Құрамы
Бір пакеттің ішінде
белсенді зат — нимесулид 100 мг;
қосымша заттар — макрогол цетостеараты (кремофор А25), сусыз лимон қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, сахароза, апельсин хош иістендіргіші.
Дәрілік препараттың құрамында бар екені ескерілуі керек қосымша заттар: сахароза – Немулекс® препаратының 1 пакетіне шаққанда 1721 мг.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыш түсті түйіршіктер. Түйіршіктерді 100 мл суда еріткенде ашық-сары түсті суспензия түзіледі.