Қолдану көрсеткіштері
Девилон дәрілік препараты ересек пациенттерде мынадай инфекцияларды емдеу үшін қолдануға арналған:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойықжарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.
Төменде атап көрсетілген инфекциялар үшін Девилон әдетте осы инфекцияларға бастапқы ем ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкінсіздігі негізделген жағдайларда ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит
- бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит.
Таблеткалар түріндегі Девилон препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізе отырып, бастапқы ем жүргізгеннен кейін жай-күйінің жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін.
Бактерияға қарсы агенттерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.