daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Пренесса 8 Мг Таблетка №30 | KRKA d.d., Novo mesto

Таразе қаласындағы Пренесса 8 Мг Таблетка №30 | KRKA d.d., Novo mesto

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Периндоприл

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: кальций хлориді гексагидраты, лактоза моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Белсенді заттың дозасы:

8 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 2 мг, 4 мг немесе 8 мг периндоприл терт-бутиламині,

қосымша заттар: кальций хлориді гексагидраты, лактоза моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия:

– артериялық гипертензияны емдеу

Жүрек жеткіліксіздігі:

клиникалық көріністері бар жүрек жеткіліксіздігін емдеу

Жүректің тұрақты ишемиялық ауруы:

– анамнезінде миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризациясы бар пациенттерде жүрек-қантамыр асқынулары қаупінің төмендеуі

Қарсы көрсеткіштер

Пренесса® препаратын қабылдамаңыз:

– егер периндоприлге немесе осы дәрінің басқа ингредиенттерінің қандай да біріне немесе кез келген басқа ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегішіне аллергия болса;

– егер осының алдында АӨФ тежегішімен емделу кезінде ысқырықты дем алу, бет, тіл немесе тамақтың ісінуі, қатты қышыну немесе терінің қатты бөртуі сияқты симптомдар болса немесе егер сізде немесе сіздің отбасыңыздың мүшесінде осы симптомдар кез келген басқа жағдайларда болса (жай-күй ангионевроздық ісіну деп аталады);

– 3 айдан асқан мезімдегі жүктілік болса; сондай-ақ жүктіліктің ерте мерзімдерінде Пренесса® препаратын қабылдамаған дұрыс («Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімін қараңыз);

– егер диабет немесе бүйрек функциясының бұзылуы болса және сіз құрамында алискирен бар артериялық қысымды төмендетуге арналған препаратты қабылдап жүрсеңіз;

- егер диализ немесе қан фильтрациясының кез келген басқа типін жүргізу жоспарланса. Сіз қолданатын жабдық түріне байланысты периндоприл сізге сәйкес келмеуі мүмкін.

- егер ангионевроздық ісіну қаупінің жоғарылауына байланысты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылатын сакубитрил/валсартан қабылдаған болсаңыз немесе қазір қабылдап жатсаңыз (тамақ сияқты аймақта тері астының жылдам ісінуі).

- бүйрек артериясының айқын екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы

Сақтық шаралары

Бұл дәрі тек ересектерге арналған.

Емдеуді бастар алдында, егер келесі аурулар мен жай-күйлердің қандай да бірі бар болса, дәрігерге хабарлаңыз:

қолқа стенозы (жүректен шығатын негізгі қан тамырының тарылуы) немесе гипертрофиялық кардиомиопатия (жүрек бұлшықетінің ауруы) немесе бүйрек артериясының стенозы (бүйректі қанмен қамтитын артерияның тарылуы),

жүрек кінәраттары,

бауыр кінәраттары,

бүйрек кінәраттары немесе егер сіз диализ алып жүрсеңіз,

егер қандағы альдостерон гормонының деңгейі жоғары болса (бастапқы альдостеронизм),

жүйелі қызыл жегі немесе склеродермия сияқты, коллагенді жүйе аурулары

қант диабеті,

гипотензия,

егер тұз мөлшері шектелетін диета ұстанып жүрсеңіз немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын пайдаланып жүрсеңіз,

егер анестезия және / немесе операциялық араласу жасалатын болса,

егер гемодиализ емшарасынан немесе басқа қан тазалау емшарасынан өтуге тура келсе (тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі),

егер аралардың немесе соналардың шағып алуына аллергия зардаптарын азайту үшін десенсибилизация курсынан өтуге тура келсе,

егер таяуда диарея немесе құсу болса немесе сусызданған болсаңыз,

егер дәрігер сізге кейбір қанттардың жақпаушылығы бар екенін айтқан болса,

егер жоғары артериялық қысымды емдеуге пайдаланылатын келесі дәрілердің кез келгенін қабылдап жүрсеңіз:

● ангиотензин II рецепторларының блокаторы (АРБ) (сондай-ақ, сартандар ретінде белгілі дәрілер - мысалы, валсартан, телмисартан, ирбесартан), әсіресе, егер сізде диабетпен байланысты бүйрек кінәраттары болса,

● алискирен.

Сіздің дәрігеріңіз сіздегі бүйрек функциясын, артерия қысымын және сіздің қаныңыздағы электролиттер мөлшерін (мысалы, калий) тексере алады.

«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөліміндегі ақпаратты да қараңыз.

егер қара нәсілді болсаңыз, онда сізде ангионевроздық ісінудің даму қаупі өте жоғары болуы мүмкін, ал бұл дәрінің қалған пациенттерге қарағанда артериялық қысымды төмендету тиімділігі аз болуы мүмкін,

егер келесі дәрілердің біреуін қабылдап жүрсеңіз, ангионевроздық ісінудің даму қаупі (көмей аумағындағы жұмсақ тіндердің тез дамитын ісінуі) артады:

рацекадотрил (диареяны емдеуге пайдаланылады),

сиролимус, эверолимус, темсиролимус және mTor тежегіштері класына жататын басқа дәрілік заттар (ағза трансплантатының қабылданбай ажырауын болдырмау үшін және қатерлі жаңа түзілімдерді емдеу кезінде пайдаланылады),

вилдаглиптин, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин және глиптиндер деп аталатын класқа жататын басқа да препараттар (қант диабетін емдеу үшін қолданылады),

сакубитрил (валсартанмен бекітілген біріктірілім түрінде қол жетімді) ұзақ мерзімді жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылады

Өзара әрекеттесуі

Егер басқа дәрілік заттардың қандай да бірін қабылдап жүрсеңіз, таяуда қабылдасаңыз немесе қабылдауды жоспарлап жүрсеңіз, өз дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Басқа дәрілік препараттарды қабылдау Пренесса® препаратының көмегімен емдеуге әсер етуі мүмкін. Егер сіз мына препараттарды қабылдап жүрсеңіз, сіздің дәрігеріңізге дозасын өзгерту және / немесе басқа сақтандыру шараларын қабылдау керек болуы мүмкін:

жоғары артериялық қысымды төмендетуге арналған басқа препараттар, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын (АРБ), алискиренді (сондай-ақ «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімдерінде ақпаратты қараңыз) немесе диуретиктерді (несеп мөлшерін көбейтетін дәрілік заттар) қоса,

диабетті емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік препараттар (инсулин, метформин немесе глиптиндер сияқты),

калий жинақтаушы диуретиктер (мысалы, триамтерен, амилорид), калий қоспалары, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және қанда калий мөлшерін көбейтуі мүмкін басқа дәрілер (мысалы, триметоприм және котримоксазол, сондай-ақ бактериялар туғызатын инфекциялық ауруларды емдеуге қолданылатын триметоприм / сульфаметоксазол; циклоспорин, ағза трансплантатының қабылданбай ажырауын болдырмауға пайдаланылатын иммунодепрессант және гепарин, тромбтар түзілуін болдырмау үшін қан сұйылтатын препарат),

жүрек жеткіліксіздігін емдеуге пайдаланылатын калий жинақтаушы дәрілік заттар: эплеренон және спиронолактон күніне 12,5-тен 50 мг дейінгі дозаларда,

маниялық синдромды немесе депрессияны емдеуге арналған литий препараттары,

буындардың ауыруында қолданылатын дәрілік заттар (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (мысалы, ибупрофен), ацетилсалицил қышқылының жоғары дозаларын қоса),

баклофен (шашыраңқы склероз сияқты аурулар кезіндегі бұлшықеттердің сіресуін емдеуге пайдаланылады),

депрессия, үрей, шизофрения сияқты психикалық бұзылыстарды емдеуге пайдаланылатын препараттар және т.б. (мысалы, трициклды антидепрессанттар, нейролептиктер) және анестетиктер,

аутоиммундық бұзылыстарды емдеуге пайдаланылатын немесе трансплантациядан кейін (мысалы, циклоспорин, такролимус) пайдаланылатын иммунодепрессанттар (организмнің иммуннологиялық реакцияларын бәсеңдететін дәрілер),

триметоприм (инфекциялық ауруларды емдеуге қолданылады),

эстрамустин (қатерлі жаңа түзілімдер емінде қолданылады),

диареяны емдеу (рацекадотрил) немесе ауыстырып салған ағзалардың қабылданбай ажырауын болдырмау үшін (сиролимус, эверолимус, темсиролимус және mTor тежегіштері деп аталатын класқа жататын басқа дәрілер) бәрінен жиірек пайдаланылатын дәрілер. «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз),

аллопуринол (подаграны емдеу үшін),

қан тамырларын кеңейтетін дәрілік препараттар (вазодилататорлар, оның ішінде нитраттар)

прокаинамид (жүректің жүйесіз соғуын емдеу үшін),

төмен қан қысымы, шок, демікпе немесе аллергия сияқты жағдайларды емдеу үшін қолданылатын эфедрин, норадреналин және адреналин;

ревматоидты артритті емдеуде қолданылатын алтын препараттары (натрий ауротиомалаты), әсіресе вена ішіне енгізгенде

ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты диареяны емдеуге қолданылатын рацекадотрил

сакубитрил/валсартан (ұзақ мерзімді (созылмалы) жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылатын препарат қарсы көрсетілімдер («Пренесса® препаратын қабылдамаңыз» және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» тарауларын қараңыз)

Рецептісіз дәрілерді дәрігермен кеңесіп алмай қабылдамаңыз. Негізінен, бұл суық тиюге арналған, ауыруды басатын дәрілерге, тұз алмастырғыштарына немесе құрамында калий бар препараттарға қатысты.

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар туралы ақпарат

Пренесса® құрамында лактоза бар.

Егер сізге өзіңіздің дәрігеріңіз сізде кейбір қанттарға жақпаушылық барын айтса, дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге қаралыңыз.

Педиатрияда қолдану

Периндоприлді балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Егер сіз өзіңізді жүкті деп жорамалдасаңыз немесе жүкті болуды жоспарлап жүрсеңіз, өз дәрігеріңізге хабарлау керек. Сіздің дәрігеріңіз сіз жүкті болатын уақытқа дейін немесе сіз жүкті екеніңізді білген бойда Пренесса® препаратын қабылдауды тоқтатуға кеңес беріп, әрі Пренесса® препаратының орнына басқа препаратты тағайындауы тиіс. Пренесса® жүктіліктің ерте мерзімдерінде ұсынылмайды және 3 айдан асатын жүктілік кезінде қабылданбауы тиіс, өйткені ол жүктіліктің үшінші айынан кейін қолданғанда сіздің сәбиіңізге ауыр зиян етуі мүмкін.

Лактация кезеңі

Егер сіз бала емізіп жүрсеңіз немесе бала емізуді бастағыңыз келсе, өз дәрігеріңізге хабарлаңыз. Пренесса® бала емізетін әйелдерге ұсынылмайды, ал сіздің дәрігеріңіз, егер сіз бала емізуді жоспарлап жүрсеңіз, әсіресе, егер сіздің сәбиіңіз жаңа туған немесе мерзімінен бұрын туылған болса, басқа емдеу әдісін таңдай алады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Периндоприл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етпейді, бірақ кейбір пациенттерде, әсіресе, емнің басында немесе гипертензияға қарсы басқа препаратпен біріктіргенде артериялық қысым төмендеуімен байланысты жекелеген реакциялар туындауы мүмкін. Нәтижесінде, көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне нұқсан келуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Осы дәріні үнемі дәл өз дәрігеріңіз ұсынған үлгіде қабылдаңыз. Сұрақтар туындағанда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану

АӨФ тежегіштерімен артық дозалануға байланысты симптомдары гипотензия, айналымдық шок, электролиттік бұзылулар, бүйрек жеткіліксіздігі, асқын желдетілу, тахикардия, жүректің соғуын сезіну, брадикардия, бас айналу, мазасыздық және жөтелді қамтиды.

Емі: натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) ерітіндісін венаішілік инфузия жүргізу ұсынылады. Гипотензия дамыған жағдайда пациентті шокқа қарсы қалыпқа (аяқтарды жүрек деңгейінен 20-30 см жоғары көтеріп шалқасынан жатқан күй) ауыстыру керек.

Мүмкіндігінше, ангиотензин ІІ венаішілік инфузиясын және/немесе вена ішіне катехоламиндер енгізуді де қарастыруға болады. Периндоприлді жүйелі қан айналымынан гемодиализ көмегімен шығаруға болады. Емдеуге төзімді брадикардияда кардиостимуляция көрсетілімді. Қан сарысуындағы өмірлік маңызды көрсеткіштерді, электролиттер мен креатинин деңгейін үнемі бақылап отыру керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын қабылдау кезіндегі қажетті шаралар

Ұмытып кеткен доза орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдамаңыз.

Дәріні күніне бір рет, шамамен күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Препарат қабылдауды тоқтатқанда артериялық қысым көтерілуі мүмкін, бұл әсіресе, жүрек, ми және бүйрек тарапынан асқынулардың даму қаупін арттыруы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйі оларға стационарлық емдеу қажет болатын дәрежеге дейін нашарлауы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Егер препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса, емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Жанама әсерлері

Егер төменде аталған құбылыстардың кез келгені байқалса, дәрілік затты қабылдауды дереу тоқтатыңыз және бұл жөнінде өз дәрігеріңізге дереу хабарлаңыз:

бет, ерін, тіл немесе тамақтың ісінуі, тыныстың тарылуы (ангионевроздық ісінуі) (жиі емес 100 адамның 1-де болуы мүмкін)

қатты бас айналу немесе естен тану артериялық қысымның төмендеуіне байланысты (жиі - 10 адамның 1-де болуы мүмкін)

жүректің жиі немесе жүйесіз соғуы немесе кеуденің ауыруы (стенокардия) немесе жүрек соғысы (өте сирек – 10 000 адамның 1-де болуы мүмкін)

ықтимал инсульт белгілері болуы мүмкін қолдар мен аяқтардағы әлсіздік немесе сөйлеудің қиындауы (өте сирек – 10 000 адамның 1-де болуы мүмкін)

кенеттен ысқырықты дем алу, кеуденің ауыруы, ентігу немесе қиындықпен дем алу (бронх түйілуі) (жиі емес - 100 адамның 1-де болуы мүмкін),

іштің және арқаның қатты ауырсынуын тудыруы мүмкін ұйқы безінің қабынуы, өзін нашар сезіну (өте сирек - 10 000 адамның 1-де болуы мүмкін)

терінің немесе көздің сарғаюы (сарғаю), бұл гепатиттің белгісі болуы мүмкін (өте сирек - 10 000 адамның 1-де болуы мүмкін),

жиі беттегі, қолдардағы немесе аяқтардағы қызыл, қышитын дақтардан басталатын тері бөртпесі (көп формалы эритема) (өте сирек – 10 000 адамның 1-де болуы мүмкін).

Жиі

жөтел, ентігу

бас ауыру, астения, бас айналу, бұлшықеттердің түйілуі, парестезия

дәм сезудің өзгеруі, көру қабілетінің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы, вертиго, гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер)

құсу, жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату, диарея, диспепсия

бөртпе, қышыну

Жиі емес

эозинофилия*

гипонатриемия*

гиперкалиемия, емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды*, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы*, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы*

гипогликемия*

ұйқышылдық*

естен тану*, дімкәстану*, кеуденің ауыруы*

тахикардия*, жүректің соғуын сезіну*

васкулит*, шеткері ісінулер*, гипертермия*

фотосезімталдық реакциялары*

артралгия*, миалгия*

құлау*

көңіл-күйдің құбылуы

ұйқының бұзылуы

бронх түйілуі

ауыздың құрғауы

есекжем

пемфигоид, гипергидроз

бүйрек жеткілісіздігі

эректильді дисфункция

беттің, аяқ-қолдардың, еріндердің, шырышты қабаттардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі

Сирек

бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы және қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

псориаздың нашарлауы*

антидиурездік гормонның адекватты емес секреция синдромы (АГАСС)

депрессия

қан тебулер

анурия/олигурия

Өте сирек

аритмия, стенокардия, жоғары қауіпті топтағы пациенттерде АҚ шамадан тыс төмендеуінен туындаған миокард инфарктісі, жоғары қауіпті топтағы пациенттерде АҚ шамадан тыс төмендеуінен туындаған инсульт

эозинофильді пневмония, ринит

панкреатит

цитолитикалық немесе холестаздық гепатит

көп формалы эритема

гемоглобин және гематокриттің төмендеуі, агранулоцитоз немесе панцитопения, лейкопения/нейтропения, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа туа біткен жеткіліксіздігі бар пациенттердегі гемолиздік анемия

сананың шатасуы

жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Белгісіз

Рейно синдромы

Шығарылу түрі

10 таблеткадан ламинацияланған полиамидті/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыпренесса 8 мг таблетка №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube