Құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат: Rhopalurus junceus шаян уы 30 CH - 0.01 мл
қосымша заттар – этанол, тазартылған су
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат: Rhopalurus junceus шаян уы 30 CH - 0.01 мл
қосымша заттар – этанол, тазартылған су
обырдан туындаған симптомдарды емдеу кезінде қосымша дәрі ретінде
ауыруды басу үшін.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 1 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препаратты тіл астына қолдану ұсынылады: ауыз таза, кез келген иіссіз және дәмсіз болуы тиіс, сондықтан препаратты қолданар алдында және одан кейін 15-30 минут бойы жеуге, ішуге, тісті тазалауға, темекі шегуге болмайды. Парфюмерия мен күшті иістерден алыста сақтау керек. Мұздатып қатыруға және басқа контейнерге құюға болмайды. Ұялы байланыс, динамиктер, радио, теледидар, электр қозғалтқыштары және т. б. сияқты электромагниттік өрістердің көздерінен алыста ұстаңыз.
Гастростомасы бар пациенттерде аталған ерітіндіні гастростомиялық түтік арқылы 12 сағат сайын енгізу керек.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде және емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Дозалау режимі
Тіл астына (сублингвальді).
8 сағат сайын тіл астына бес тамшыдан.
Егер пациент препараттың құрамында алкоголь болуына немесе ас қорыту жолының зақымдануына байланысты оны тікелей қолдануды көтере алмаса, 5 тамшыны 15 мл (бір үлкен қасық) қайнаған немесе тазартылған суда араластырып, аталған ерітіндіні 12 сағат сайын ішу арқылы қабылдау ұсынылады.
Гастростомасы бар пациенттерде аталған ерітіндіні гастростомиялық түтік арқылы 12 сағат сайын енгізу керек.
Емдеу ұзақтығы 4 ай.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
ВИДАТОКС 30 СН препараты 1 жасқа дейінгі балаларда қолданылмауы керек.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ
Енгізу әдісі мен жолы
Тіл астына (сублингвальді)
Дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрі-дәрмекті қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Анықталмаған
30 мл препараттан бұралатын тамшылатқыш-қақпағы бар қызғылт сары шыны құтыларға салынады. Құтыға заттаңба жапсырылады.
Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
6 немесе 12 құтыдан картоннан жасалған топтық қаптамаға салады.
Парфюмерия және қатты иістерден алыста сақтау керек.
Мұздатып қатыруға және басқа контейнерге құюға болмайды.
Түпнұсқалық қаптамасында, электромагниттік сәуле көздерінен алыста, 30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.