Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат ересектерде және балаларда, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде төменде аталған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- ауруханадан тыс пневмонияда
- созылмалы бронхиттің өршуінде
- пиелонефритті қоса, несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында
- жұмсақ тіндердің инфекциялары: теріасты шелмайының қабынуында (целлюлит), тілмелі қабынуда және жара инфекцияларында
- құрсақішілік инфекцияларда
- асқазан-ішек жолына жасалатын операциялар (өңешке жасалатын операцияларды қоса), ортопедиялық операциялар, жүрек-қантамырлар жүйесінің ағзаларына жасалатын операциялар, акушерлік және гинекологиялық операциялар (кесар тілігін қоса) кезінде инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін.
Егер инфекцияларды емдеу және профилактикасы кезінде анаэробты микроорганизмдермен контаминациялану ықтималдығы болса, Роксим препаратын бактерияға қарсы басқа препараттармен біріктіріп тағайындау қажет. Емді таңдау кезінде бактерияға қарсы препараттарды қолдану жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтардың ұсынымдарын ескеру қажет