Құрамы
Бір таблетканың құрамында
әсер етуші зат - 35 мг триметазидин дигидрохлориді.
қосымша заттар: гипромеллоза 2208, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза,
қабық құрамы: опадрай II қызғылт (85F34610): жартылай гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (E 171), макрогол/ПЭГ, тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), магнетит/темірдің (III) қара тотығы (Е 172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.