Қолдану көрсеткіштері
Виагра® препаратының құрамында әсер етуші зат — 5 типті фосфодиэстераза (ФДЭ-5) тежегіштері деп аталатын дәрілік препараттар тобына жататын силденафил бар. Препарат жыныс мүшесіндегі қантамырлардың босаңсуына ықпал етеді, бұл сексуалдық қозу кезінде қанның жыныс мүшесіне қарай ағуына мүмкіндік береді. Виагра® Сізге сексуалдық стимуляция жағдайында ғана эрекцияға қол жеткізуге көмектеседі.
Виагра® импотенция ретінде белгілі эректильді дисфункциясы бар ересек еркектерді емдеуге арналған. Бұл еркек жыныстық қатынас жасау үшін жыныс мүшесін жеткілікті дәрежеде қатты, эрекцияланған күйінде ұстап тұра алмайтын немесе сондай күйіне қол жеткізе алмайтын жағдай.