daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Париет Таблеткалары 20 Мг №14 | Бушу Фармасьютикалс Лтд

Актобе қаласындағы Париет Таблеткалары 20 Мг №14 | Бушу Фармасьютикалс Лтд

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сиямен жазылған «243» таңбасы бар ашық сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Рабепразол

Өндіруші:

Бушу Фармасьютикалс Лтд

Өндіруші ел:

Япония

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Дәрілік түрі:

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар 20 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының (ГЭРА) эрозиялық немесе ойық жаралы түрінде

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын ұзақ уақыт демеуші емінде (ГЭРА демеуші емі)

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын орташадан өте ауыр дәрежеге дейін симптоматикалық емдеуде (ГЭРА симптоматикалық емі)

- Золлингера-Эллисон синдромында

- асқазанның ойық жара ауруы бар пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында

Қарсы көрсеткіштер

- натрий рабепразолына немесе осы препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия (аса жоғары сезімталдық) бар («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған)

- жүктілік

- лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Париет® препаратын қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен сөйлесіңіз, егер:

- протонды помпаның басқа тежегіштеріне немесе «орын басқан бензимидазолдарға» аллергия бар болса

- кейбір пациенттерде қан мен бауыр тарапынан бұзылулар байқалды, бірақ олар Париет® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін жиі жақсарған

- асқазанның ісігі бар болса

- қашан болса да бауыр кінәраттары болса

- атазанавир қабылдап жүрсеңіз - АИТВ-инфекциясын емдеу үшін

- организміңізде B12 дәрумені деңгейінің төмендеуі немесе қауіп факторлары бар болса және натрий рабепразолымен ұзақ ем алып жүрсеңіз. Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін барлық препараттар сияқты, натрий рабепразолы В12 дәруменінің сіңуін төмендетуі мүмкін.

- қашан болса да асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін Париет® сияқты препаратпен емделгеннен кейін тері реакциясы болса.

- теріде, әсіресе күн сәулесі тиетін бөліктерде бөртпе пайда болса, бұл туралы дәрігерге мүмкіндігінше тезірек хабарлаңыз, өйткені Париет® препаратын қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін. Буындардың ауыруы сияқты кез-келген басқа жағымсыз реакциялар туралы да атап өтуді ұмытпаңыз.

- арнайы қан талдауын (хромогранин А) тапсыру керек болса.

Рабепразолды қабылдаған кезде бүйректің жедел қабынуы пайда болуы

мүмкін, оның белгілері мен симптомдары несеп көлемінің төмендеуін немесе несептегі қанның пайда болуын және/немесе қызба, бөртпе және буындардың сіресуі сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларын қамтуы мүмкін. Егер сізде осындай симптомдар дамыса, бұл туралы өзіңіздің емдеуші дәрігерге хабарлау қажет.

Егер жоғарыда айтылғандардың сізге қатысы бар екеніне сенімді болмасаңыз, Париет® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Рецептісіз алуға болатын препараттарды және өсімдік тектес препараттарды қоса алғанда, қандай да бір басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдасаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Атап айтқанда, егер келесі дәрілердің қайсы біреуін қабылдап жүрсеңіз, дәрігеріңізге хабарлаңыз:

- кетоконазол немесе итраконазол – зеңді инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Париет® қаныңыздағы осы препараттардың концентрациясын төмендетуі мүмкін. Дәрігер дозаны түзетуі мүмкін.

- атазанавир - АИТВ инфекциясын емдеу үшін қолданылады. Париет® қандағы осы препараттың концентрациясын төмендетуі мүмкін және оларды бірге қабылдауға болмайды.

- метотрексат (обырды емдеу үшін жоғары дозаларда пайдаланылатын химиотерапиялық препарат) – егер метотрексаттың жоғары дозасын қабылдасаңыз, дәрігеріңіз Париет® препаратымен емдеуді уақытша тоқтатуы мүмкін.

Егер жоғарыда айтылғандардың сізге қатысы бар екеніне сенімді болмасаңыз, Париет® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Арнайы ескертулер

Париет® құрамында натрий бар

Париет® таблеткаға 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни мәні бойынша «натрийсіз».

Педиатрияда қолданылуы

Париет® препаратын балаларға қолдануға болмайды.

Егер қызба, іштің ауыруы немесе ауырсыну сияқты симптомдары бар ауыр (сулы немесе қан аралас) диарея орын алса, Париет® препаратын қабылдауды тоқтату керек және дереу дәрігерге қаралу керек.

Париет® сияқты протонды помпа тежегіштерін қабылдау, әсіресе бір жылдан астам уақыт ішінде, ортан жіліктің, білезіктің немесе омыртқа бағанының сыну қаупін сәл арттыруы мүмкін. Егер сізде остеопороз болса немесе кортикостероидтарды қабылдасаңыз, (остеопороз қаупін арттыруы мүмкін) дәрігерге хабарлау керек.

Жүктілік және лактация кезінде

- Егер жүкті болсаңыз немесе жүктімін деп ойласаңыз, Париет® қабылдамаңыз.

- Егер емшекпен емізетін болсаңыз немесе емшекпен емізуді жоспарласаңыз, Париет® қолданбаңыз.

Егер жүкті болсаңыз немесе емшекпен емізетін болсаңыз немесе жүктімін деп ойласаңыз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, Париет® препаратын қабылдамас бұрын дәрігерден кеңес сұраңыз.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сіз Париет® препаратын қабылдағанда ұйқышылдықты сезінуіңіз мүмкін. Бұл жағдайда рульге отырмаңыз және механизмдерді басқармаңыз.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

14 таблеткадан алюминийдің екі қабатынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

Сақтау мерзімі 2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПариет таблеткалары 20 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
4
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Мая 2024
Комментарий: Прекрасный препарат, отлично снимает боли в желудке.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Июня 2023
Комментарий: Плюсы: Врач сказал, что это эффективное средство.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 Января 2023
Комментарий: Наилучший эффект при лечении гастрита и язвы дает именно он.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Сентября 2022
Комментарий: Лекарство отличное, действительно действует.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube