daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Эксагин Қынаптық Таблеткалар №7 | Merkez Laboratory Pharmaceutic

Актобе қаласындағы Эксагин Қынаптық Таблеткалар №7 | Merkez Laboratory Pharmaceutic

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қисық сопақша пішінді, жиегі кертілген, екі беті дөңес, ақтан крем түстіге дейін, теңбілі болатын таблеткалар.

Өндіруші:

Merkez Laboratory Pharmaceutic

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

200 мг миконазол нитраты, 100 мг лидокаин гидрохлориді, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 102), магний алюминий силикаты, натрий крахмалы гликоляты, маннитол/ кросповидон/ поливинил ацетаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, магний стеараты.

Дәрілік түрі:

Қынаптық таблеткалар

Қаптамадағы саны:

7 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 750 мг метронидазол,

200 мг миконазол нитраты,

100 мг лидокаин гидрохлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 102), магний алюминий силикаты, натрий крахмалы гликоляты, маннитол/ кросповидон/ поливинил ацетаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, магний стеараты.

Қолдану көрсеткіштері

- Candida albicans туындаған қынаптық кандидозда

- анаэробтық бактериялар және Gardnerella vaginalis туындаған бактериялық вагинитте, Trichomonas vaginalis туындаған трихомонадты вагинитте

- аралас қынаптық инфекцияларда

- жүйелік микробқа қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенін емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- емдеу кезінде немесе емдеуді аяқтағаннан кейін 3 күн ішінде алкоголь қабылдаған пациенттер

- емделу кезінде немесе емді аяқтағаннан кейін 2 апта ішінде дисульфирамды қабылдаған пациенттер

- жүктіліктің I триместрі, соның ішінде трихомонадты вагинит жағдайындағы жүкті әйелдер

- лактация кезеңі

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, жүрек блокадасы, синустық түйін әлсіздігінің синдромы, айқын артериялық гипотония

- порфирия

- эпилепсия

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Тек қынапішілік қолдануға арналған. Ішке қабылдауға болмайды. Дисульфирамға ұқсас реакциялар болуы ықтималдығына байланысты емделу кезінде және курс аяқталғаннан кейін, ең кемі 24-48 сағат ішінде алкоголь қабылдауға жол бермеу қажет.

Үлкен дозалар және препаратты ұзақ уақыт жүйелі қолдану шеткері невропатияны және құрысуларды туындатуы мүмкін.

Лидокаин, әсіресе ол терінің кең ауқымында және окклюзиялық таңғыш астына қолданылғанда жүрек ырғағы бұзылуына,тыныс алу қиындығына, комаға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Эксагин құрамындағы лидокаиннің сіңуі өте төмен. Жергілікті жансыздандыратын дәрілердің теріс әсері 1/1000 пациенттен азда бақыланды.

Жүйелік жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі өте төмен, өйткені Эксагиннің қынаптық таблеткаларында болатын метронидазолды қынапішілік қолданған кезде, оның қан плазмасындағы концентрациясы өте төмен болады (пероральді түрде енгізумен салыстырғанда 2-12%). Вагиниттерде қынап шырышы қабынуы мүмкін, демек қынаптық күйдіру және қышыну алғашқы таблетканы енгізген кезде байқалуы мүмкін. Бұл симптомдар емдеуді жалғастырған кезде тез жоғалады.

Препаратты қолдану аясында шырышты қабықтардың күшті тітіркенуі пайда болғанда емдеуді тоқтатқан және кеңес алу үшін дәрігерге жүгінген жөн.

Эксагинді етеккір оралымы кезінде қолдану ұсынылмайды, өйткені препараттың тиімділігі азаяды немесе оны пайдаланғанда қиындықтар пайда болады.

Қынаптық таблеткаларды контрацептивтік диафрагмалармен және мүшеқаптармен бір мезгілде пайдаланғанда, резеңкенің таблетка негізімен өзара әрекеттесуі мүмкін екендігін ескере отырып, сақтық танытқан жөн.

Интимдік гигиенаға арналған басқа да өнімдер (тампондар, душқа арналған заттар, спермицидтер) емделу кезінде пайдаланылмауы тиіс.

Трихомонадты вагинит диагнозы бар пациенттерде олардың жыныстық серіктесін де бір мезгілде емдеуге кеңес беру қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төменде берілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда метронидазолдың абсорбциясының нәтижесінде дәрілік өзара әрекеттесудің келесі түрлері байқалуы мүмкін:

Алкоголь: дисульфирам тәрізді реакциялар (көңіл-күйдің нашарлауы, психикалық көңілсіздік және басқалар).

Амиодарон: кардиоуыттық әсерлері бар (ЭКГ-де – Q-T аралығының ұзаруы, полиморфты қарыншалық тахикардияның “torsades de pointes” типі, жүректің тоқтап қалуы).

Пероральді антикоагулянттар: антикоагулянттық әсерінің күшеюі (қан кетудің пайда болуының жоғары қаупі).

Фенитоин: фенитоин концентрациясының жоғарылауы және метронидазол концентрациясының төмендеуі.

Фенобарбитал: метронидазол концентрациясының төмендеуі.

Дисульфирам: орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (мысалы, психоздық реакциялар) болуы мүмкін.

Циметидин: клиренс төмендеуі және қанда метронидазол мен лидокаин концентрациялары жоғарылауы мүмкін, осының салдарынан – орталық жүйке жүйесі және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің дамуы және айқындылығының күшею қаупі бар.

Литий: литийдің уытты әсерінің күшею қаупі бар.

Астемизол және терфенадин: метронидазол мен миконазол осы қосылыстардың метаболизмін тежейді және олардың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады.

Фторурацил: қан плазмасында фторурацил концентрациясы және оның уытты әсері жоғарылайды.

Карбамазепин: қан плазмасында карбамазепин концентрациясы жоғарылайды.

Циклоспорин: циклоспориннің уытты әсері жоғарылайды.

Теофиллин және прокаинамид: қан плазмасында глюкоза концентрациясы және «бауыр ферменттері» белсенділігі жоғарылайды.

Миконазол нитратының сіңуі салдарынан дәрілік өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Аценокумарол, анизиндон, дикумарол, фенитоин, фенпрокумон, варфарин: қан кетулерінің қаупі бар.

Астемизол, цизаприд, терфенадин: клиренс төмендейді және аталған препараттардың концентрациялары жоғарылайды.

Фенитоин және фосфенитоин: уытты әсерлер қаупі бар (атаксия, гиперлексия, нистагм, тремор).

Фентанил: апиындық препараттардың әсер ету ұзақтығы артады (ОЖЖ, тыныс алудың тежелуі).

Глимепирид: гипогликемия.

Карбамазепин: карбамазепин клиренсі төмендейді.

Оксибутинин: оксибутинин клиренсі төмендейді, соның салдарынан қан плазмасында оның концентрациясы жоғарылайды (ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, іш қату, бас ауыру).

Оксикодон: қан плазмасында оксикодон концентрациясы жоғарылайды, оның клиренсі төмендейді.

Пимозид: кардиоуыттық әсерлері бар (ЭКГ-де – Q-T аралығының ұзаруы, полиморфты қарыншалық тахикардияның “torsades de pointes” типі, жүректің тоқтап қалуы).

Циклоспорин: уыттылық әсері күшейеді (бүйрек функциясының бұзылуы, холестаз, парестезиялар).

Толтеродин: P450 цитохромы 2D6 изоферменті белсенділігі төмендеген пациенттерде толтеродин биожетімділігі жоғарылайды.

Триметрексат: уыттық әсері жоғарылайды (сүйек кемігінің бәсеңдеуі, бүйрек пен бауыр функцияларының төмендеуі, АІЖ ойық жарасы).

Аритмияға қарсы препараттар: лидокаиннің уыттылығы жоғарылауы мүмкін.

Пропранолол: лидокаин клиренсі төмендейді.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Эксагин жыныстық қатынаста болып көрмеген қыздарға және жыныстық жетілуге жетпеген жас қыздарға пайдаланылмауы тиіс.

Егде жастағы пациенттер

Дозалау режимі ересек пациенттердегі сияқты.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының күрделі бұзылуларында метронидазолдың клиренсі төмендеуі мүмкін.

Метронидазолдың үлкен дозалары энцефалопатия симптомдарын туындатуы мүмкін және сондықтан бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бауыр энцефалопатиясынан зардап шегіп жүрген пациенттер үшін метронидазолдың күн сайынғы дозасы 1/3 дейін төмендетілуі тиіс.

Бауыр функциясы төмендеген пациенттерде лидокаиннің жартылай шығарылу кезеңі екі немесе одан көп есе артуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының төмендеуі лидокаиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбеуі мүмкін, бірақ метаболиттердің жиналып қалуын туындата алады. Эксагинді бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындағанда бұл ерекшеліктерді ескеру қажет.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктіліктің I триместрі аяқталғаннан кейін Эксагин болжамды пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен басым болған жағдайда дәрігердің бақылауымен қолданылуы мүмкін.

Емшек емізуді тоқтатқан жөн, өйткені метронидазол емшек сүтіне өтеді. Емізуді ем яқталғаннан кейін 24-48 сағаттан соң қайта бастауға болады.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эксагин автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, 1 қынаптық таблеткадан 7 күн бойы түнге қарай қынапқа терең енгізеді.

Енгізу әдісі және жолы

Таблеткаларды жатқан күйде қынапқа терең енгізген жөн.

Емдеу ұзақтығы

Ауру қайталанғанда немесе басқа емге резистентті вагиниттерде емдеу курсын 14 күнге дейін созу ұсынылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Ішке метронидазолдың 12 г астам дозасын абайсыз қабылдаған пациенттерді емдеу мүмкіндігі болуы ықтимал.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, қышыну, ауыздың темірі татуы, атаксия, парестезия, құрысулар, лейкопения, несептің күңгірттенуі. Миконазол нитраты артық дозаланғанда жүректің айнуы, құсу, көмей мен ауыздың құрғауы, анорексия, бас ауыру, диарея білінеді.

Емі: Препараттың үлкен дозасын байқамай ішке қабылдаған жағдайда асқазанды шаю жүргізіледі. Қажет болған жағдайда симптоматикалық ем тағайындалады. Арнайы антидоты жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолдануды дәрігердің бақылауымен іске асыру керек.

Артық дозалану

Ішке метронидазолдың 12 г астам дозасын абайсыз қабылдаған пациенттерді емдеу мүмкіндігі болуы ықтимал.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, қышыну, ауыздың темірі татуы, атаксия, парестезия, құрысулар, лейкопения, несептің күңгірттенуі. Миконазол нитраты артық дозаланғанда жүректің айнуы, құсу, көмей мен ауыздың құрғауы, анорексия, бас ауыру, диарея білінеді.

Емі: Препараттың үлкен дозасын байқамай ішке қабылдаған жағдайда асқазанды шаю жүргізіледі. Қажет болған жағдайда симптоматикалық ем тағайындалады. Арнайы антидоты жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолдануды дәрігердің бақылауымен іске асыру керек.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті мөлдір емес үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 3 таблеткадан салынады.

Поливинилхлоридті мөлдір емес үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 4 таблеткадан салынады.

Пішінді 1 қаптама №3 және пішінді 1 қаптама №4 медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыэксагин қынаптық таблеткалар №7 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube