Қолдану көрсеткіштері
- Trichophyton spp. (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. tonsurans, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттерден туындаған тері мен шаштың зеңді инфекциясы.
Эрбинол кең таралған, ауыр мицелиальді зеңді ауруларын (дененің дерматофитиялары, дерматомикоз, табан дерматомикозы және бас дерматомикозы) және Candida тұқымдасының ашытқы тері инфекцияларын (мысалы, Candida albicans) емдеу үшін пайдаланылады, егер инфекцияның орналасуына, ауырлығына және таралуына байланысты пероральді ем қажет деп саналса ғана көрсетіледі
- дерматофиттерден (жіп тәрізді зеңдерден) туындаған онихомикоздарды (тырнақ микозын) емдеуде
Пероральді тербинафин қынап кандидозы мен кебектәрізді теміреткі кезінде тиімсіз.