Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - хлоропирамин гидрохлориді, 20 мг
қосымша зат - инъекцияға арналған су
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - хлоропирамин гидрохлориді, 20 мг
қосымша зат - инъекцияға арналған су
- аллергиялық ауруларда, соның ішінде есекжемде, маусымдық
аллергиялық ринитте, аллергиялық конъюнктивитте, тағамдық және
дәрілік аллергияда, қышынуда
- жәндіктер шағуына аллергиялық реакцияларда
- жанаспалы дерматитте, дерматографизмде
- жүйелік анафилаксиялық реакцияны және ангионевроздық ісінуді
адъювантты емдеуде
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық
- бронх демікпесінің жедел ұстамасы
- жаңа туған кезең және шала туу
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде препаратты қолдану бойынша бақыланатын клиникалық зерттеулер деректері жоқ. Алайда жаңа туғандарда, жүктіліктің соңғы айында антигистаминдік препараттарды қабылдаған аналарда ретролентальді фиброплазияның даму жағдайының болғаны сипатталған. Осыған байланысты препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Препаратқа жеткілікті деректер болмағандықтан емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды .
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде ұйқышылдық және психомоторлық функциялардың бұзылуын туғызуы мүмкін. Аллергопрессті бастапқы, жекелей анықталған қолдану кезеңінде көлік құралын басқаруға және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат етілмейді. Әрі қарайғы емдеу үдерісінде шектеулер дәрежесі препараттың жағымдылығына байланысты жекелей анықталады.
Дозалану режимі
Ересектер:
ұсынылатын тәуліктік доза – 20-40мг (1-2мл) бұлшықет ішіне .
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар:
Симптомдары: елестеулер, мазасыздық, атаксия, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, атетоз, құрысулар. Ерте жастағы балаларда қозу басымырақ кездеседі. Кейде ауыздың құрғауы, қарашықтың тұрақтанған кеңеюі, бет терісінің гиперемиясы, синустық тахикардия, несептің іркілуі, қызба туындайды. Антигистаминді препараттардың, соның ішінде Аллергопресстің артық дозалануы, әсіресе жаңа туған нәрестелерде өлімге әкелуі мүмкін. Ересектерде қызба мен бет терісі гиперемиясы үнемі байқалмайды, қозу кезеңінен соң құрысулар және содан кейін команың және 2-18 сағат ішінде пациенттің өліміне әкелетін кардио-респираторлық жеткіліксіздіктің даму ықтималдығымен құрысу депрессиясы болады.
Емі: тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесі көрсетілімдерін мониторингілеу, симптоматикалық ем, көрсетілімдер бойынша реанимациялық іс-шаралар ұсынылады. Спецификалық антидоты белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препарат қолдану туралы сізде кейбір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Өте сирек:
лейкопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, қан дискразиясы
аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакция)
тыныштандыратын әсер, әлсіздік, бас айналуы, атаксия, күйгелектік, тремор, құрысулар, бас ауыруы, эйфория, энцефалопатия, ұйқышылдық
көз ішінің қысымы артуы, глаукома ұстамалары
тахикардия, аритмиялар
артериялық гипотензия
бронх түйілуі
іштегі жайсыздық, ауыру, ауыз құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диарея немесе іш қатуы, анорексия,тәбеттің артуы
1 мл препараттан сындыру нүктесі немесе сақинасы бар шприцпен толтырылатын шыны ампулаларға құйылады.
Әр ампулаға заттаңба жапсырылады.
Препараты бар 5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С -ден 25 °С-ге дейінгі температурада
сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.