daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ovestin Вагинальды Суппозиторийлер 0,5 Мг №15 | Uniter Industries

Таразе қаласындағы Ovestin Вагинальды Суппозиторийлер 0,5 Мг №15 | Uniter Industries

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Торпедо түріндегі ақ түсті суппозиторийлер. Суппозиторийлердің беткейі мен ұзынша кесіндісі тегіс 

Халықаралық атауы:

Эстриол сукцинаты

Өндіруші:

Uniter Industries

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

- анықталған немесе күдікті сүт безінің обыры немесе анамнездегі сүт безінің обыры;  - анықталған немесе күдікті эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры);  - диагностикаланбаған генитальді қан кету;  - емделмеген эндометрий гиперплазиясы;  - веналық идиопатиялық тромбоэмболия, бұрынғы немесе ағымдағы (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы);  - анықталған тромбофилия аурулары (мысалы, С ақуызының, S ақуызының немесе антитромбиннің тапшылығы;  - тромбоэмболиялық артериялық ауру, дамып жатқан немесе аз уақыт бұрынғы (мысалы, стенокардия, миокард инфаркті);  - жедел бауыр ауруы немесе анамнездегі бауыр ауруы, бауыр функциясына тесттер қалыпқа келмегенше;  - порфирия;  - жүктілік және бала емізу. 

Белсенді заттың дозасы:

0,5 мг

Дәрілік түрі:

Қынаптық суппозиторийлер, 0.5 мг

Қаптамадағы саны:

15 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат вульва мен қынап ауруларын емдеу үшін ересек әйелдерде және егде жастағы әйелдерде қолданылады: 

- эстрогеннің жеткіліксіздігіне байланысты несеп-жыныс жолының төменгі бөліктерінің атрофиясын емдеу үшін орын басушы гормондық емдеуде (ОБГЕ)

- менопаузадан кейін әйелдерде қынап арқылы хирургиялық араласуларда оларды операцияға дейін және операциядан кейін емдеуде

- атрофиялық өзгерістер аясында жатыр мойнына цитологиялық зерттеу жүргізу нәтижесі айқын емес болғанда (ісік үдерісіне күдіктенгенде) диагностикалық мақсатта

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық; 

- анықталған немесе күдікті сүт безінің обыры немесе анамнездегі сүт безінің обыры; 

- анықталған немесе күдікті эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры); 

- диагностикаланбаған генитальді қан кету; 

- емделмеген эндометрий гиперплазиясы; 

- веналық идиопатиялық тромбоэмболия, бұрынғы немесе ағымдағы (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы); 

- анықталған тромбофилия аурулары (мысалы, С ақуызының, S ақуызының немесе антитромбиннің тапшылығы; 

- тромбоэмболиялық артериялық ауру, дамып жатқан немесе аз уақыт бұрынғы (мысалы, стенокардия, миокард инфаркті); 

- жедел бауыр ауруы немесе анамнездегі бауыр ауруы, бауыр функциясына тесттер қалыпқа келмегенше; 

- порфирия; 

- жүктілік және бала емізу. 

Өзара әрекеттесуі

Қынап ішіне қолдану және минималды жүйелі сіңірілуі салдарынан дәрілік заттардың Овестин®, 0.5 мг, қынаптық суппозиторийлер препаратымен клиникалық өзара әрекеттесуі екіталай. Алайда қынап ішіне қолданылатын басқа жергілікті терапиялармен ықтимал өзара әрекеттесуін ескеру керек.

Біріктірілген оральді контрацептивтермен келесі өзара әрекеттесу сипатталған және Овестин®, 0.5 мг, қынаптық суппозиторийлер препараты үшін ұзақ болуы мүмкін.

Эстрогендер (және прогестиногендер) метаболизмі ферментативтік индукторлармен, атап айтқанда Р450 цитохром энзимдермен, оның ішінде құрысуға қарсы препараттармен (мысалы, фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин) және антибиотиктермен (мысалы, рифампицин, рифабутин, невирапин және эфавиренз) біріктіріп қолданғанда күшеюі мүмкін.

Ритонавир және нелфинавир, күшті ферментативті тежегіштер ретінде белгілі болғанмен стероидты гормондармен біріктіріп қолданғанда индукциялаушы қасиеттер көрсетеді.

Шайқурай (Hypericum Perforatum) негізіндегі өсімдік препараттары эстрогендер метаболизмін индукциялауы мүмкін.

Эстрогендер мен прогестиногендер метаболизмінің клиникалық тұрғыдан күшеюі препарат тиімділігінің азаюына және жатырдан қан кету сипатының өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Қынапқа енгізілгеннен кейін бауырға алғашқы өту әсері болмайды, осылайша эстрогенді осы жолмен енгізу оральді қолдануға қарағанда ферментативтік индукторлардың төмен әсер етуіне ұшырайды. Гидратты омби-тасвир/ дазабувирмен немесе онсыз гидратты паритапревир/ритонавир біріктірілген емдік сызбасы бойынша жүргізілген клиникалық зерттеулер уақытында АЛАТ деңгейінің жоғары қалып шегінен бес еседен артық жоғарылауы құрамында этинилэстрадиол бар дәрілік заттарды қабылдайтын әйелдерде едәуір жиі болды. Екінші жағынан, этинилэстрадиол емес (мысалы, эстрадиол, эстриол немесе біріккен эстрогендер), эстрогеннің басқа формаларын қабылдаған әйелдерде АЛАТ деңгейінің ешқандай эстрогендер қабылдамағандармен салыстырмалы жоғарылауы болды. Алайда, эстрогендердің басқа осы формаларын қабылдайтын адамдардың шектеулі санын ескеріп, оларды гидратты омбитасвир/дазабувирмен немесе онсыз гидратты паритапревир/ритонавир біріктірілген емдік сызбасымен бірге қабылдағанда абайлау керек.

Келесі біріктірілім ұсынылмайды

Спермицидтер. Жергілікті қынаптық ем спермицидпен жергілікті контрацепцияның белсенділігін жоюы мүмкін деген ықтималдық бар.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Демеуші дозаға (аптасына екі рет бір суппозиторий) қол жеткенге дейін дозаны біртіндеп төмендетумен бірінші апта (максимум 4 апта) ішінде симптомдар азайғанға дейін күніне бір суппозиторий.

Дозаны жағдайдың жақсаруына байланысты өзгерту керек.

Демеуші емнің қажет болуы мүмкін.

Енгізу жолы және тәсілі

Қынап ішіне

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Тіпті бірнеше суппозиторий пайдаланылса да, уытты симптомдардың туындауы күтілмейді. Жедел артық дозалану жағдайында әйелдерде жүрек айнуы, құсу және генитальді қан кетуі ықтимал. Спецификалық антидоты белгісіз. Қажет болса симптоматикалық ем жүргізуге болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер сіз бір дозаны қабылдауды ұмытсаңыз: егер келесі дозаға дейін 12 сағаттан аз қалса жіберіп алған дозаны дереу қабылдаңыз. Егер келесі дозаға дейін 12 сағаттан көп қалса келесі дозаны қабылдау сәтіне дейін күтіп, әдеттегі уақытта қабылдаңыз. Бір дозаны жіберу жатырдан қан кетуіне және қанды бөліністерге әкелуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

ОБГЕ бастау немесе қайта бастау алдында пациенттің жеке және отбасылық медициналық анамнезі туралы деректер жинау қажет. Пациенттің медициналық анамнезін, сондай-ақ емдеу бойынша қарсы көрсетілімдерді және ерекше ескертулерді ескеріп, толық клиникалық және гинекологиялық тексеріс жүргізу керек (сүт бездерін және кіші жамбас ағзаларын тексерумен). Емдеу барысында қарапайым медициналық тексерістер жүргізу ұсынылады, олардың сипаты мен жиілігі әр әйел үшін жеке-жеке тағайындалады. Әйелдер сүт бездерінің аномалиялар типін білулері тиіс, олар туралы олардың емдеуші дәрігеріне немесе медбикеге хабарлау керек («Сүт безінің обыры» қар.). Осы медициналық тексерістер, оның ішінде маммография қолданыстағы нұсқауларға сәйкес жүргізілуі және әр пациентке таңдалуы ұсынылады.

Шығарылу түрі

5 суппозиторийден пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 2 °С-ден 25 °С-ге дейінгі  температурада  сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыOvestin вагинальды суппозиторийлер 0,5 мг №15 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube