Құрамы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Метронидазол мен алкогольді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Метронидазол мен бусульфанды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Метронидазол мен дисульфирамды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Зертханалық тесттер
Метронидазол трепонеманы қозғалыссыз қалдыруы мүмкін, демек жалған оң Нельсон тестіне әкелуі мүмкін.
Метронидазол сарысулық аспартатаминотрасферазаны (АСТ), аланинаминотрансаминазаны (АЛТ), лактатдегидрогеназаны (ЛДГ), триглицеридтерді анықтауға және глюкоза-гексокиназаны анықтауға әсер етуі мүмкін. Метронидазол 340 нм толқын ұзындығында ультракүлгін сіңірудің жоғарылауын тудырады, бұл жалған төмендетілген мәндерге әкеледі.
Педиатрияда қолдану
Метронидазолды амоксициллинмен бірге балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік
Метронидазол плаценталық бөгет арқылы өтеді.
Метронидазолды жүктілік кезінде тағайындауға болады, бірақ өте қажет болған жағдайда ғана.
Лактация
Метронидазол емшек сүтімен шығарылады. Лактация кезінде емшек емізуді немесе метронидазолды қабылдауды тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Метронидазолға қарсы құрысулар, бас айналу, оптикалық нейропатия сияқты кейбір жағымсыз реакцияларға байланысты пациенттерге рульге отыру, автомобильді басқару және қауіптілігі зор механизмдерді қолдану ұсынылмайды.