daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Усть-Каменогорске қаласындағы Арутимол Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | Доктор Герхард Манн

Усть-Каменогорске қаласындағы Арутимол Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | Доктор Герхард Манн

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық

Халықаралық атауы:

Тимолол

Өндіруші:

Доктор Герхард Манн

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

Емдеу ұзақтығы Балаларда - қысқа мерзімді емдеу үшін. Егде жастағы пациенттер Тимололды пациенттердің осы санатында қолданғанда мұқият дәрігерлік бақылау қажет. Басқа пациенттер Препаратты өкпе эмфиземасы, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, компенсация сатысындағы жүрек функциясының жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, аллергиялық емес созылмалы бронхит, бронхоспазм, вазомоторлы ринит, Рейно ауруы, феохромоцитома, метаболикалық ацидоз, ауыр цереброваскулярлық жеткіліксіздік, қант диабеті (әсіресе құбылмалы ағым), гипогликемия, гипертиреоз, миастения, ұстамалы ақсақтығы бар пациенттерге және гемодиализде жүрген пациенттерге аса сақтықпен қолданады. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: артық дозаланудан аулақ болу керек. Бір пероральді қабылданған тимолол таблеткасынан (10 мг) сіңірілген тимололдың жалпы мөлшері Арутимол препаратының 30 көз тамшысы құрамындағы 5 мг/мл мөлшеріне тең, бірақ препарат көз бен мұрынның шырышты қабаты арқылы тез сіңетіндіктен, бірнеше тамшы аритмияны, тамыр соғу жиілігінің қысқа мерзімді баяулауын, артериялық қысымның төмендеуін және бронхоспазмды тудыруы мүмкін. Емі: артық дозалану симптомдарын адренергиялық агонистердің көмегімен симптоматикалық емдеу керек: мысалы, изопреналин, добутамин және мүмкін дофамин. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынамыз.

Белсенді заттың дозасы:

0,5 %

Дәрілік түрі:

Көзге тамызатын дәрі 0,5%, 5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – тимолол малеаты 6,830 мг (5,0 мг тимололға шаққанда)

қосымша заттар: бензалконий хлориді, повидон K 30, динатрий эдетаты, динатрий фосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, инъекцияға арналған су.

Қолдану көрсеткіштері

- көзішілік жоғары қысым (көз гипертензиясы)

- глаукома (созылмалы ашық бұрышты глаукома)

- афакиялық глаукома және қайталама глаукоманың басқа да түрлері

- жабық бұрышты глаукома кезінде көзішілік қысымды төмендетуге арналған қосымша құрал ретінде (миотиктермен біріктірілімде)

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі немесе тыныс алу жолдарының басқа да ауыр созылмалы обструктивті аурулары

- синустық брадикардия( жүректің баяу соғуы), синустық түйіннің әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада

- II, III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

- жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі

- кардиогенді шок

- жайылған тері бөртпелерімен аллергиялық реакциялар

- ауыр атрофиялық ринит

- мөлдір қабықтың дистрофиясы

- балалар мен 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Глаукоманың кез келген емі сияқты, көзішілік қысым мен мөлдір қабықтың жағдайын үнемі бақылап отыру керек.

Жергілікті қолданылатын кез келген офтальмологиялық дәрі сияқты, тимолол да жүйелі түрде сіңеді. Тимололдың бета-адренергиялық компонентінің болуына байланысты-бета-адренергиялық құралдарды жүйелі қолдану кезіндегідей жүрек-қантамыр, өкпе және басқа да жағымсыз реакциялардың сол типтері пайда болуы мүмкін.

Офтальмологияда қолданған кезде жүйелі жағымсыз құбылыстардың даму жиілігі бета-адреноблокаторлардың пероральді түрлерін қолданғанға қарағанда төмен

Жүрек тарапынан болатын бұзылулар

Жүрек-қантамыр ауруларымен (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі) және гипотониямен ауыратын пациенттерде бета-блокаторлармен терапияны сыни бағалау және басқа дәрілермен емдеуді қарастыру керек. Жүрек бұзылыстарынан зардап шегетін пациенттер өршу белгілері мен жағымсыз реакцияларды бақылауы керек. Өткізгіштік уақытына олардың теріс әсеріне байланысты бета-блокаторларды бірінші дәрежелі АВ блокадасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Шеткергі қанайналымының ауыр бұзылулары бар пациенттерге (мысалы, Рейно ауруының ауыр түрі немесе Рейно синдромы) сақтықпен қолдану керек.

Тыныс жолдарының тарапынан бұзылулар

Кейбір офтальмологиялық бета - блокаторларды пайдаланғаннан кейін демікпесі бар пациенттерде бронхоспазмнан болатын өлімді қоса, респираторлық реакциялар туралы хабарланды.

0,5% Арутимол көзге тамызатын дәріні өкпенің жеңіл немесе орташа созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) бар пациенттерге және әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптен асқан жағдайда ғана сақтықпен қолдану керек.

Гипогликемия / Диабет

Бета-блокаторларды спонтанды гипогликемия дамитын пациенттерге немесе тұрақсыз диабеті бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-блокаторлар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Бета-блокаторлар гипертиреоздың белгілерін де бүркемелеуі мүмкін.

Мөлдір қабық тарапынан бұзылулар

Офтальмологиялық бета-блокаторлар көздің құрғауын тудыруы мүмкін. Мөлдір қабық тарапынан бұзылулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Басқа бета-блокаторлармен

Көзішілік қысымға әсері немесе жүйелік бета - блокаданың белгілі әсерлері бета-блокаторлармен жүйелі ем алып жатқан пациенттерде тимололды қолданғанда күшеюі мүмкін. Бұл пациенттердің реакцияларын мұқият бақылау керек. Жергілікті қолдану үшін екі бета-бөгеуші құралды пайдалану ұсынылмайды.

Анафилаксиялық реакциялар

Анафилаксиялық реакциялар қаупі: бета-блокаторлармен емдеу кезінде атопия тарихы немесе әртүрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакциялары бар пациенттер осы аллергендердің кездейсоқ, диагностикалық немесе терапиялық әсеріне көбірек бейім болуы мүмкін. Мұндай пациенттер әдетте анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін пайдаланылатын адреналин дозасына жауап бермеуі мүмкін.

Тамырлы қабықтың ажырауы

Сүзгілеу операцияларынан кейін сулы супрессивті емді (мысалы, тимолол, ацетазоламид) пайдалану кезінде хориоидтық қабыршақтану жағдайлары туралы хабарламалар бар.

Миастения гравис

Миастения грависі бар пациенттерде тимолол көзге тамызатын дәрісін қолданғанда жалпы жағдайдың нашарлағаны сипатталған.

Хирургиялық операциялар кезіндегі анестезия

Офтальмологиялық бета-блокаторлар жүйелік бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің әсерін тежеуі мүмкін. Егер пациент тимолол алса, анестезиологқа хабарлау керек.

Жүрек қызметі бұзылған пациенттер жағдайында тимолол сияқты жергілікті бета-блокаторларды бір мезгілде қолданудан және АВ өткізгіштігінің бұзылу, солжақ қарыншалық жеткіліксіздіктің және гипотонияның қаупіне байланысты кальций антагонистерін пероральді немесе вена ішіне енгізуден аулақ болу керек. Ми қанайналымы бұзылған пациенттерге қолданған кезде сақ болу керек. Тимололмен көзге тамызатын дәрілермен емдеуді бастағаннан кейін ми қанайналымының нашарлау белгілері болған кезде баламалы емді қарастыру керек.

Бұлшықет әлсіздігі бар пациенттерге сақ болу ұсынылады: тимололдың көзге тамызатын дәрілері бұлшықет әлсіздігін диплопия, қабақ птозы және жалпы әлсіздік сияқты миастения симптомдары ретінде күшейтеді.

Балалар мен жасөспірімдер

Глаукомасы бар балалар мен жасөспірімдерге тимолол бар көзге тамызатын дәріні, әдетте, сақтықпен қолдану керек.

Қажет болса, емдеуді тоқтату үшін ата-аналарға ықтимал жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Бақылауға жататын ықтимал белгілер, мысалы, жөтел және сырыл.

Жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде және балаларда апноэ мен Чейн-Стокс демінің туындау мүмкіндігіне байланысты тимололды барынша сақтықпен қолдану керек. Тимололмен емдеуді жаңа туған нәрестелерде қолданған кезде

апноэға портативті монитор пайдалы болуы мүмкін.

0,5% Арутимол тамшыларын қолдану допинг-бақылау кезінде оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Дәрілік заттың құрамында бензалконий хлориді бар.

Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларға сіңуі және жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін. Дәрі-дәрмекті қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау керек және оны 15 минут ішінде қайтадан қолдануға болмайды. Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін, әсіресе көзі құрғақ немесе мөлдір қабықтың аурулары бар пациенттерде. Егер дәрі-дәрмекті қолданғаннан кейін ерекше сезім, ашыту немесе көздің ауыруы болса, пациенттер дәрігермен кеңесу керек.

Ұзақ пайдаланған жағдайда пациенттер бақылауда болуы тиіс.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Тимололмен өзара әрекеттесу бойынша спецификалы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Басқа көзге тамызатын дәрілермен

Офтальмологиялық бета-блокаторлар мен адреналинді (адреналин) бір мезгілде қолданудан туындаған мидриаз туралы жеке хабарламалар бар.

Басқа дәрілік  препараттармен

Офтальмологиялық бета-блокаторлар кальций өзекшелерінің блокаторларымен, бета-адренергиялық бөгеуші заттармен, аритмияға қарсы дәрілермен (оның ішінде амиодаронмен), оймақгүл гликозидтерімен, парасимпатомиметиктермен немесе гуанетидинмен бірге енгізілгенде гипотензияға және/немесе елеулі брадикардияға әкелуі мүмкін аддитивті әсерлер болуы мүмкін.

CYP2D6 тежегіштері (хинидин, СКҚСТ)

CYP2D6 тежегіштерін (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололды бір мезгілде пайдалану жағдайларында жүйелік бета-блокаданың (мысалы, жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) күшеюі туралы хабарланды.

Тубокураринмен жүйке-бұлшықет блокадасын бета-рецептордың тежелуімен күшейтуге болады (Арутимол 0,5% тамшылары).

Бета-блокаторларды және β2-симпатомиметиктерді бір мезгілде енгізген кезде

β2-симпатомиметиктердің әсері азаюы мүмкін және ауыр бронхоспазм қаупі туындайды.

Инсулинді немесе диабетке қарсы басқа да дәрілерді бір мезгілде енгізген кезде, әсіресе физикалық күш салу, симптомдардың өршуі немесе бүркемеленуі жағдайларында қандағы глюкоза тапшылығының (гипогликемия) пайда болу қаупі бар.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Жүкті әйелдерде тимололды қолдану туралы түпкілікті деректер жоқ. Егер абсолютті қажеттілік болмаса, тимололды жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Эпидемиологиялық зерттеулер даму ақауларын анықтаған жоқ, бірақ пероральді бета-блокаторлармен емдеу кезінде құрсақішілік өсудің баяулау қаупін көрсетті. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерде бета-блокаторларды босанғанға дейін қолданған кезде бета-блокаданың белгілері мен симптомдары (мысалы, брадикардия, гипотония, тыныс алудың қиындауы және гипогликемия) байқалды. Босанғанға дейін 0,5% Арутимолды қолданғанда, жаңа туған нәресте өмірдің алғашқы бірнеше күнінде мұқият бақылауда болуы керек.

Бала емізу

Бета-блокаторлар емшек сүтіне енеді. Алайда, көзге тамызатын дәрідегі тимололдың емдік дозаларында нәрестеде бета-блокаданың клиникалық симптомдарын тудыруы үшін емшек сүтінде жеткілікті мөлшерде анықталуы екіталай.

Фертильділік

Тимолол препаратының адамның фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дұрыс мөлшерлеу кезінде Арутимол препараты көру тарапынан естен тану немесе бұзылулар туғызбайды, сондықтан көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді. Алайда, препарат қан қысымын төмендетуі мүмкін, бұл кейбір пациенттерде шаршау мен бас айналуды тудыруы мүмкін. Бұл туралы пациентке емнің басында хабарлау қажет.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Жүкті әйелдерде тимололды қолдану туралы түпкілікті деректер жоқ. Егер абсолютті қажеттілік болмаса, тимололды жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Эпидемиологиялық зерттеулер даму ақауларын анықтаған жоқ, бірақ пероральді бета-блокаторлармен емдеу кезінде құрсақішілік өсудің баяулау қаупін көрсетті. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерде бета-блокаторларды босанғанға дейін қолданған кезде бета-блокаданың белгілері мен симптомдары (мысалы, брадикардия, гипотония, тыныс алудың қиындауы және гипогликемия) байқалды. Босанғанға дейін 0,5% Арутимолды қолданғанда, жаңа туған нәресте өмірдің алғашқы бірнеше күнінде мұқият бақылауда болуы керек.

Бала емізу

Бета-блокаторлар емшек сүтіне енеді. Алайда, көзге тамызатын дәрідегі тимололдың емдік дозаларында нәрестеде бета-блокаданың клиникалық симптомдарын тудыруы үшін емшек сүтінде жеткілікті мөлшерде анықталуы екіталай.

Фертильділік

Тимолол препаратының адамның фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дұрыс мөлшерлеу кезінде Арутимол препараты көру тарапынан естен тану немесе бұзылулар туғызбайды, сондықтан көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді. Алайда, препарат қан қысымын төмендетуі мүмкін, бұл кейбір пациенттерде шаршау мен бас айналуды тудыруы мүмкін. Бұл туралы пациентке емнің басында хабарлау қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Емнің басында Арутимол 0,5% препаратын 1 тамшыдан күніне 2 рет тамызады.

Егер тұрақты қолдану кезінде көзішілік қысым қалыпқа келтірілсе, препараттың 1 тамшысынан дозаны күніне 1 рет шектеу керек. Арутимол препаратымен емдеу, әдетте, ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Үзіліс немесе дозаны өзгерту емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.

Енгізу әдісі мен жолы

Субъконъюктивалық. Тамшыларды зақымданған көзге тамызу.

Ықтимал жағымсыз реакцияларды болдырмау үшін бір қолдануда тек

1 тамшысын енгізу керек. Жүйелік сіңіруді мұрын-көзжас окклюзиясын қолдану және көзді

мүмкіндігінше ұзақ уақытқа жабу (мысалы, 3-тен 5 минутқа дейін) арқылы азайтуға болады. Бұл жүйелік жағымсыз реакциялардың төмендеуіне және жергілікті әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Арутимолмен емдеу, әдетте, ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Үзіліс немесе дозаны өзгерту емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.

Балаларда қолдану

Деректердің шектеулі болуына байланысты тимололды хирургиялық тәсіл туралы шешім қабылданғанға дейін және сәтсіз операция жағдайында әрі қарай нұсқаларды күте отырып, өтпелі кезең ішінде бастапқы туа біткен және бастапқы жасөспірімдер глаукомасында ғана қолдану үшін ұсынуға болады.

Балалардағы дозалау

Балаларда тимололды қолдану мәселесін қарастыру кезінде клиницистер осы дәрі-дәрмекпен емдеудің қауіптері мен артықшылықтарын мұқият бағалауы керек. Педиатриялық анамнезді егжей-тегжейлі талдау және жүйелі бұзылулардың болуын анықтау үшін баланы тексеру тимололды тағайындаудан бұрын болуы керек.

Дозалау бойынша ешқандай нақты ұсыныстар беруге болмайды, өйткені препаратты балаларда қолдану туралы шектеулі клиникалық деректер ғана бар.

Алайда, егер емдеудің пайдасы қауіптен асып кетсе, белсенді заттың ең төмен концентрациясын күніне бір рет қолдану ұсынылады. Егер көзішілік қысым талапқа сай бақыланбаса, зақымданған көзге дозаны күніне ең көбі екі тамшыға дейін абайлап арттыру мүмкіндігін қарастыру керек. Препаратты күніне екі рет қолданғанда, аралығы 12 сағат болуы керек. Сонымен қатар, пациенттер алғашқы дозаны тамызғаннан кейін медициналық мекемеде бір-екі сағат бойы мұқият бақылауда болуы, сондай-ақ операция жасалғанға дейін көздің және жүйелі жанама әсерлердің болуына мұқият бақылануы тиіс.

Педиатрияда қолдануға келетін болсақ, белсенді заттың 0,1% концентрациясы жеткілікті болуы мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Балаларда - қысқа мерзімді емдеу үшін.

Егде жастағы пациенттер

Тимололды пациенттердің осы санатында қолданғанда мұқият дәрігерлік бақылау қажет.

Басқа пациенттер

Препаратты өкпе эмфиземасы, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, компенсация сатысындағы жүрек функциясының жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, аллергиялық емес созылмалы бронхит, бронхоспазм, вазомоторлы ринит, Рейно ауруы, феохромоцитома, метаболикалық ацидоз, ауыр цереброваскулярлық жеткіліксіздік, қант диабеті (әсіресе құбылмалы ағым), гипогликемия, гипертиреоз, миастения, ұстамалы ақсақтығы бар пациенттерге және гемодиализде жүрген пациенттерге аса сақтықпен қолданады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: артық дозаланудан аулақ болу керек. Бір пероральді қабылданған тимолол таблеткасынан (10 мг) сіңірілген тимололдың жалпы мөлшері Арутимол препаратының 30 көз тамшысы құрамындағы 5 мг/мл мөлшеріне тең, бірақ препарат көз бен мұрынның шырышты қабаты арқылы тез сіңетіндіктен, бірнеше тамшы аритмияны, тамыр соғу жиілігінің қысқа мерзімді баяулауын, артериялық қысымның төмендеуін және бронхоспазмды тудыруы мүмкін.

Емі: артық дозалану симптомдарын адренергиялық агонистердің көмегімен симптоматикалық емдеу керек: мысалы, изопреналин, добутамин және мүмкін дофамин.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынамыз.

Артық дозалану

Симптомдары: артық дозаланудан аулақ болу керек. Бір пероральді қабылданған тимолол таблеткасынан (10 мг) сіңірілген тимололдың жалпы мөлшері Арутимол препаратының 30 көз тамшысы құрамындағы 5 мг/мл мөлшеріне тең, бірақ препарат көз бен мұрынның шырышты қабаты арқылы тез сіңетіндіктен, бірнеше тамшы аритмияны, тамыр соғу жиілігінің қысқа мерзімді баяулауын, артериялық қысымның төмендеуін және бронхоспазмды тудыруы мүмкін.

Емі: артық дозалану симптомдарын адренергиялық агонистердің көмегімен симптоматикалық емдеу керек: мысалы, изопреналин, добутамин және мүмкін дофамин.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынамыз.

Жанама әсерлері

Жергілікті қолданылатын басқа офтальмологиялық препараттар сияқты, тимолол жүйелі қанағымына сіңеді. Бұл жүйелі бета-адреноблокаторларды қолдану сияқты жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда төмен.

Аталған жағымсыз реакцияларға офтальмологиялық бета-адреноблокаторлар класында байқалатын реакциялар жатады.

Жиі

- бас ауыруы

Жиі емес

- мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі, беткейлік нүктелі кератит

- брадикардия

- диспноэ (ентігу)

- депрессия

- шаршағыштық

Сирек

құрғақ көз синдромы, блефароконьюнктивит, көрудің бұзылуы, диплопия, птоз

жүрек функциясының жеткіліксіздігі, аритмия

гипотензия, шеткергі және церебральді қанның перфузиясының төмендеуі

бас айналу

бронхоспазм (негізінен демікпе немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігі сияқты бронх обструктивті аурулары бар пациенттерде), мұрынның бітелуі

үрей, түнгі қорқынышты түс көру, сананың шатасуы

аса жоғары сезімталдық реакциясы: бөртпе, есекжем, алопеция

астения

Офтальмологиялық бета-блокаторлармен байқалған қосымша жағымсыз реакциялар Арутимол көзге тамызатын дәріні қолдану кезінде ықтимал орын алуы мүмкін.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жүйелі аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну, қышыну, анафилаксиялық реакция.

Метаболизмнің бұзылуы және тамақтанудың бұзылуы

Гипогликемия

Психика тарапынан бұзылулар

Ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, галлюцинация

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Естен тану, ми қанайналымының жедел бұзылуы, ми ишемиясы, миастения гравис және парестезия симптомдарының күшеюі.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Көздің тітіркенуі симптомдары (мысалы, күйдіру, ашыту, қышу, көзжас ағу, қызару), кератит, бұлыңғыр көру, фистулизация операцияларынан кейін тамырлы қабықтың ажырауы, мөлдір қабықтың ойықжарасы

Өте сирек мөлдір қабығы едәуір зақымдалған кейбір пациенттерде құрамында фосфат бар көзге тамызатын дәріні қолдануға байланысты мөлдірқабықтың кальцификациясы жағдайлары туралы хабарланды.

Жүрек тарапынан болатын бұзылулар

Кеуде аймағындағы ауырсыну, жүректің жиі соғуы, ісіну, жүректің іркілген жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, жүректің тоқтауы

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Рейно феномені

Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар

Жөтел

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Дисгевзия, жүрек айну, диспепсия, диарея, ауыздың құрғақтығы, іштің ауыруы, құсу.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі

Қаңқа бұлшықеттері мен дәнекер тінінің тарапынан бұзылулар

Миалгия

Репродуктивті жүйенің және сүт бездерінің тарапынан бұзылулар

Сексуальдық дисфункция, либидоның төмендеуі

Қолдануды тоқтатқаннан кейін әсер бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Егер тимололдың көзге тамызатын дәрісін ұзақ пайдаланғаннан кейін тоқтатса, гипотензивті әсері 2-4 апта бойы сақталуы мүмкін. Бета-блокаторлар, сондай-ақ басқасына енгізген кезде өңделмеген көзге гипотензивті әсер етуі мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

5 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған ақ түсті тығын-тамшылатқышы және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті бұрандалы қалпақшасы бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған ақ түсті жартылай мөлдір құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

30 ай.

Ашылғаннан кейін сақтау мерзімі - 6 аптадан артық емес.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАрутимол көз тамшылары 0,5% 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube