Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – гидрокортизон ацетаты – 0,5 г,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, (Е218), жұмсақ ақ парафин.
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – гидрокортизон ацетаты – 0,5 г,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, (Е218), жұмсақ ақ парафин.
- көздің аллергиялық ауруларында (қабақ дерматитінде, блефаритте, конъюнктивиттерде және кератоконъюнктивиттерде)
- мөлдір қабық эпителийі тұтастығының бұзылуы болмағанда көздің алдыңғы бөлігінің қабынулы көз аурулары (блефариттер, конъюнктивиттер және кератоконъюнктивиттер)
- термиялық және химиялық күю (мөлдір қабық ақауларының толық эпителизациясынан кейін)
- препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық
- көздің іріңді, вирустық, туберкулездік, зеңдік ауруларында
- глаукомада
- трахомада
- вакцинация кезеңі
- көз қабығының тұтастығы бұзылғанда
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен: артериялық гипертензия, қант диабеті.
Емдеу уақытында жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды. Көзге тамызатын дәріні пайдаланғанда инстилляция мен жақпамай жағу арасындағы аралық - 15 мин кем емес.
10 күннен астам қолданғанда және анамнезде ашық - немесе жабықбұрышты глаукома болғанда көзішілік қысымды бақылау қажет.
Жақпамайды қолданғаннан кейін 30 мин бойы жоғары назар аударуды талап ететін істерден бас тарта тұру қажет.
Сықпаны ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі – 1 ай.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препараттың жалпы қан ағысына ықтимал резорбциясында препаратты ұзақ қолдану кезінде гидрокортизон инсулиннің, пероральді гипогликемиялық препараттардың, гипотензиялық дәрілердің, антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді, қандағы салицилаттардың концентрациясын төмендетеді, празиквантелдің қан сарысуындағы концентрациясын төмендетеді. Гидрокортизонның жағымсыз әсерлерінің даму қаупін жоғарылатады: андрогендер, эстрогендер, пероральді контрацептивтер, анаболизмдік стероидтар (гирсутизм, безеулі бөртпе); психозға қарсы дәрілер, карбутамид, азатиоприн (катаракта); холиноблокаторлар, антигистаминді дәрілік заттар, трициклді антидепрессанттар, нитраттар (глаукома); диуретиктер (гипокалиемия).
Жүрек гликозидтерімен қолданғанда дигиталисті уыттану қаупі болуы мүмкін. Қорғасын және күміс препараттарымен бір мезгілде қолданғанда өзара белсенділігінің жойылуына әкеледі.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамына метилпарагидроксибензоат (Е218) кіреді, ол жергілікті қолданғанда баяу типті аллергиялық реакциялардың дамуын туындатуы мүмкін
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.
Жүктілік және лактация
Жүкті және бала емізетін әйелдерде гидрокортизон қолданудың қауіпсіздігін және тиімділігін зерттеу жүргізілмеді. Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда емшек сүтіне енуі туралы нақты деректер жоқ. Алайда қауіп толық жоққа шығарылмайды. Гидрокортизонды жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану шаранаға және балаға төнетін потенциалды қауіп ана үшін күтілетін емдік әсерден басым жағдайда емдеуші дәрігердің тағайындауымен ғана жол беріледі.
Қолдану ұзақтығы 7-10 күннен аспауы тиіс.
Препараттың құрамына метилпарагидроксибензоат (Е218) кіреді, ол жергілікті қолданғанда баяу типті аллергиялық реакциялардың дамуын туындатуы мүмкін
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.
Жүктілік және лактация
Жүкті және бала емізетін әйелдерде гидрокортизон қолданудың қауіпсіздігін және тиімділігін зерттеу жүргізілмеді. Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда емшек сүтіне енуі туралы нақты деректер жоқ. Алайда қауіп толық жоққа шығарылмайды. Гидрокортизонды жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану шаранаға және балаға төнетін потенциалды қауіп ана үшін күтілетін емдік әсерден басым жағдайда емдеуші дәрігердің тағайындауымен ғана жол беріледі.
Қолдану ұзақтығы 7-10 күннен аспауы тиіс.
Дозалау режимі
Конъюнктивальді қалтаға 1 см көзге арналған жақпамайды тәулігіне 2-3 рет енгізеді.
Бұл үшін түбекті ашып, басты ақырын артқа шалқайтып, жақпамай жолағын астыңғы қабаққа жағу қажет. Көзді абайлап жұмыңыз. Пайдаланғаннан кейін түбекті нығыздап жабыңыз.
Көзге арналған жақпамайды аппликациялау кезінде түбектің тері беткейімен немесе конъюнктивамен жанасуына жол бермеу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті.
Емдеу ұзақтыгы
Емдеу курсы 1-2 апта. Дәрігердің ұсынысы бойынша емдеу курсы ұзартылуы мүмкін.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалануы өте сирек белгіленген.
Симптомдары: жергілікті дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.
Препаратты қолдануды тоқтатқанда артық дозалану құбылыстары өздігінен кетеді.
Артық дозалануы өте сирек белгіленген.
Симптомдары: жергілікті дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.
Препаратты қолдануды тоқтатқанда артық дозалану құбылыстары өздігінен кетеді.
5 г алюминий сықпада.
Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
15 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Алғашқы ашылуынан кейінгі қолдану кезеңі 30 күн.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 8₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Актобе:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
253₸
245₸
8₸