Қолдану көрсеткіштері
- шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру синдромын басу үшін
- басқа емге төзімді, қызба синдромында.
- шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру синдромын басу үшін
- басқа емге төзімді, қызба синдромында.
- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- пиразолонның басқа туындыларына аса жоғары сезімталдық (мұның алдында осындай субстанцияларды қолданғаннан кейін анамнезінде агранулоцитозы болған пациенттерді қоса алғанда)
- бауырдың жедел порфириясы
- глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа жеткіліксіздігі (гемолиз қаупі бар)
- бауырдың және/немесе бүйректің ауыр түрдегі аурулары
- сүйек кемігі функциясының бұзылуы (мысалы, цитостатиктермен емдегеннен кейін) немесе гематопоэздік жүйе аурулары (апластикалық анемия, агранулоцитоз, лейкопения), инфекциялық нейтропения
- ҚҚСП қолданумен байланысты бронхтың түйілуі, бронх демікпесі, есекжем, жедел ринит
- жүтіліктің Ⅲ триместрі.
Темпалгин® М құрамында бидай крахмалы бар
Бұл дәрілік препараттағы бидай крахмалының құрамында глютеннің тек аздаған мөлшері бар, бұл целиакия (глютенді көтере алмаушылық) кезінде проблема туындатуы екіталай.
Бір таблетканың құрамында 3,4 микрограмм глютен бар.
Егер сізде бидайға аллергия бар болса (целиакиядан айырмашылығы бар жай-күй), Сізге бұл препаратты қабылдамаған жөн.
Кумаринді антикоагулянттар. Бір мезгілде қолданған кезде метамизол, ферменттердің индукциясы нәтижесінде, кумаринді антикоагулянттардың белсенділігін азайтуы мүмкін.
Метамизол (ауыру мен температураны төмендету үшін пайдаланылатын зат) бір мезгілде қабылдаған кезде ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер агрегациясына (қанның ұюы және тромбтардың түзілуі) әсерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан бұл біріктірілімді кардиоқорғау (профилактика) үшін аспириннің төмен дозаларын қабылдайтын пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Метамизол белгілі бір препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін болғандықтан, Темпалгин М келесі дәрілік заттармен сақтықпен қолдану керек:
- бупропион, депрессияны емдеу үшін немесе темекі шегуді тоқтату үшін қосымша дәрі ретінде қолданылатын дәрілік препарат;
- эфавиренц, АИТВ/ЖИТС емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат;
- метадон, тыйым салынған заттарға (апиындар деп аталады) тәуелділікті емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат;
- вальпроат, эпилепсияны немесе биполярлық бұзылысты емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат;
- такролимус, трансплантациясы бар пациенттерде ағзалардың ажырауын болдырмау үшін қолданылатын дәрілік препарат;
- сертралин, депрессияны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат.
Дозалау режимі
Доза ауырудың қарқындылығына немесе температураның жоғарылау дәрежесіне және метамизолға жекелей сезімталдығына байланысты.
Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер (салмағы > 53 кг)
Ересектер және 15 жастағы немесе одан асқан жасөспірімдер (салмағы > 53 кг көп) бір реттік доза түрінде метамизолдың 1000 мг дейін (2 таблетка) қабылдай алады, оны 6-8 сағаттық аралықпен күніне 4 ретке дейін қабылдауға болады. 4000 мг (8 таблеткаға сәйкес келеді) ең жоғары тәуліктік доза болып табылады.
Айқын әсерін ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан кейін күтуге болады.
10-нан 14 жасқа дейінгі балалар (салмағы 32 кг-ден 53 кг-ге дейін)
Келесі кестеде ұсынылған бірреттік дозалары және салмағына немесе жасына байланысты ең жоғары тәуліктік дозалары келтірілген:
10 таблеткадан қатты, мөлдір, түссіз ПВХ үлбірден/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір жақ беті пигментпен жабылған картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамада, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 133₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Усть-Каменогорске:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
1008₸
875₸
133₸