daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Гепарин Бөтелкелері 5000 Бірлік/мл 5 Мл №5 | Белмедпрепараты РУП

Қоймада жоқ
Актобе қаласындағы Гепарин Бөтелкелері 5000 Бірлік/мл 5 Мл №5 | Белмедпрепараты РУП

Халықаралық атауы:

Натрий гепарині

Өндіруші:

Белмедпрепараты РУП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді заттың дозасы:

5000ЕД/мл 5мл

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

– тромбоэмболия профилактикасы;

– антикоагулянттық препарат ретінде вена және артерия тромбоэмболияларын емдеу (миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардияның бұрынғы емдеуін қоса);

– экстракорпоральді қан айналымы үдерісіндегі қан ұюының профилактикасы (мысалы, жасанды қан айналдыру аппаратын және гемодиализді пайдалану кезінде).

Қарсы көрсеткіштер

– гепаринге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;

– анамнезден белгілі, әрі клиникалық қадағалаулар негізінде болжанатын II типті гепарин индукциялаған иммундық тромбоцитопения;

– қан кету белгілері немесе жоғары қан кету қаупі;

– сепcиcтік эндокардит;

– жұлындық немесе эпидуральді анестезия, люмбальді пункция;

Гепаринді профилактикалық емес емдік дозаларда қабылдап жүрген пациенттерге жоспарлы хирургиялық араласулар жасалғанда жергілікті орналасымдағы анестезия мен люмбальді пункция қарсы көрсетілімді. Бұдан бөлек, осындай пациенттерге эпидуральді катетерлер орнату қарсы көрсетілімді. Эпидуральді немесе жұлын катетерін орнату немесе алып тастау пайдасы қаупінен артық болған жағдайда ғана жүргізілу керек.

– тамырларды зақымдауы мүмкін аурулар, мысалы: асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы, диастолалық қан қысымы 105 мм сын. бағ. артық артериялық гипертензия, бассүйекішілік қан кету; ОЖЖ зақымдануы немесе нейрохирургиялық араласулар, бассүйекішілік артериялық аневризма, ретинопатиялар (оның ішінде диабеттік ретинопатия), шыны тәрізді денеге қан кету; офтальмологиялық хирургиялық араласулар;

– геморрагиялық диатезбен байланысты мүшелердің зақымдануы;

– препарат құрамында бензил спирті болғандықтан, оны жаңа туған нәрестелерде, әсіресе, шала туған нәрестелерде («тұншығу» синдромы) пайдалану қарсы көрсетілімді.

Сақтық шаралары

Гепарин қан кету қаупі бар пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.

Тромбоциттер функциясына немесе қанның ұю жүйесіне әсер ететін препараттар, әдетте, гепаринмен бір мезгілде қолданылмайды.

Ұзақ немесе қайтымсыз салдануға алып келуі мүмкін жұлындық немесе эпидуральді гематоманың түзілу қаупіне байланысты, профилактикалық дозаларда гепарин алатын пациенттерде жұлындық немесе эпидуральді анестезияны қолданғанда, сондай-ақ жұлын пункциясын жасағанда сақ болуға кеңес беріледі.

Қауіп анестезия үшін эпидуральді немесе жұлын катетерлерін пайдалану және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (ҚҚСП), тромбоциттер агрегациясының тежегіштері немесе антикоагулянттар сияқты гемостазға әсер ететін препараттарды бір мезгілде қолдану, сондай-ақ жарақаттайтын немесе қайталанатын пункциялар кезінде артады.

Гепариннің профилактикалық дозасын (тәулігіне ≤ 15 000 ХБ гепарин) соңғы енгізу мен эпидуральді немесе жұлын катетерін орнату немесе алып тастау арасындағы аралықты белгілегенде бұйым сипаттамаларын және пациенттің жай-күйін ескеру керек. Эпидуральді немесе жұлын катетерін орнату немесе алып тастау гепаринді соңғы енгізуден кейін 4-6 сағат өткен соң барып жүзеге асуы жөн, ал келесі дозаны емшарадан кейін 1 сағаттан соң барып енгізу керек. Гепариннің емдік дозасын (тәулігіне > 15 000 ХБ гепарин) соңғы енгізу арасындағы аралықты белгілегенде эпидуральді немесе жұлын катетерін орнату немесе алып тастауды гепаринді вена ішіне енгізуден кейін 4-6 сағат немесе гепаринді тері астына енгізуден кейін 8-12 сағат өткен соң барып жүргізген жөн, ал келесі дозаны операция аяқталғанша кейінге қалдыру немесе одан кейін, кем дегенде, 1 сағат өткен соң енгізу керек.

Эпидуральді немесе жұлын анестезиясы аясында антикоагулянт енгізу қажет болса, арқаның ауыруы, сенсорлық және моторлық тапшылық (аяқтың ұюы мен әлсіреуі), ішек немесе қуық дисфункциясы сияқты неврологиялық бұзылулардың кез келген белгілері мен симптомдарының пайда болуын мұқият қадағалау керек. Пациенттерді осы белгілердің кез келгені пайда болғанда дереу дәрігерге немесе медбикеге хабарласу қажеттілігінен хабардар ету керек. Эпидуральді немесе жұлынға қан құйылудың белгілері немесе симптомдарына күмән туындағанда, жұлын-ми декомпрессиясын қоса, диагностикалау мен емдеуді кідіріссіз бастау керек.

Гепаринді бұлшықет ішіне енгізуге, сондай-ақ қан кетудің даму қаупіне орай, бұлшықетішілік инъекциялар жасауға болмайды.

Гепарин индукциялаған тромбоцитопения (ГИТ)

Иммунитет арқылы гепарин индукциялаған тромбоцитопенияның (II тип) даму қаупіне орай, емдеуді бастар алдында және бүкіл ем кезеңі бойына тромбоциттер санына баға беру қажет. Тромбоцитопения дамуында емдеуді дереу тоқтату керек. Тромбоциттер саны, әдетте, емдеуді тоқтатудан кейін 2-4 апта ішінде қалып шегіне оралады.

Гепарин индукциялаған тромбоцитопения (II тип) жағдайында гепаринге балама ретінде төмен молекулалық гепаринді пайдалануға болмайды.

Гиперкалиемия

Гепарин альдостеронның бүйрек үсті бездерімен секрециясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл әсіресе қант диабеті және бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, бұрыннан келе жатқан метаболизмдік ацидоз, плазмада жоғары калий деңгейі бар пациенттерде немесе калий жинақтаушы диуретиктерді қабылдау аясында, сондай-ақ ұзақ уақыт емдеуде гиперкалиемияға алып келеді.

Гепаринмен емдеуді бастар алдында және бүкіл ем кезеңі бойына қауіп тобындағы пациенттер плазмасында калий деңгейін анықтау керек. Гепаринмен байланысты гиперкалиемия, әдетте, емдеуді тоқтатудан кейін басылады, дегенмен өмір сапасын жақсарту қабілетін дәлелдеген басқа дәрілік препараттарды да қарастыру (мысалы, калий тұтынуды төмендету, калий деңгейіне әсер етуі мүмкін басқа дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтату) керек.

Гепаринді қолдануға болмайды:

– қан кету қаупімен қатерлі ісікке күмән туындағанда;

– бүйректе немесе несепағарда тастар болғанда;

– созылмалы алкоголизмде;

– жүктілікте, әсіресе, ұзақ уақыт қолданғанда;

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде (әсіресе, әйелдерде) қан кету қаупі жоғары.

Гепаринді қолдану кезінде тромбоэмболиялық асқынулар туындаған жағдайда II типті гепарин индукциялаған тромбоцитопенияның даму мүмкіндігін бағалау және тромбоциттер санын есептеп шығару керек.

Балаларға, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге гепарин тағайындалғанда; сондай-ақ гепаринді тромбоэмболия профилактикасында пайдалану («төмен дозалармен» емдеу) кезінде мұқият мониторинг өткізу және қанның ұю жүйесін бақылау қажет.

Тәулігіне 22500 ХБ-дан астам гепарин қабылдайтын пациенттерде жарақаттану мүмкіндігін жоққа шығару қажет.

Гепаринді қолдану гиперменорея туындауына ықпал етуі мүмкін. Ерекше қатты немесе айналымнан тыс жатырдан қан кету жағдайында қосымша гинекологиялық тексеру көмегімен айрықша емдеуді талап ететін басқа органикалық бұзылыстарды жоққа шығару қажет.

Зертханалық диагностикалық тестілер

Гепаринмен емдеу үнемі ішінара белсендірілген тромбопластин уақытын (ІБТУ) және тромбоциттер санын бақылаумен қатар жүруі тиіс. Тромбоциттер санын есептеу керек:

- гепаринмен емдеу басталуына дейін;

- гепаринмен емделген 1 тәулік ішінде;

- одан кейін емдеудің алғашқы 3 аптасында әр 3 немесе 4 тәулік сайын жүйелі түрде;

- ем соңында.

Гепарин эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ), эритроциттер төзімділігі және комплемент байланысу реакциялары сияқты зертханалық тестілер нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, бұл қате нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Гепарин протромбин уақытына ықпал етуі мүмкін, бұл кумарин туындыларының дозасын таңдау кезінде ескерілу керек.

Гепаринді қолдану аясында қалқанша без функциясын анықтау тестілері трийодтиронин (T3) және тирозин (T4) жоғары деңгейін қате көрсетуі мүмкін.

Гепарин қауіп тобына жататын пациенттерде (мысалы, қант диабеті, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе сарысудағы калий деңгейін арттыратын препараттарды қабылдағанда) сарысудағы калий деңгейлеріне ықпал етуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Гепариннің антикоагулянттық әсері қанның ұю жүйесіне әсер ететін басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін, бұл қан кетудің даму қаупін арттырады. Оларға тромбоциттер функциясын бәсеңдететін препараттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, тиклопидин, клопидогрел, жоғары дозалардағы дипиридамол, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), оның ішінде фенилбутазон, индометацин, сульфинпиразон, IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының антагонистері және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ), сондай-ақ тромболитикалық препараттар, К дәруменінің антагонистері, С протеині және тромбиннің тікелей тежегіштері, пенициллин мен декстрандардың жоғары дозалары жатады. Аталған препараттардың біріктірілімінен аулақ болу немесе мұқият медициналық бақылаумен қолдану керек.

Арнайы нұсқаулар

Гепарин 9 мг/мл дәрілік препаратының құрамында бензил спиртінің болуы вена ішіне енгізу кезінде күрделі жағымсыз реакциялардың даму қаупімен және жаңа туған нәрестелер өлімімен («тұншығу» синдромы) байланысты. Жағымсыз реакцияларды туындататын бензил спиртінің ең төменгі деңгейі белгісіз.

Бензил спирті жаңа туған нәрестелер мен кішкентай жастағы балаларда күрделі жағымсыз реакциялардың («тұншығу синдромы») даму қаупімен байланысты. Ерте жастағы балаларда (3 жасқа дейін) препаратты, жинақталуына орай, бір аптадан артық қолдануға болмайды.

Метаболизмдік ацидозбен көрініс беретін уытты реакциялардың жинақталу және даму қаупіне орай, бензил спиртінің көп мөлшерін сақтықпен және тек өте қажет болған жағдайда, әсіресе, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ жүктілік және лактация кезеңінде қолдану керек.

Аталған препарат құрамында 1 мл мөлшеріне 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни, шын мәнінде, құрамында натрий жоқ.

Пациенттердің ерекше топтары

Педиатрияда қолдану

Препаратты, құрамында бензил спиртінің болуына байланысты, жаңа туған нәрестелерде, әсіресе, шала туған нәрестелерде («тұншығу» синдромы) қолдану қарсы көрсетілімді.

Жүктілік

Жүктілік кезінде препаратты қолдануға тек маманның қадағалауымен рұқсат етіледі. Қазіргі уақытқа дейін жүктілік кезінде гепаринді тағайындау салдарынан шарананың даму ақауларының мүмкіндігін көрсететін деректер, сондай-ақ гепариннің эмбрио- немесе фетоуытты әсерін көрсететін нәтижелер жоқ.

Гепарин плацента арқылы өтпейді және клиникалық қажеттілік болса, оны жүктіліктің бүкіл кезеңі бойына қолдануға болады. Алайда, босану және өздігінен түсік тастауды қоса, эпидуральді анестезия кезінде қан кетудің даму қаупінің артуы туралы деректер бар.

Жұлындық немесе эпидуральді гематоманың түзілу қаупіне байланысты невроаксиальді анальгезия жасалғанда гепариннің емдік дозасын қолдану қарсы көрсетілімді.

Жүкті әйелдерде гепариннің емдік дозасын соңғы енгізу мен эпидуральді анестезия арасындағы аралық гепаринді вена ішіне енгізуден кейін кемінде 4-6 сағат немесе гепаринді тері астына енгізуден кейін 8-12 сағат болуы тиіс. Гепариннің профилактикалық дозасын соңғы енгізу мен инені немесе катетерді орнату арасындағы аралық кемінде 4-6 сағат болуы тиіс.

Гепаринді жүктілік кезінде ұзақ уақыт қолданғанда остеопороз дамуы мүмкін.

Бензил спирті плацента арқылы өтуі мүмкін екендіктен, жүктілік кезінде аталған дәрілік препарат қолданылмау керек.

Лактация

Гепарин емшек сүтімен бөлінбейді.

Фертильділік

Гепариннің ұрпақ өрбіту функциясына ықпал ету деректері жоқ. Егер босану кезінде эпидуральді анестезияны пайдалану көзделсе, гепарин қолдануды тоқтату керек. Антикоагулянттық ем қан кетудің туындау қаупінде, мысалы, қатер төндіретін аборт кезінде қарсы көрсетілімді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Натрий гепарині көпшілік жағдайларда зейін қою қабілетіне және психомоторлық реакциялар шапшаңдығына елеулі әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Гепарин дозасы әркімге жеке белгіленеді және қанның ұю жүйесі көрсеткіштерінің мәндеріне, аурудың сипаты мен ағымына, жүргізілетін емге берілетін реакцияға, жағымсыз реакциялардың сипаты мен айқындылығына, пациенттің жасы мен дене салмағына байланысты болады. Гепаринге жеке сезімталдықты, сондай-ақ гепаринмен емдеуге төзімділіктің өзгеруін ескеру қажет.

Дозалау режимі

Тромбоэмболиялар профилактикасы («төмен дозалармен» емдеу)

Препаратты тері астына енгізу жолы ұсынылады. Дозаны таңдау бойынша жалпы нұсқаулар төменде берілген.

Операцияға дейінгі және одан кейінгі тромбоэмболия профилактикасы

Операцияға дейін: операция басталуынан 2 сағат бұрын тері астына.5000 – 7500 ХБ гепарин.

Операциядан кейін: тромбоз қаупіне байланысты пациенттің дербес белсенділігі қалыпқа келетін немесе К дәруменінің антагонистері жеткілікті тиімді болатын сәтке дейін, әдетте, әр 8-12 сағат сайын 5000 ХБ немесе әр 12 сағат сайын 7500 ХБ гепарин тері астына енгізіледі.

Жекелеген жағдайларда дозаны түзету үшін қанның ұю жүйесінің көрсеткіштерін анықтау қажет болуы мүмкін.

Хирургиялық емес емдеу әдістерін пайдалану кезіндегі тромбоэмболия профилактикасы

(мысалы, ұзақ уақыт кезеңі бойына төсек режимі қажет болатын пациенттер, тромбоз қаупі жоғары немесе тромбоз қаупінің артуымен байланысты аурулары бар пациенттер)

Тромбоз қаупіне байланысты, әдетте, әр 8-12 сағат сайын 5000 ХБ немесе әр 12 сағат сайын 7500 ХБ гепарин тері астына енгізіледі.

Дозаны пациенттің коагуляция күйіне, қан ұю жүйесінің белсенділігіне және тромбоздың жеке қаупіне қарай түзету керек.

Дозаны пациенттің коагуляциялық статус көрсеткіштеріне, қан ұю жүйесінің белсенділігіне және тромбоз туындауының жеке қаупіне сәйкес түзету қажет.

Вена және артерия тромбоэмболиясын емдеу

Қан тамырларында тромбтар болғанда үздіксіз вена ішіне енгізу ұсынылады.

Ересектер

Бастапқыда 5000 ХБ гепарин вена ішіне болюстік инъекция түрінде енгізіледі, одан кейін инфузиялық сорғыны пайдаланумен сағатына 1000 ХБ гепаринді вена ішіне үздіксіз инфузиялауға ауысады.

Балалар

Бастапқыда кг дене салмағына 50 ХБ гепарин енгізіліп, одан кейін сағатына кг дене салмағына 20 ХБ гепарин енгізіледі. Үздіксіз венаішілік инфузия жасау мүмкін болмаса, гепаринді тері астына енгізуге болады, бұл ретте тәуліктік дозаны емдік әсерін мұқият бақылаумен тері астына 2-3 инъекцияға (мысалы, әр 12 сағат сайын 10000 ХБ – 12500 ХБ гепарин) бөледі.

Әдетте, емді бақылау және дозаны түзету қалып шегіндегі көрсеткіштерден 1,5-2,5 есе асып түсуі тиіс ІБТУ мәндеріне сәйкес жүзеге асады. Үздіксіз инфузия кезінде емдеу басталуынан кейін 1-2 сағат, 6 сағат, 12 сағат және 24 сағат өткен соң ІБТУ анықтау ұсынылады. Тері астына енгізгенде көрсеткіштерді анықтауды екінші дозаны тағайындаудан кейін 6 сағаттан соң жүргізу қажет.

Дозаны таңдау кезінде төмендегі ұсынымдарды ескеру қажет.

Вена тромбоэмболиясын емдеу

Бастапқыда вена ішіне болюсті инъекция түрінде 5000 ХБ гепарин енгізіледі, одан кейін инфузиялық сорғыны пайдаланумен сағатына 1000 ХБ жылдамдықпен гепариннің үздіксіз инфузиясы жасалады.

Дозаны бақылау мәнінен 1,5-2,5 есе артық болуы тиіс ІБТУ мәніне сәйкес түзету керек. Осындай ІБТУ мәніне алғашқы 24 сағат емделу кезінде қол жеткізілуі тиіс.

Емдеуді, кем дегенде, 4 тәулік бойы немесе ішке тағайындалған антикоагулянттардың жеткілікті әсеріне жетуге дейін жалғастыру қажет.

Тұрақсыз стенокардияны немесе Q тісшесіз миокард инфарктісін емдеуде қолдану

Бастапқы доза - болюсті инъекция түрінде вена ішіне 5000 ХБ гепарин, одан кейін сағатына 1000 ХБ гепариннің үздіксіз инфузиясы жасалады.

Дозаны олар бақылау мәнінен 1,5-2,5 есе артық болуы тиіс ІБТУ мәндеріне сәйкес түзетеді. Гепаринді кемінде 48 сағат ішінде енгізу қажет.

Жедел миокард инфарктісін емдеуде фибрин-спецификалық емес тромболитикалық препараттармен (мысалы, r-tPA) тромболизис жүргізу кезіндегі қосалқы ем

Бастапқы доза - вена ішіне болюсті инъекция түрінде 5000 ХБ гепарин, одан кейін сағатына 1000 ХБ гепариннің венаішілік инфузиясы жасалады. Доза бақылау мәнінен 1,5-2,5 есе артық болуы тиіс ІБTУ мәндеріне сәйкес түзетіледі. Гепаринді 48 сағат ішінде енгізу қажет.

Фибрин-спецификалық емес тромболитикалық препараттар тағайындалғанда 12500 ХБ гепаринді әр 12 сағат сайын тері астына енгізуге болады, осы ретте бірінші дозаны тромболизис (мысалы, стрептокиназа) басталуынан кейін 4 сағаттан соң енгізу керек.

Гепариннің дәл дозасы қолданылатын тромболитикалық препаратқа байланысты; тромболитикалық препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет.

Қанның ұю жүйесінің көрсеткіштерін дәл анықтау маңызды!

Экстракорпоральді қан айналдыру үдерісінде қолдану

Гемодиализ

Дозаны қанның ұю жүйесінің жағдайына және пайдаланылатын аппарат типіне қарай әркімге жеке белгілеу қажет.

Жасанды қан айналдыру аппараты

Дозаны жасанды қан айналдыру аппаратының типіне және операция ұзақтығына қарай әркімге жеке белгілеу қажет.

Енгізу әдісі және жолы

Гепарин тері астына немесе вена ішіне инъекция арқылы немесе венаішілік инфузия жолымен енгізіледі.

Тері астына инъекция

Теріні дезинфекциялаудан кейін гепарин дозасы жіңішке инені пайдаланып, денені бойлау өсіне тігінен, іш терісінің немесе санның жазылғыш беткейінің бос жиырған қатпарына қатаң түрде тері астына енгізіледі. Инъекция алдында иненің сыртқы бөлігінен ерітінді тамшыларын сүртіп тастау қажет, өйткені пункциялық арнаға енгізілген гепарин беткейлік гематоманы немесе (сирек жағдайларда) жергілікті аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін.

Абдоминальді және урогенитальді аумақтағы лимфа түйіндеріне резекция жасалған пациенттерде лимфа дренажының бұзылуын болдырмау үшін иықтың жоғарғы бөлігіне гепариннің теріастылық инъекциясын жасау қажет.

Венаішілік инфузия

Венаішілік инфузия үшін Гепаринді натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде сұйылтуға болады.

Қолдану уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

Гепаринді енгізу жолы, қолдану жиілігі мен ұзақтығы қолдану көрсетілімдеріне және дәрігер белгілеген дозалау режиміне байланысты.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Ауырлығы әртүрлі дәрежедегі қан кету. Гепарин тез шығарылатындықтан, аздап қан кету болса, препаратты қолдануды тоқтату жеткілікті. Ауыр қан кету жағдайында протамин сульфаты антидотын енгізу қажет болуы мүмкін. Пациенттер қалтқысыз қадағалауда болуы тиіс.

Симптомдары

Көбінесе тері жабындарынан, шырышты қабықтардан, жаралардан, асқазан-ішек жолынан, несеп-жыныс жолынан қан кету (мұрыннан қан кету, гематурия, мелена, гематомалар, петехиялар). Артериялық қысымның төмендеуі, гематокрит төмендеуі немесе жасырын қан кетуді көрсететін басқа симптомдар.

Емдеу

Аздап қан кету болса, препарат дозасын азайту немесе қолдануды тоқтату керек.

Пациент өміріне қатер төндірмейтін орташа қан кету кезінде гепаринді қолдану тоқтатылуы тиіс.

Пациенттің өміріне қатер төндіретін ауыр қан кету туындағанда тұтыну коагулопатиясы, фактор тапшылығы сияқты қан кету себептері жоққа шығарылған соң гепарин әсерін бейтараптандыру үшін протаминді қолдану қажет.

Протаминді өмірге қатерлі қан кету жағдайында ғана қолдану керек, өйткені гепаринді толық бейтараптандыру кезінде тромбоэмболиялық асқынулар қаупі жоғары болады. Протаминді қолданудан кейін емдеу қарқынды ем бөлімі жағдайларында жалғасуы және пациентті мұқият қадағалаумен қатар жүргізілуі тиіс.

Протамин, әдетте, хлорид немесе сульфат түрінде пайдаланылатын аргинин мөлшері жоғары ақуыз түрінде болады. Әдетте, 1 мг протамин 100 ХБ гепаринді бейтараптандырады (1 ХБ протамин 1 ХБ гепаринді бейтараптандырады). Бұл орайда қан сарысуынан гепариннің жартылай шығарылу кезеңін және енгізу тәсілін ескеру қажет, яғни:

- гепаринді вена ішіне енгізуден кейін 90 минуттан соң протаминнің есепті дозасының тек 50%-ы;

- гепаринді вена ішіне енгізуден кейін 3 сағаттан соң протаминнің есепті дозасының тек 25%-ы енгізілу керек.

Протаминді шамадан тыс енгізу қан кетуге бейімділікті арттырып, фибринолиз белсендірілуіне әкелуі мүмкін. Протаминді вена ішіне тым тез енгізу артериялық қысым төмендеуіне, брадикардияға, тыныс алудың нашарлауына және жайсыздық сезінуге себеп болуы мүмкін. Протамин қан арнасынан гепариннен әлдеқайда тезірек шығарылады. Демек, гепаринді бейтараптандыру ІБТУ көрсеткіштері бойынша бағаланады.

Гепаринге қатысты гемодиализ тиімсіз.

Препаратты қолдануға қатысты сұрақтар болса, медициналық қызметкерге хабарласу керек.

Артық дозалану

Ауырлығы әртүрлі дәрежедегі қан кету. Гепарин тез шығарылатындықтан, аздап қан кету болса, препаратты қолдануды тоқтату жеткілікті. Ауыр қан кету жағдайында протамин сульфаты антидотын енгізу қажет болуы мүмкін. Пациенттер қалтқысыз қадағалауда болуы тиіс.

Симптомдары

Көбінесе тері жабындарынан, шырышты қабықтардан, жаралардан, асқазан-ішек жолынан, несеп-жыныс жолынан қан кету (мұрыннан қан кету, гематурия, мелена, гематомалар, петехиялар). Артериялық қысымның төмендеуі, гематокрит төмендеуі немесе жасырын қан кетуді көрсететін басқа симптомдар.

Емдеу

Аздап қан кету болса, препарат дозасын азайту немесе қолдануды тоқтату керек.

Пациент өміріне қатер төндірмейтін орташа қан кету кезінде гепаринді қолдану тоқтатылуы тиіс.

Пациенттің өміріне қатер төндіретін ауыр қан кету туындағанда тұтыну коагулопатиясы, фактор тапшылығы сияқты қан кету себептері жоққа шығарылған соң гепарин әсерін бейтараптандыру үшін протаминді қолдану қажет.

Протаминді өмірге қатерлі қан кету жағдайында ғана қолдану керек, өйткені гепаринді толық бейтараптандыру кезінде тромбоэмболиялық асқынулар қаупі жоғары болады. Протаминді қолданудан кейін емдеу қарқынды ем бөлімі жағдайларында жалғасуы және пациентті мұқият қадағалаумен қатар жүргізілуі тиіс.

Протамин, әдетте, хлорид немесе сульфат түрінде пайдаланылатын аргинин мөлшері жоғары ақуыз түрінде болады. Әдетте, 1 мг протамин 100 ХБ гепаринді бейтараптандырады (1 ХБ протамин 1 ХБ гепаринді бейтараптандырады). Бұл орайда қан сарысуынан гепариннің жартылай шығарылу кезеңін және енгізу тәсілін ескеру қажет, яғни:

- гепаринді вена ішіне енгізуден кейін 90 минуттан соң протаминнің есепті дозасының тек 50%-ы;

- гепаринді вена ішіне енгізуден кейін 3 сағаттан соң протаминнің есепті дозасының тек 25%-ы енгізілу керек.

Протаминді шамадан тыс енгізу қан кетуге бейімділікті арттырып, фибринолиз белсендірілуіне әкелуі мүмкін. Протаминді вена ішіне тым тез енгізу артериялық қысым төмендеуіне, брадикардияға, тыныс алудың нашарлауына және жайсыздық сезінуге себеп болуы мүмкін. Протамин қан арнасынан гепариннен әлдеқайда тезірек шығарылады. Демек, гепаринді бейтараптандыру ІБТУ көрсеткіштері бойынша бағаланады.

Гепаринге қатысты гемодиализ тиімсіз.

Препаратты қолдануға қатысты сұрақтар болса, медициналық қызметкерге хабарласу керек.

Жанама әсерлері

Жиі:

– қан кету;

– гематомалар;

– эритема;

– бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы;

– лактатдегидрогеназа (ЛДГ), липаза немесе калийдің артуы;

– инъекция орнындағы реакциялар (қатаю, қызару, түсінің өзгеруі және аздаған гематомалар).

Жиі емес:

– тромбоцитопения, оның ішінде иммундық емес гепарин индукциялаған тромбоцитопения (I тип);

– анафилаксиялық реакция, бронх түйілуін және артериялық қысым төмендеуін қоса;

– гепарин индукциялаған тромбоцитопения (II тип);

– аса жоғары сезімталдықтың жергілікті немесе жүйелі реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса;

– калий деңгейінің жоғарылауы;

– тері некрозы;

– бөртпе (эритематозды, жайылған, макулярлы, макула-папулезді, папулезді және қышытатын бөртпені қоса);

– есекжем;

– қышыну;

– өтпелі алопеция;

– остеопороз (ұзақ уақыт қолданғанда);

– тұрақты және ауырсындыратын эрекция;

This document was truncated here because it was created in the Evaluation Mode.

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГепарин бөтелкелері 5000 бірлік/мл 5 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube