Қолдану көрсеткіштері
Фибринолиздің жүйелік және жергілікті бұзылулары кезінде қан кетулердің профилактикасы мен емдеуде:
- меноррагия және метроррагия
- асқазан-ішектен қан кету
- қуық асты бездері мен қуықтағы хирургиялық араласымды қоса, урологиялық операциялар кезіндегі геморрагиялық асқынулар
- ЛОР-мүшелеріне және стоматологиядағы (аденоидэктомия, тонзиллэктомия, тіс экстракциясы) операциялар кезінде
- гинекологиялық операцияларда және акушерлік қан кетулер
- фибринолитикалық емнің геморрагиялық асқынулары
- торакальді, абдоминальді және кардиохирургия мен басқа да ірі хирургиялық араласымдар