Қолдану көрсеткіштері
Прогестерон тапшылығы жағдайларында.
Пероральді енгізу жолы
Гинекологиялық:
Прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылулар:
- етеккір алдындағы синдром
- дизовуляциямен немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы
- қатерсіз мастопатиялар
- пременопауза
- менопаузаны емдеу (эстрогенотерапияға қосымша)
- лютеин жеткіліксіздігі салдарынан болған бедеулікте.
Акушерлікте:
- Түсік қаупінде немесе расталған лютеин жеткіліксіздігіне байланысты дағдылы түсіктердің алдын алу үшін
- Мерзімінен бұрын босану қаупінде
Қынаптық енгізу жолы
- гипофертильділік, ішінара немесе тотальді лютеин жеткіліксіздігімен (дизовуляция, in vitro ұрықтандыру барысында лютеинді фазаны демеу, ооциттер донорлығы) байланысты біріншілік немесе екіншілік бедеулікте
- ерте түсік қаупі немесе лютеиндік жеткіліксіздікпен байланысты дағдылы түсіктің алдын алу үшін
- жүктіліктің 16 және 24 аптасы аралығында өлшенген жатыр мойны қысқа ≤25 мм қауіп тобындағы әйелдерде мерзімінен ерте босанудың (аменореяның 18 және 26 аптасы) профилактикасы үшін.