daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Куленто Таблеткалары 10 Мг №28 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Актобе қаласындағы Куленто Таблеткалары 10 Мг №28 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Шеттері дөңгелек жиектелген шаршы пішінді, екі беті дөңес, ақшыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Монтелукаст

Өндіруші:

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты 81.30 мг, микрокристалды целлюлоза 102 тип, натрий кроскармеллозасы 10.00 мг, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабықтың құрамы: Опадри® II 85F270028 сарғыш (поливинил спирті, ішінара гидролизденген, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (II, III) қара тотығы (Е 172).

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ингаляциялық кортикостероидтармен жеткіліксіз түрде бақыланатын жеңіл және орташа дәрежедегі персистерлейтін бронх демікпесі кезінде, сондай-ақ қажеттілігі бойынша қолданылатын қысқа мерзімді әсер ететін β-агонистердің көмегімен бронх демікпесі симптомдарын клиникалық бақылау жеткіліксіз болған кезде қосымша емдеуде; бұл пациенттерде препарат маусымдық аллергиялық ринит симптомдарын жеңілдетеді;

басым компоненті денеге түсетін жүктемеден индукцияланған бронх түйілу болып табылатын бронх демікпесінің профилактикасында

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

Өзара әрекеттесуі

Куленто препаратын бронх демікпесін алдын алу және ұзақ мерзімді емдеу үшін дәстүрлі түрде қолданылатын басқа препараттармен бірге тағайындауға болады. Монтелукасттың ұсынылатын клиникалық дозасы мынадай препараттардың фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсерін көрсеткен жоқ: теофиллин, преднизон, преднизолон, пероральді ұрықтануға қарсы дәрілер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Монтелукаст қан плазмасындағы концентрация қисығының астындағы аудан (AUC) бір мезгілде фенобарбитал қолданған пациенттерде шамамен 40% - ға төмендеді. Монтелукаст CYP ЗА4, 2С8 және 2С9 арқылы метаболизденетіндіктен, әсіресе балаларда (Куленто препаратының жасына сәйкес дозаларын қолданғанда) фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP ЗА4, 2С8 және 2С9 индукторларымен монтелукастты бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек.

Монтелукаст CYP 2С8 күшті тежегіш болып табылады. Монтелукаст пен росиглитазон қолданылатын (маркерлік субстрат, негізінен CYP 2С8 арқылы метаболизденетін препараттардың өкілі) дәрілік өзара әрекеттесу деректері монтелукаст CYP 2С8 in vivo тежемейтінін көрсетті. Демек, монтелукаст осы фермент метаболиздейтін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне елеулі дәрежеде әсер етпейді.

Монтелукаст CYP 2С8 және аз дәрежеде 2С9 және ЗА4 субстраты болып табылады. Монтелукаст пен гемфиброзилдің (CYP 2C8 және 2С9 тежегіштері) өзара әрекеттесуін зерттеуде гемфиброзил монтелукасттың жүйелік экспозициясын 4,4 есе арттырды.

Гемфиброзилмен немесе CYP 2C8 басқа да күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде монтелукаст дозасын стандартты түзету талап етілмейді, алайда дәрігер осындай біріктірілімді қолданған кезде жағымсыз реакциялардың ықтимал күшеюі туралы хабардар болуы тиіс.

Зерттеулердің бар нәтижелерінің негізінде CYP 2С8 (мысалы, триметоприм) аз қуатты тежегіштерімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу күтілмейді. CYP ЗА4 күшті тежегіші итраконазолмен монтелукастты бір мезгілде қолдану монтелукасттың жүйелік экспозициясының айтарлықтай артуына себеп болған жоқ.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКуленто таблеткалары 10 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube