Қолдану көрсеткіштері
Шығу тегі функционалды немесе органикалық диспепсиялық симптомдарды, метеоризмді және іштің кебуін, өңештің жарығымен және эзофагитпен байланысты қыжылды жеңілдету үшін жел айдайтын және антацидті дәрі.

- белсенді затқа немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- кахексия
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- жүктіліктің бірінші триместрі
- гипофосфатемия
- 12 жасқа дейінгі балалар
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Сималгель препаратын басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, себебі препарат басқа дәрілік заттардың сіңуін бұзуы мүмкін, егер оларды 1 сағат ішінде қабылдаса. Препаратты және басқа да дәрілік заттарды қабылдау арасындағы 2 сағаттан артық аралықты сақтау ұсынылады.
Құрамында алюминий бар антацидтер тетрациклиндердің, дәрумендердің, ципрофлоксациннің, кетоконазолдың, гидроксихлорохиннің, хлорохиннің, хлорпромазиннің, рифампициннің, цефдинирдің, цефподоксимнің, левотироксиннің, розувастатиннің, Н2-гистаминдік рецепторлар блокаторларының, атенололдың, циклиндердің, дифлунисалдың, дигоксиннің, бисфосфонаттардың, этамбутолдың, фторхинолондардың, натрий фторидінің, глюкокортикоидтардың, индометациннің, изониазидтің, линкозамидтердің, метопрололдың, фенотиазин туындылары тобының нейролептиктерінің, пропранололдың, пеницилламиннің және темір тұздарының сіңуін төмендетуі мүмкін.
Левотироксин сонымен қатар симетиконмен байланысуы мүмкін, ол левотироксиннің сіңуін кешіктіруі немесе төмендетуі мүмкін.
Полистиролсульфонат
Калийді байланыстырудағы шайыр тиімділігінің төмендеу қаупіне, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде метаболизмдік алкалоз қаупіне (алюминий гидроксиді және магний гидроксиді), сондай-ақ ішектің бітелу қаупіне (алюминий гидроксиді) байланысты полистиролсульфонатпен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.
Хинидин
Құрамында алюминий бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы хинидин концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл хинидиннің артық дозалану қаупімен байланысты.
Тетрациклиндер
Сималгель препаратының құрамында алюминийдің бар болуына байланысты препаратты құрамында тетрациклиндер тобының антибиотиктері немесе тетрациклиндердің басқа тұздары бар дәрілік заттармен біріктірілімде қолдануға болмайды.
Цитраттар
Алюминий гидроксидін цитраттармен бірге пайдаланған кезде қан плазмасындағы алюминий деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде.
Магний гидроксидін қолдануға байланысты несептің сілтіленуі кезінде кейбір дәрілік заттардың организмнен шығарылуы өзгеруі мүмкін; мысалы, магний гидроксиді мен салицилаттарды бір мезгілде қолданғанда салицилаттар шығарылуының жоғарылауы байқалады.
Арнайы ескертулер
Алюминий гидроксиді іш қатудың дамуын туындатуы мүмкін. Магний тұздарымен артық дозалану ішек моторикасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Препараттың жоғары дозаларын қолдану мұндай асқыну қаупі жоғары пациенттерде, мысалы, егде жастағы немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ішектің бітелуін туындатуы немесе ушықтыруы мүмкін.
Алюминий гидроксиді асқазан-ішек жолында аз мөлшерде сіңеді, сондықтан бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде жүйелік әсер сирек байқалады. Алайда, препаратты жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт бойы қолдану, сондай-ақ фосфор мөлшері төмен диетаны ұстанатын пациенттерде ұсынылған дозаларда қолдану сүйек тіні резорбциясының жоғарылауымен, гиперкальциуриямен және остеомаляцияның даму қаупімен байланысты фосфат тапшылығына (алюминийдің фосфат-иондарын байланыстыру қабілетіне байланысты) әкелуі мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт бойы қолданғанда немесе фосфат тапшылығы қаупі бар болған жағдайда, медициналық бақылауды қамтамасыз ету ұсынылады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қан плазмасындағы алюминий мен магний концентрациясы жоғарылайды. Мұндай пациенттерде алюминий және магний тұздарын ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қолданғанда энцефалопатия, деменция, микроциттік анемия немесе диализге байланысты остеомаляция ауырлығының жоғарылау қаупі бар.
Алюминий гидроксиді гемодиализдегі порфириямен ауыратын пациенттер үшін қауіпті болуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде антацидтерді ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды.
Балалар
Кішкентай балаларда магний гидроксиді гипермагниемияны туындатуы мүмкін, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы немесе сусыздану кезінде.
Қосымша заттар
Сималгель препаратының құрамында маннитол бар, ол шамалы іш жүргізетін әсер етуі мүмкін.
Сималгель препаратының құрамында фруктозаның көзі болып табылатын сорбитол (5 мл суспензияда 70 мг) бар; тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.
Препараттарды бір мезгілде қолданғанда немесе құрамында сорбит (немесе фруктоза) бар өнімдерді тамаққа қолданғанда аддитивті әсерді назарға алу қажет.
Құрамында сорбит бар пероральді препараттар пероральді қабылдауға арналған бір мезгілде қолданылатын басқа препараттардың биожетімділігіне әсер етуі мүмкін.
Сималгель препаратының құрамында натрий метилгидроксибензоаты және натрий пропилгидроксибензоаты бар, олардың әрқайсысы аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін, соның ішінде кешіктірілген.
Сималгель препаратының құрамында этанолдың (алкогольдің) аз мөлшері бар, 5 мл суспензияда 100 мг-ден аз.
Сималгель препаратының құрамында 5 мл суспензияда 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік кезінде алюминий гидроксиді, магний гидроксиді мен симетиконның біріктірілген суспензиясын қолдану қауіпсіздігі анықталмаған (деректер жоқ).
Препаратты жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану ұсынылмайды.
Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады. Сималгель препаратын жүктілік кезінде әйел үшін ықтимал пайдасы ықтимал қауіптерден, оның ішінде шарана үшін қауіптен асатын жағдайларда ғана қолдану керек.
Лактация
Препаратты ұсынылған дозаларда қолдану кезінде шектеулі сіңуіне байланысты алюминий гидроксиді мен магний гидроксиді емшек сүтімен аз мөлшерде ғана бөлінуі мүмкін деп күтілуде.
Симетикон асқазан-ішек жолында сіңбейді.
Бала емізу кезінде балаға жағымсыз әсер күтілмейді, себебі лактация кезеңінде әйелдерде алюминий гидроксиді, магний гидроксиді және симетиконның жүйелік әсері шамалы.
Препаратты лактация кезінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер
Препаратты 5-10 мл-ден тамақ ішкеннен кейін 20-60 минуттан соң және ұйықтар алдында немесе қажет болған жағдайда, бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай қабылдайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ішуге арналған.
Қолданар алдында құтыны біртекті суспензия алғанға дейін сілку керек.
Препаратты дозалау үшін қаптамадағы өлшеуіш стақанды қолданады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозаланғанда ауыр симптомдардың даму ықтималдылығы аз.
Симптомдары
Алюминий гидроксиді мен магний тұздары біріктірілімімен жедел артық дозаланудың сипатталған симптомдары диареяны, іштің ауыруын, құсуды қамтиды. Препараттың жоғары дозалары қауіп тобындағы пациенттерде обструкция мен ішектің бітелуін туындатуы немесе ушықтыруы мүмкін.
Емі
Алюминий мен магний организмнен несеппен шығарылады. Жедел артық дозалану дамыған кезде емдеу кальций глюконатын (вена ішіне енгізу), регидратацияны, қарқынды диурезді қолдануды қамтиды. Бүйрек жеткіліксіздігі дамыған жағдайда гемодиализ немесе перитонеальді диализ жүргізілуі керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге кеңес алу үшін жүгіну керек.
100 мл, 250 мл, 300 мл препараттан қақпағы бар, күңгірт шыныдан жасалған құтыға салады.
1 құтыдан, дозалағыш стақаннан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден