Қолдану көрсеткіштері
- Оральді контрацепция. Сұйықтықтың гормонға байланысты кідірісі мен осыдан болған симптомдары бар әйелдерге, сондай-ақ безеулі бөртпесі мен себореясы бар әйелдерге антиминералокортикоидтық және антиандрогендік қасиеттері бар біріктірілген оральді контрацептивті тағайындау пайдалы
Видора микро препаратын тағайындар алдында әйелде, әсіресе, веналық тромбоэмболияға (ВТЭ) қатысты жеке қауіп факторларын бағалау, сондай-ақ Видора микро препаратын басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен бірге қабылдау кезіндегі вена тромбоэмболиясы қаупімен салыстыру керек.