Қолдану көрсеткіштері
- наркоз кезінде шокқа қарсы дәрі ретінде
- нейролептанальгезияда (нейролептиктермен біріктіріп)
- қатерлі жаңа түзілімдер, күйіктер, жарақаттар кезіндегі айқын ауыру синдромында
- операцияға дайындауда (премедикацияда)
- операциядан кейінгі кезеңде айқын ауыру синдромында
- ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің түйілуі, соның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары кезінде, ішек, бауыр және бүйрек түйілулерінде
- тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі, кардиогендік шокта
- қуықтағы, тік ішектегі, уретрадағы бөгде денеде, парафимозда, жедел простатитте, жедел невриттерде.