Қолдану көрсеткіштері
Препарат жүйке қозығыштығы жоғарылағанда, ашушаңдықта, жүрек-қантамыр бұзылуының неврозында қолданылады.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық;
жүктілік, емшек емізу кезеңі;
18 жасқа дейінгі балалар;
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лопарлар лактазасының тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Қатысты емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген. Гомеопатиялық препараттарды қолдану басқа дәрілік заттармен емдеуді жоққа шығармайды.
Арнайы ескертулер
Айрықша нұсқаулар
Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдаған кезде бұрыннан бар симптомдар (алғашқы нашарлау) уақытша өршуі мүмкін. Бұл жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және емдеуші дәрігерге қаралу керек.
Педиатрияда қолдану
Успокой препараты балаларға арналмаған.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Успокой препараты жүктілік және бала емізу кезінде әйелдерде қолдануға болмайды, өйткені оның тиімділігі мен қауіпсіздігі осы кезеңде зерттелмеген.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Успокой препаратымен емдеу кезеңінде аса назар аударуды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін (көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер, оператор жұмысы) потенциалды қауіпті қызмет түрлерін орындау кезінде сақ болу керек.