Құрамы
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Сіңуі аcқазан pH мәніне тәуелденетін дәрілік препараттар
Асқазан секрециясының айқын және ұзақ уақыт бәсеңдеуіне байланысты, пантопразол биожетімділігі аcқазан pH мәніне тәуелденетін дәрілік препараттардың, мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол сияқты кейбір зеңге қарсы азол дәрілерінің, сондай-ақ эрлотиниб сияқты басқа препараттардың сіңуін бөгеуі мүмкін.
АИТВ протеазасының тежегіштері
Пантопразолды сіңуі қышқылды интрагастральді pH мәніне тәуелденетін АИТВ протеазасының тежегіштерімен, мысалы, атазанавирмен бірге қолдану олардың биожетімділігінің елеулі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер АИТВ протеазасының тежегіштерін протон сорғысы тежегішімен біріктірмеу мүмкін болмаса, мұқият қадағалап отыру (мысалы, вирустық жүктемені бақылау) ұсынылады. Пантопразолды тәулігіне 20 мг дозадан асыруға болмайды. АИТВ протеазасы тежегіштерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кумариндік антикоагулянттар (фенпрокумон немесе варфарин) Пантопразолды варфаринмен немесе фенпрокумонмен бірге қолдану варфарин, фенпрокумон фармакокинетикасына немесе халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) ықпал етпеді. Алайда бір мезгілде протон сорғысының басқа тежегіштерін және варфарин немесе фенпрокумон қабылдаған пациенттерде ХҚҚ және протромбин уақытының артуы хабарланды. ХҚҚ және протромбин уақытының артуы қан кетуге және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Пантопразол мен варфарин немесе фенпрокумон қабылдайтын пациенттерде ХҚҚ және протромбин уақытының артуы тұрғысынан мониторинг қажет болуы мүмкін. Метотрексат
Метотрексаттың жоғары дозасын (мысалы, 300 мг) және протон сорғысының тежегіштерін бірге қолдану кейбір пациенттерде метотрексат деңгейлерін арттыратыны хабарланды. Осылайша, метотрексаттың жоғары дозаларын, мысалы, обыр және псориаз кезінде қолданған жағдайларда пантопразолды уақытша тоқтатуды қарастыруға болады.
Басқа өзара әрекеттесу зерттеулері
Пантопразол Р450 цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуымен едәуір дәрежеде бауырда метаболизденеді. Негізгі метаболизм жолы CYP2C19 қатысуымен деметилдену болып табылады, басқа метаболизмдік жолдар CYP3A4 қатысуымен тотығуды қамтиды.
Метаболизмі атап көрсетілген жолдармен жүретін карбамазепин, диазепам, глибенкламид, нифедипин, құрамында левоноргестрел және этинилэстрадиол бар контрацептив сияқты дәрілермен өзара әрекеттесу зерттеулерінде клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмады.
Пантопразолдың басқа дәрілік препараттармен немесе осы ферменттік жүйе арқылы метаболизмге ұшырайтын қосылыстармен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.
Бірқатар өзара әрекеттесу зерттеулерінің нәтижелері пантопразолдың CYP1A2 (кофеин, теофиллин сияқты), CYP2C9 (пироксикам, диклофенак, напроксен сияқты), CYP2D6 (метопролол сияқты), CYP2E1 (этанол сияқты) арқылы метаболизденетін белсенді заттар метаболизміне ықпал етпейтінін және дигоксиннің р-гликопротеинге тәуелді сіңірілуін өзгертетінін көрсетеді.
Антацидтермен бірге тағайындалатын өзара әрекеттесулері жоқ
Өзара әрекеттесу зерттеулері сонымен қатар пантопразолмен бірге тағайындалған антибиотиктермен (кларитромицин, метронидазол, амоксициллин) жүргізілді. Ешқандай клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі болмады.
CYP2C19-ті тежейтін немесе индукциялайтын дәрілік препараттар Флувоксамин сияқты CYP2C19 тежегіштері пантопразолдың жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. Пантопразолдың жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдайтын немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Рифампицин пен шайқурай (Hypericum perforatum) сияқты CYP2C19 және CYP3A4-ке ықпал ететін ферменттердің индукторлары осы ферменттер жүйелері арқылы метаболизмге ұшырайтын протон сорғысы тежегіштерінің плазмалық концентрацияларын төмендетуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар Педиатрияда қолдану
12 жасқа толмаған балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректерінің шектеулі екеніне байланысты тағайындау ұсынылмайды. Жүктілік және бала емізу
Сақтық шарасы ретінде Пантопразол препаратын жүктілік кезінде қолдануды болдырмаған жөн.
Пантопразолдың емшек сүтіне бөлінуі туралы хабарланды. Жаңа туған нәрестелер/емшек еметін нәрестелер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан бала үшін емшек емудің пайдасын және әйел үшін Пантопразол препаратымен емдеудің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату туралы немесе Пантопразол препаратымен емдеуді тоқтату/тоқтата тұру туралы шешім қабылдау қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантопразол көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді. Бас айналу және көрудің бұзылуына байланысты жоғары зейін қоюды қажет ететін көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.
Қолдану жөніндегі нұсқау:
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер
Рефлюкс-эзофагит
Пантопразол препаратының күніне бір таблеткасы. Жекелеген жағдайларда доза, әсіресе басқа емге жауап реакциясы болмаған кезде, екі еселенуі мүмкін (Пантопразол препаратының күніне 2 таблеткасына дейін артуы). Рефлюкс эзофагитін емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға әдетте тағы 4 апта ішінде қол жеткізуге болады.
Ересектер
Екі тиісті антибиотиктермен біріктірілген H. pylori эрадикациясы
H. pylori жұқтырған асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары бар пациенттерде бактериялардың эрадикациясын біріктірілген ем көмегімен жүргізу керек. Емдеу бактериялардың төзімділігіне, сондай-ақ бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану мен тағайындауға қатысты ресми жергілікті нұсқауларды (мысалы, ұлттық ұсынымдарды) ескере отырып жүргізілуі тиіс. H. pylori эрадикациясы үшін резистенттілік сипатына байланысты мынадай препараттарды пайдалануды ұсынуға болады:
а) күніне екі рет Пантопразол препаратының бір таблеткасы (40 мг)
+ күніне екі рет 1000 мг амоксициллин
+ күніне екі рет 500 мг кларитромицин.
б) күніне екі рет Пантопразол препаратының бір таблеткасы (40 мг)
+ күніне екі рет 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол)
+ күніне екі рет 250-500 мг кларитромицин.
с) күніне екі рет Пантопразол препаратының бір таблеткасы (40 мг)
+ күніне екі рет 1000 мг амоксициллин
+ күніне екі рет 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол).
H. pylori туындатқан инфекцияны эрадикациялау мақсатында біріктірілген ем шеңберінде Пантопразол препаратының екінші таблеткасын кешкі ас ішуге дейін 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген ем әдетте 7 күн бойы жүргізіледі және жалпы ұзақтығы 2 аптаға дейін тағы 7 күн бойы жалғасуы мүмкін. Егер ойық жараларды емдеуге кепілдік беру үшін пантопразолмен емдеуді жалғастыру көрсетілсе, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасына ұсынылатын тиісті дозаларды қолдану керек.
Егер біріктірілген ем пайдаланылмаса, мысалы, H. pylori тестінің теріс нәтижесі кезінде Пантопразол препаратымен монотерапия кезінде дозалау жөніндегі мынадай нұсқаулықтар қолданылады:
Асқазанның ойық жарасын емдеу
Пантопразол препаратының күніне бір таблеткасы. Жекелеген жағдайларда доза, әсіресе басқа емге жауап реакциясы болмаған кезде, екі еселенуі мүмкін (Пантопразол препаратының күніне 2 таблеткасына дейін артуы). Асқазан ойық-жарасын емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға әдетте тағы 4 апта ішінде қол жеткізуге болады.
Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу
Пантопразол препаратының күніне бір таблеткасы. Жекелеген жағдайларда доза, әсіресе басқа емге жауап реакциясы болмаған кезде, екі еселенуі мүмкін (Пантопразол препаратының күніне 2 таблеткасына дейін артуы). Он екі елі ішектің ойық-жарасын емдеу үшін әдетте 2 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға әдетте тағы 2 апта ішінде қол жеткізуге болады.
Золлингер-Эллисон синдромы және асқазан секрециясының жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлер
Золлингер-Эллисон синдромын және секрециясының жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлерді ұзақ емдеу үшін емдеуді 80 мг тәуліктік дозадан (40 мг Пантопразолдың 2 таблеткасы) бастаған жөн. Содан кейін, қажет болған жағдайда, асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты дозаны арттыруға немесе азайтуға болады. Күніне 80 мг жоғары дозаларды бөліп, күніне екі рет қолдану керек. Пантопразол дозасының 160 мг-ден жоғары уақытша жоғарылауы мүмкін, бірақ ол қышқылдықты бақылау үшін талап етілгеннен ұзаққа созылмауы тиіс.
Золлингер-Эллисон синдромы кезінде және секрециясының жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлер кезінде емдеу ұзақтығы шектелмейді және емдеу мерзімдері клиникалық қажеттілікке байланысты реттелуі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы күніне 20 мг (пантопразолдың 1 таблеткасы 20 мг) аспауы тиіс. Пантопразолды H. pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген емдеу кезінде бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде Пантопразол препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Пантопразолды H. pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген емдеу кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде Пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес.
Балалар
Пантопразолды 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені препаратты осы жас тобында қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер аз.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді пайдалану үшін.
Таблеткаларды шайнауға немесе сындыруға болмайды, оларды тамақтан 1 сағат бұрын, сумен іше отырып ішу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болаnын шаралар
Қазіргі уақытқа дейін пантопразол қолдану нәтижесіндегі артық дозалану құбылыстары болмады. Дозалар 240 мг дейін 2 минут ішінде вена ішіне енгізілді және жағымдылығы жақсы болды.
Дегенмен де, артық дозалану жағдайында және тек клиникалық көріністері болғанда симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі. Пантопразол ақуыздармен тектестігі жоғары екендіктен, оның гемодиализбен шығарылуы қиындау.
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгініңіз