Қолдану көрсеткіштері
Липримар ST™ препараты:
Қауіпті төмендету үшін қолданылады:
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) дамуының көптеген қауіп факторлары бар, бірақ клиникалық тұрғыдан айқын ЖИА жоқ ересек пациенттердегі миокард инфарктісінде (МИ), инсультте, реваскуляризация емшараларында және ересктердегі стенокардияда.
ЖИА дамуының көптеген қауіп факторлары бар, бірақ клиникалық тұрғыдан айқын ЖИА жоқ, 2 типті қант диабетімен ересек пациенттерде миокард инфарктісі мен инсультте.
Клиникалық тұрғыдан айқын ЖИА бар ересек пациенттердегі өліммен аяқталмайтын миокард инфарктісінде, өліммен аяқталатын және аяқталмайтын инсультте, реваскуляризация емшараларында, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі мен стенокардияға қатысты ауруханаға жату кезінде.
Пациенттердің келесі санаттарында тығыздығы төмен липопротеиндер холестеринінің (ТТЛП ХС) деңгейін төмендету үшін диетаға қосымша ретінде қолданылады:
Бастапқы гиперлипидемиясы бар ересек пациенттерде.
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы (ГеОГХС) бар ересек пациенттер мен 10 жас шамасындағы және одан үлкен балаларда.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы (ГоОГХС) бар ересек пациенттер мен 10 жас шамасындағы және одан үлкен балаларда ТТЛП ХС деңгейін төмендететін басқа емдеу әдістеріне қосымша ретінде, немесе егер ондай емдеу әдістері қолжетімсіз болса, ТТЛП ХС деңгейін төмендету үшін бөлек қолданылады.
Келесі патологиясы бар ересек пациенттерді емдеу үшін диетаға қосымша ретінде қолданылады:
Бастапқы дисбеталипопротеинемия.
Гипертриглицеридемия.