Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде дәнекер тіннің гиперплазиясымен қатар жүретін аурулардың емі және профилактикасы үшін кешенді ем құрамында қолданылады:
гинекологияда – ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары кезіндегі, соның ішінде түтікті-перитонеальді бедеулікте, жатырішілік синехияларда, созылмалы эндометритте кіші жамбастағы жабыспа үдерісінің емі және профилактикасы үшін
урологияда – созылмалы простатиттің, интерстициальді циститтің емі үшін
хирургияда – құрсақ қуысының ағзаларына операциялық араласымнан кейін дәнекерлену үдерісінің және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралардың емі және профилактикасы үшін
дерматовенерологияда және косметологияда – шектеулі склеродермияның, инфекциялық емес ониходистрофияның, пиодермиядан, жарақаттан, күйіктен, опрациядан кейінгі келоидтық, гипертрофиялық тыртықтардың, II-IV дәрежедегі тыртықты деформациялары бар тұрпайы безеулердің (безеуден кейінгі іздер) емі үшін
пульмонологияда және фтизиатрияда – пневмосклероздың, фиброзданатын альвеолиттің, туберкулездің (кавернозды-фиброздық, инфильтративтік, туберкулема) емі үшін
ревматологияда – буындардың контрактураларының, соның ішінде Дюпюитреннің контрактураларының және қол буындарының бүгілетін тендогенді контрактураларының, артроздардың, анкилозденетін спондилоартриттің, гематомалардың емі үшін
биожетімділігін арттыру үшін – жергілікті анестетиктердің әсерін күшейту үшін бактерияларға қарсы препараттарды бірге енгізген кезде урологияда, гинекологияда, хирургияда, дерматовенерологияда, пульмонологияда.