бала көтеруге қабілетті әйелдердің көпшілігіне енгізілген: ешқандай спецификалық репродуктивті бұзылулар тіркелген жоқ, ақаулардың пайда болу жиілігінің жоғарылауы байқалмады.

Парацервикальді блокада жағдайында жергілікті анестетиктердің шаранаға әсері (брадикардия) кеңірек таралған.

Ондай әсері, шарана анестетиктің жоғары концентрацияларына ұшырайтындығы себепті орын алады.

Лидокаин ана сүтіне өтеді. Лидокаин гидрохлоридінің емшектегі баланың денсаулығына теріс әсер ету ықтималдығы аз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жергілікті анестетиктер ақыл-ой қабілеттілігіне болар-болмас әсер етуі және қимыл-қозғалыс үйлесімін уақытша бұзуы мүмкін. Мұндай әсері дозасына тәуелді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

Төмендегі кестеде нұсқау ретінде ересек адам үшін орташа алғанда жиірек пайданылатын әдістерде қолданылатын дозалауы келтірілген. Сандар дозалаудың орташа қажетті және күтілетін шегін көрсетеді. Бөгеудің нақты әдістеріне қатысты факторларды және нақты бір пациентке қолданылатын талаптарды ескеру үшін стандартты анықтамалық материалдарға жүгіну керек.

Қажетті дозасын есептеп шығару кезінде клиницистің тәжірибесінің, сондай-ақ пациенттің клиникалық жай-күйін білуінің маңызы зор. Жеткілікті анестезия жүргізу үшін қажетті ең төмен дозасын пайдалану ұсынылады. Препараттың әсерлері мен әсер ету ұзақтығы әрбір нақты пациентті ескере отырып дозаларының өзгертілуіне тәуелді.

Ұсынылатын дозалары

Жергілікті инфильтрациялық анестезияда ең жоғары дозасы 200 мг аспауы тиіс.

Аймақтық анестезия кезінде (каудальді, эпидуральді, плексиялық, жақ сүйектің төменіне) ең жоғары дозасы 400 мг аспауы тиіс. Концентрациясы көбірек ерітінділер анальгезияның қарқындылығын ұлғайтады. Эпидуральді анестезияда акушерлік араласым кезінде дозаны екі есе азайту ұсынылады.

Акушерлік анальгезия үшін 10 мг/мл-ден кем немесе оған тең концентрация ерітіндісін, ал кесарь тілігі үшін 10 мг/мл-ден астам концентрацияны қолдану керек.

Буын аймағындағы және буынішілік және симпатикалық бөгеу: ең жоғары дозасы 200мг аспауы тиіс

Артық дозалану

Жергілікті анестетиктің байқаусызда болған тамырішілік инъекциялары қас-қағымда (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейінгі уақытта) жүйелі уытты реакцияларды тудыруы мүмкін. Артық дозалануы кезінде жүйелі уыттылығы көбінесе, жергілікті анестетиктің қандағы концентрациясының баяуырақ артуы нәтижесінде кейінірек (енгізгеннен кейін 15-60 минуттан соң) көрініс береді .

Жүйелі жедел уыттылық

Жүйелі уытты реакциялар, негізінен, орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) мен жүрек-қантамыр жүйесін зақымдайды. Ондай типтегі реакциялар жергілікті анестетиктің қандағы жоғары концентрациясына байланысты туындайды; ондай концентрациялары тамыр ішіне (байқаусызда) инъекциялануының, артық дозалануының немесе васкуляризациясы жоғары бөліктерден аса жылдам сіңірілуінің нәтижесінде болуы мүмкін . Орталық жүйке жүйесі деңгейіндегі реакциялар амидтік типті басқа жергілікті анестетиктерді пайдаланғаннан кейінгі реакцияларға ұқсас, ал жүрек тарапынан реакциялары , саны жағынан да, әрбір нақты препаратқа тәуелді.

Жүрек-қантамырлық уытты әсерлері, әдетте, егер тек пациент жалпы анестезия қабылдамаса немесе бензодиазепиндер немесе барбитураттар сияқты препараттарды қолданумен терең ұйқыға кетпесе, орталық жүйке жүйесіне уыттылық белгілерінен кейін туындайды.

Орталық жүйке жүйесі үшін уыттылығы

Орталық жүйке жүйесі үшін уыттылығы көбінесе біртіндеп, үдемелі өрши түсетін симптомдармен және белгілермен сипатталатын жауап түрінде туындайды. Алғашқы симптомдары келесілер: бас айналуы, периоральді парестезия, тілдің ұюы, құлақтағы шуыл, гиперакузия және көру қабілетінің бұзылыстары болып табылады. Артикуляция бұзылысы, бұлшықет құрысулары немесе тремор күрделірек симптомдар болып табылады және жалпылама құрысулардың пайда болуына ізашар болуы мүмкін.

Бұл симптомдарды невроздық мінез-құлықпен шатастыруға болмайды. Ауқымды эпилепсия ұстамасынан естен тану мен құрысулар бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасуы мүмкін. Гипоксия және гиперкапния құрысудан кейін бұлшықет белсенділігінің жоғары болуына байланысты бірден туындауы мүмкін, бұл қалыпты тыныс алудың бұзылыстарымен және тыныс алу жолдарының болжамды бұзылуларымен бірге жүреді. Ауыр жағдайларда апноэ туындауы мүмкін. Ацидоз, гиперкалиемия, гипокальцемия және гипоксия жергілікті анестетиктердің уытты әсерін арттырады және өршітеді.

Сауығу жергілікті анестетиктің орталық жүйке жүйесінен қайта таралуынан, оның метаболизмінен және бөлініп шығуынан кейін басталады. Егер тек, препараттың тым көп мөлшері енгізілген болмаса, сауығу жылдам жүруі мүмкін.

Жүрек-қантамыр жүйесі үшін уыттылығы

Жүрек-қантамыр жүйесі үшін уыттылығы ауыр жағдайларда анықталуы мүмкін, және әдетте, оған орталық жүйке жүйесі деңгейіндегі уыттылық белгілері ізашар болады. Қатты тыныштандырудағы немесе жалпы анестезиядағы пациенттерде орталық жүйке жүйесінің ізашар симптомдары болмауы мүмкін. Гипотония, брадикардия, аритмия, және тіпті жүректің тоқтап қалуы жергілікті анестетиктердің жоғары жүйелі концентрацияларының нәтижесінде туындауы мүмкін, бірақ сирек жағдайларда, жүректің тоқтап қалуы орталық жүйке жүйесінің продромальді әсерінсіз туындайды.

Егер блокада жалпы анестезия жүргізгенде туындаса, балаларда жергілікті анестетиктер тудырған уыттылықтың бастапқы белгілерінің анықталуы қиынға соғады.

Жедел уыттылығын емдеу

Жедел жүйелі уыттылығының белгілері пайда болған сәттен бастап жергілікті анестетикті енгізуді дереу тоқтату қажет. Орталық жүйке жүйесі деңгейіндегі уыттылық симптомдары (құрысулар, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі) респираторлық жолды демеудің тиісінше шараларымен және эпилепсияға қарсы препаратты енгізумен дереу түзетілуі тиіс.

Қан айналымы тоқтаған жағдайда дереу жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу керек.

Оттегімен оңтайлы қанықтыру мен вентиляцияның, қанайналымды демеп тұру және ацидозды емдеудің өмірлік маңызы бар.

Егер жүрек-қантамыр жүйесінің бәсеңдеуі (гипотония, брадикардия) туындаса, венаішілік сұйықтықтарды, артериялық қысымды жоғарылататын дәрілік заттарды, хронотроптық және/немесе инотроптық агенттерді қолданып емдеу қарастырылуы тиіс. Балаларға өздерінің жас шамасы мен салмағына сәйкес келетін дозасын енгізу қажет.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Бейтарап шыныдан жасалған, сындыру нүктесі немесе сақинасы бар, шприцпен толтырылатын ампулаларға 3.5 мл ерітіндіден құяды.

Әрбір ампулаға заттаңба жабыстырылады.

Поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан қапталады.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Дәрілік препарат салынған қорапшалар картон қораптарға салынады.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картон қорапшаға салмай) картон қораптарға салуға жол беріледі. Әр қорапқа қаптамалардың санына қарай медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

3,5 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылидокаин ампула гидрохлориді 1% 3,5 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube