daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Цетрин Форте Таблеткалары 5 Мг/10 Мг №10 | Dr. Reddy’s Laboratories Limited

Актобе қаласындағы Цетрин Форте Таблеткалары 5 Мг/10 Мг №10 | Dr. Reddy’s Laboratories Limited
Сипаттама:

Дөңгелек, екі беті дөңес, екі жақ беткейі тегіс, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасындағы көрінісі: ядросы аққа жуық түстен жасылдау-сарыға дейін.

Өндіруші:

Dr. Reddy’s Laboratories Limited

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

- креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен ауыр бүйрек жеткіліксіздігі және гемодиализдегі пациенттерге - галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүктілік және бала емізу кезеңі

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/10 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Жыл бойы (тұрақты) және маусымдық (аралық) аллергиялық ринит симптомдарын емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға, пиперазиннің басқа туындыларына немесе препараттың басқа қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен ауыр бүйрек жеткіліксіздігі және гемодиализдегі пациенттерге

- галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және бала емізу кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Монтелукаст ұсынылған дозада теофиллин, преднизон, преднизолон, біріктірілген оральді контрацептивтер (норэтиндрон 1 мг/этинил эстрадиол 35 мкг), терфенадин, дигоксин және варфарин, гемфиброзил, итраконазол сияқты препараттардың фармакокинетикалық бейініне клиникалық маңызды әсер етпейді. Монтелукастты дәрілік заттармен бірге қатар жүретін препарат ретінде қолдану (тиреоидты гормондар, ҚҚСП, бензодиазепиндер, деконгестанттар) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесудің дамуына әкелмейді.

Монтелукастты Р450 цитохромы жүйесін индукциялау қабілеті бар препараттармен бір мезгілде қолдану:

Монтелукастты фенобарбиталмен емдеу аясында 10 мг дозада бір рет қабылдаған кезде монтелукастың AUC 40%-ға төмендейді. Монтелукастпен емдеу аясында фенитоин, фенобарбитал, рифампицин сияқты Р450 цитохромы жүйесін индукциялау қабілеті бар дәрілік заттарды алатын пациенттерде талапқа сай клиникалық бақылаудың орындылығы байқалады.

Монтелукастты Р450 цитохромы жүйесін тежеу қабілеті бар препараттармен бір мезгілде қолдану:

Монтелукаст – цитохром CYP2С8 жүйесі изоферментінің ықтимал тежегіші. Монтелукаст және росиглитазон препараттарын (негізінен CYP2C8 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың өкілі) бір мезгілде қолданған кезде росиглитазонның фармакокинетикалық бейініндегі өзгерістерді анықтамаған, бұл CYP2C8 изоферментінің монтелукастпен тежелуін растауға мүмкіндік бермеді. Осылайша, монтелукаст паклитаксел, росиглитазон және репаглинид сияқты осы изоферменттің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың фармакокинетикалық бейініне әсер етпейді деп болжауға болады.

Левоцетиризиннің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілген жоқ. Цетиризин рацематының псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен дәрілік өзара әрекеттесуін зерделеу кезінде клиникалық маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулер анықталмаған.

Теофиллинмен (тәулігіне 400 мг) бір мезгілде тағайындағанда цетиризиннің жалпы клиренсі 16%-ға төмендейді (теофиллин кинетикасы өзгермейді). Кейбір жағдайларда левоцетиризинді ОЖЖ-ны тежейтін алкогольмен немесе дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда, цетиризин рацематы алкогольдің әсерін күшейтпейтіні дәлелденбесе де, олардың ОЖЖ-ға әсері күшеюі мүмкін.

Ритонавир плазмадағы цетиризин құрамын шамамен 42%-ға арттырады, бұл жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюымен (53%) және цетиризин клиренсінің төмендеуімен (29%) қатар жүрген. Цетиризинді бір мезгілде қолданғанда ритонавирдің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшыққа қапталады.

1 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЦетрин Форте таблеткалары 5 мг/10 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube