Қолдану көрсеткіштері
ФЛУРБО® СПРЕЙ ересектерде тамақтың қатты ауыру симптомдарын қысқа мерзімді жеңілдету үшін қолданылады.

- флурбипрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП-ға жауап ретінде аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, демікпе, бронх түйілуі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем) байқалған пациенттер
- асқазан-ішек жолдары ағзаларының эрозиялық-ойық жара аурулары немесе асқыну сатысындағы немесе анамнезіндегі ойық жарадан қан кету (ойық жара ауруының екі немесе одан да көп расталған эпизодтары) және ішектің ойық жаралануы
- алдыңғы ҚҚСП емдеу аясында анамнезіндегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі, ауыр колиттер, геморрагиялық немесе гемопоэтикалық бұзылыстар.
- жүктіліктің үшінші триместрі
- ауыр жүрек жеткіліксіздігі, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылауға қажетті қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады. Егер сізде инфекция болса, фармацевтіңізбен немесе дәрігеріңізбен сөйлесіңіз - төмендегі «Инфекциялар» бөлімін қараңыз.
Инфекциялар
Негізгі инфекциялар симптомдарының бүркемеленуі
Эпидемиологиялық зерттеулер жүйелі қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін екенін көрсетеді, бұл тиісті емнің уақтылы басталмауына әкелуі мүмкін және осылайша инфекцияның нәтижесін нашарлатуы мүмкін. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмония және желшешектің бактериялық асқынулары кезінде байқалды. Егер ФЛУРБО® СПРЕЙ препараты пациент инфекцияға байланысты қызба немесе ауырудан зардап шегетін уақытта енгізілсе, инфекцияға мониторинг жүргізу ұсынылады.
Жекелеген жағдайларда инфекциялық қабынудың асқынуы (мысалы, некроздаушы фасциттің дамуы) сипатталғандықтан, жүйелі ҚҚСП (стероидты емес қабынуға қарсы препараттар) қолданумен уақытша байланыста пациент егер флурбипрофен спрейімен емдеу кезінде бактериялық инфекция белгілері пайда болса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралу ұсынылады. Емдеудің басында антибиотиктермен инфекцияға қарсы ем көрсетілгенін ескеру керек.
Іріңді бактериялық фарингит/тонзиллит пайда болған жағдайда пациентке дәрігермен кеңесу ұсынылады, себебі емдеуді қайта бағалау қажет.
Егер симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, емдеуді қайта қарау керек. Егер ауызда тітіркену болса, флурбипрофенмен емдеуді тоқтату керек.
Тыныс алу жолдары
Бронх түйілуі бронх демікпесінен немесе аллергиядан зардап шегетін немесе бұрын зардап шеккен пациенттерде күшеюі мүмкін. Флурбипрофен спрейін осы пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Басқа ҚҚСП
Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, қатар жүретін ҚҚСП-мен флурбипрофен спрейін қолданудан аулақ болу керек.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас зақымдануы
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тінінің аралас зақымдануы бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупі артуы мүмкін, алайда бұл әсер әдетте флурбипрофен спрейі сияқты препараттарды қысқа мерзімді шектеулі қолданғанда байқалмайды.
Жүрек-қантамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
ҚҚСП-ның интерстициальді нефрит, нефроздық синдром және бүйрек жеткіліксіздігін қоса, түрлі формадағы нефроуыттылықты туындататыны хабарланған. ҚҚСП қабылдау простагландиндердің пайда болуының дозаға тәуелді төмендеуіне және бүйрек жеткіліксіздігінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұл реакцияның даму қаупі жоғары пациенттерге бүйрек, жүрек, бауыр қызметі бұзылған пациенттер, сондай-ақ диуретиктер қабылдайтын пациенттер, егде жастағы адамдар жатады, бірақ бұл әсер әдетте флурбипрофен спрейі сияқты препараттарды қысқа мерзімді шектеулі қолданғанда байқалмайды.
Бауыр аурулары
Жеңіл және орташа бауыр дисфункциясы.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлері
Анамнезінде гипертензиясы және/немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеуді сақтықпен бастаған жөн (дәрігермен немесе фармацевтпен талқылау), өйткені ҚҚСП қабылдау аясында организмде сұйықтықтың, гипертензияның және ісінудің тежелуі туралы хабарланған.
Клиникалық сынақтар мен эпидемиологиялық деректер кейбір КҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозада және ұзақ емдеуде) артериялық тромбоздық құбылыстардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупін біршама арттыра алатынын куәландырады. 8,75 мг-ден (дозаға 3 қабылдау) 5 реттен аспайтын тәуліктік дозада флурбипрофенді қабылдағаннан кейін мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Жүйке жүйесі тарапынан әсерлер
Анальгетиктерден туындаған бас ауыруы. Анальгетиктерді ұзақ уақыт қолданғанда немесе көрсетілімдер бойынша қолданбаған жағдайда дәрілік заттың жоғары дозаларымен емдеуге болмайтын бас ауыруы туындауы мүмкін.
Асқазан-ішек жолы
Анамнезінде асқазан-ішек жолдарының аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге ҚҚСП сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл жай-күйлер асқынуы мүмкін. Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу туралы хабарланған болатын, олар ескерту симптомдарымен немесе оларсыз, сондай-ақ АІЖ күрделі құбылыстарының немесе онсыз алдыңғы анамнезімен, емдеу барысында кез келген уақытта барлық ҚҚСП қабылдағаннан кейін өлімге әкелуі мүмкін.
АІЖ қан кету, ойық жаралану немесе тесілу қаупі анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе олар қан кетумен немесе тесілумен асқынған болса және егде жастағыларда ҚҚСП дозаларын арттырған кезде жоғары, алайда бұл әсер әдетте флурбипрофен спрейі сияқты препараттарды қысқа мерзімді шектеулі қолдану кезінде байқалмайды. Анамнезінде асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан патологиясы бар пациенттер, әсіресе қарт адамдар кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе АІЖ қан кетуі) туралы өз дәрігеріне хабарлауы тиіс.
Ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін қатар жүретін препараттар, мысалы, пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе тромбоцитке қарсы агенттер, мысалы, ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек.
Егер флурбипрофен қабылдайтын пациенттерде АІЖ қан кетуі немесе ойық жаралануы орын алса, емдеуді тоқтату керек.
Гематологиялық әсерлер
Флурбипрофен басқа ҚҚСП сияқты тромбоциттер агрегациясын тежей алады және қан кету уақытын ұзарта алады. Флурбипрофен спрейін аномалиялық қан кетуі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Дерматологиялық әсерлер
Эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және кейбіреулері өлімге ұшыратқан уытты эпидермальдіы некролизді қоса, ҚҚСП қабылдау аясындағы күрделі тері реакциялары жағдайлары туралы өте сирек хабарланған. Флурбипрофен спрейімен емдеуді тері бөртпесінің бірінші пайда болуы, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері кезінде тоқтату керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дозалау режимі
18 жастан бастап және одан жоғары ересектер:
8.75 мг бір дозада (3 бүрку) жұтқыншақтың артқы жақтауына әрбір 3-6 сағат сайын қажетіне қарай бүркеді. Ең жоғары тәуліктік доза 5 дозаны құрайды.
Бүрку кезінде демді ішке тартуға болмайды.
Симптомдарды жеңілдету үшін ең қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек.
Егер сізде инфекция болса, симптомдар (қызба және ауыру сияқты) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Қолдану тәсілі
Ауыз қуысында қысқа мерзімді жергілікті қолдануға арналған.
Бірінші қолданар алдында құрылғыны сілкіңіз, дозаторды өзіңізден қарама-қарсы жаққа бағыттап дозаторды іске қосыңыз және жеңіл, консистенциялы аэрозольді бүрку пайда болғанға дейін дозаторды кемінде төрт рет басыңыз.
Дозаны әрбір бүрку арасында дозаторды өзіңізден қарама-қарсы жаққа бағыттаңыз және жеңіл, консистенциялы бүрку пайда болғанша кем дегенде бір рет бүркіңіз. Препараттың дозасын бүрку алдында жеңіл консистенциялы бу пайда болғанына көз жеткізіңіз
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы.
Препаратты үш күннен асырмай пайдалану ұсынылады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары
Клиникалық маңызды ҚҚСП мөлшерін қабылдаған көптеген пациенттерде жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аумағындағы ауырсыну немесе сирек диарея сияқты симптомдар дамуы мүмкін. Сондай-ақ құлақтағы шуыл, бас ауыруы және асқазан-ішектен қан кету дамуы мүмкін. Аса күрделі уланған жағдайда ҚҚСП уыттылығы орталық жүйке жүйесінде байқалады, ол ұйқышылдық, кейде қозу, көрудің бұлыңғырлануы және бағдардан жаңылу немесе кома сияқты көрінеді. Кейде пациенттерде құрысулар дамиды. ҚҚСП күрделі уланғанда метаболизмдік ацидоз және қан ұю факторларының әсер етуіне араласуы салдарынан протромбин уақытының ұзаруы/ХҚҚ болуы мүмкін. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі және бауыр зақымдануы туындауы мүмкін. Демікпемен ауыратындарда демікпе асқынуы мүмкін.
Емі
Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады. Спецификалық антидот жоқ. Артық дозаланғанда науқастарды келесі 4 сағат ішінде құстырады немесе белсендірілген көмір (ересектерге 60-тан 100г-ге дейін, балаларға 1 немесе 2г/кг), сондай-ақ осмостық іш жүргізетін дәрі тағайындайды. Препарат елеулі дәрежеде қан сарысуының ақуыздарымен байланысатындықтан, жылдамдатылған диурез, несептің сілтіленуі, гемодиализ немесе гемоперфузия тиімсіз. Жиі, ұзақ құрысуларда вена ішіне диазепам немесе лоразепам тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласыңыз
Қалпақшасы бар дозалағыш құрылғымен жабдықталған, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларда 15 мл препараттан. Құтыға заттаңбалық қағаз жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.