Қолдану көрсеткіштері
- қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясында (ҚБҚГ) дизуриялық бұзылыстарды емдеу үшін

- Квинке ісінуін қоса, препараттың белсенді компонентіне немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- ортостатикалық гипотензия (соның ішінде анамнезінде)
- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (құрамында бояғыш заттар болғандықтан)
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
ОД-ТАМ 0.4 препаратымен емдеуді бастар алдында қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясына ұқсас симптомдармен қоса жүретін басқа да жағдайлардың бар-жоқтығын анықтау үшін пациентке тексеру жүргізу қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Тамсулозинді атенололмен, эналаприлмен немесе теофиллинмен бір мезгілде тағайындағанда жағымсыз дәрілік өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Препаратты циметидинмен бір мезгілде қабылдау қан плазмасында тамсулозин концентрациясының жоғарылауына, ал фуросемидпен бірге қабылдау препараттың плазмалық концентрациясының төмендеуіне әкелді, алайда концентрациялар рұқсат етілген деңгей шегінде қалады.
Бауыр микросомаларын пайдаланып in vitro жүргізілген зерттеулерде (P450 цитохромы изоформаларының қатысуымен жүретін үдерістерді көрсетеді) диазепаммен, пропранололмен, трихлорметазидпен, хлормадинонмен, амитриптилинмен, диклофенакпен, глибенкламидпен, симвастатинмен және варфаринмен және финастеридпен бауыр метаболизмі деңгейінде өзара әрекеттесулер табылған жоқ. Алайда диклофенак және варфарин тамсулозиннің шығарылу жылдамдығын арттыруы мүмкін.
Артериялық қысымды төмендететін препараттармен, мысалы, жалпы анестезияға арналған препараттармен немесе α1-адренорецепторлардың басқа антагонистерімен бір мезгілде тағайындағанда олардың гипотензиялық әсерлерінің жоғарылағаны білінуі мүмкін.
Тамсулозинді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану тамсулозин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Кетоконазолды (CYP3A4 белгілі күшті тежегіші) бір мезгілде тағайындау тамсулозиннің AUC және Cmax мәндерінің, сәйкесінше, 2,8 және 2,2 есеге артуына әкелді.
Тамсулозинді CYP2D6 фенотипі бар «баяу метаболизаторлар» – паценттерде CYP3A4 айқын тежегіштерімен біріктіріп қолданбау керек.
Тамсулозиннің CYP3A4 айқын және орташа тежегіштерімен біріктірілімін сақтықпен пайдалану керек.
Тамсулозинді пароксетинмен, CYP2D6 айқын тежегішімен бір мезгілде тағайындау тамсулозиннің Cmax және AUC мәндерінің, сәйкесінше, 1,3 және 1,6 есе артуымен қоса жүрді, алайда осы өзгерістерге клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп баға берілді.
Басқа α1-адреноблокаторлармен бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Басқа α1-адренорецепторлары антагонистерін пайдаланған кездегі сияқты, жекелеген жағдайларда ОД-ТАМ 0.4 препаратымен емдеу артериялық қысымның төмендеуімен қоса жүруі мүмкін, сирек жағдайларда естен тану жағдайы дамуы мүмкін. Ортостатикалық гипотензияның алғашқы белгілерінде (бас айналу, әлсіздік) пациент симптомдар жоғалғанша отыруға немесе жатуға әрекеттенуі керек.
ОД-ТАМ 0.4 препаратымен емдеуді бастар алдында қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясымен ұқсас симптомдармен қоса жүретін басқа да жағдайлардың бар-жоқтығын анықтау үшін пациентке тексеру жүргізу қажет. Емдеуді бастар алдында және соңында жүйелі аралықтардан кейін саусақпен ректальді тексеру жүргізу және, егер қажет болса, простатспецификалық антигенді (ПСА) анықтау керек.
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 10 мл/мин) пациенттерді емдеу сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс, өйткені мұндай пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ.
Тамсулозин қабылдаған немесе бұрын қабылдаған жеке пациенттерде катарактаға немесе глаукомаға қатысты операциялық ем кезінде босаң нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромы (Intraoperative Floppy Iris Syndrome, IFIS), қарашықтың тарылу синдромының нұсқасы байқалды. IFIS болуы операция кезінде және операциядан кейін көз тарапынан асқынулар қаупін арттыруы мүмкін.
Тәжірибеден белгілі болғандай, тамсулозин гидрохлоридін қабылдауды операциядан 1-2 апта бұрын тоқтату пайдалы болуы мүмкін, бірақ осындай тоқтатудың әсерлері әзір анықталған жоқ. Сондай-ақ операцияға дейін ұзақ уақыт тамсулозин қабылдауды тоқтатқан пациенттерде IFIS дамығаны туралы мәлімделді.
Катарактаға немесе глаукомаға операциялық ем жүргізу жоспарланған пациенттерді тамсулозин гидрохлоридімен емдеуді бастау ұсынылмайды. Операцияға дайындау үдерісінде хирургтер және офтальмологтар катарактаны немесе глаукоманы операциялық емдеу жоспарланған пациенттің тамсулозинді қабылдап жүргенін немесе бұрын қабылдағанын, операция кезінде дамыған жағдайда IFIS емдеуге дайын болуы үшін нақтылауы тиіс.
Тамсулозинді CYP2D6 фенотипінің метаболизмі нашар пациенттерге CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп тағайындамау керек.
Тамсулозиннің CYP3A4 күшті және орташа тежегіштерімен біріктірілімін сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Тамсулозин әйелдерге қолдануға көрсетілмеген.
Эякуляцияның бұзылулары тамсулозинмен қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік зерттеулерде байқалды. Тіркеуден кейінгі фазада эякуляцияның бұзылу, ретроградты эякуляция және эякуляцияның жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Автомобильді жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда пациенттер бас айналудың дамуы мүмкін екендігіне байланысты сақтық танытуы тиіс.

Дозалау режимі
Ұсынылатын дозасы – күніне 1 капсула.
Емдеу курсын дәрігер әр адамға жекелей анықтайды.
Енгізу әдісі және жолы
Таңертеңгі тамақтанудан кейін ішке. Капсуланы сумен ішіп, тұтастай қабылдау керек. Капсуланы шайнау ұсынылмайды, өйткені бұл препараттың босап шығу жылдамдығына ықпалын тигізуі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаларды түзету қажет емес.
Балалар
Тамсулозинді балаларға қолдануға тиісті көрсетілімдер жоқ.
Тамсулозиннің қауіпсіздігі және тиімділігі 18 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ.
ОД-ТАМ 0.4 дәрілік препаратының қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға бару ұсынылады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Симптомдары: артериялық ауыр гипотензия.
Емі: вазопрессорлық және кардиотонустық әсері бар препараттарды енгізу қажет. Пациентті көлденең жатқызу қалыпты артериялық қысымды және жүректің жиырылу жиілігін қалпына келтіруі мүмкін. Осы шаралар тиімсіз болған кезде айналымдағы қан көлемін арттыруға, сондай-ақ вазопрессорларды енгізуге бағытталған шаралар жүргізілуі мүмкін. Бүйрек функциясы динамикасына баға беру және демеуші ем жүргізу қажет.
Тамсулозиннің ақуыздармен белсенді түрде байланысуына байланысты – гемодиализ тиімді болмауы мүмкін. Препараттың үлкен дозаларымен улануды емдеу үшін асқазанды шаю, белсендірілген көмір және натрий сульфаты сияқты осмостық іш жүргізетін дәрілерді қабылдау мақсатқа сәйкес келеді
Препаратты қолдану жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады.
ПВХ/ПЭ/ПВДХ (поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлоридті) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған үш қабатты пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынады.
Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.