daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Альфагин №60 Капсулалар | Хербион Пакистан Лтд

Астане қаласындағы Альфагин №60 Капсулалар | Хербион Пакистан Лтд
Сипаттама:

Капсулаларының корпусы мен қалпақшасында «ALFAGIN» жазуы бар өлшемі №0, күлгін түсті қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – күңгірт қоңыр түсті аморфты ұнтақ

Өндіруші:

Хербион Пакистан Лтд

Өндіруші ел:

Исламская Республика Пакистан

Белсенді ингредиент:

дәрілік эмблика жемістерінің қою экстрактісі 200 мг егістік жоңышқа жапырағының қою экстрактісі 100.0 мг грек бойдана тұқымдарының қою экстрактісі 100.0 мг сібір женьшені тамырларының қою экстрактісі 50 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза. капсула қабығының құрамы: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк бояғыш № 1, қызыл бояғыш № 28, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Капсулаларының корпусы мен қалпақшасында «ALFAGIN» жазуы бар өлшемі №0, күлгін түсті қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – күңгірт қоңыр түсті аморфты ұнтақ

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- астениялық жағдайлар

- қажу, жұмысқа қабілеттіліктің артуына қажеттілік

- иммунитеттің төмендеуі, жиі суық тию

- жүйке жүйесінің тозуы, ваготонустық тип бойынша вегетотамырлық дистония

- химиотерапияда, сәулемен емдеуде, созылмалы уыттануда уытты әсерді төмендету қажет болғанда

- науқастарды оңалту жүргізгендегі демеуші ем

- анорексия, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуінде

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының өршу жағдайы

- артериялық гипертензия

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

Өзара әрекеттесуі

Бластомаға қарсы дәрілердің уыттылығын азайтады.

Андрогендер мен анаболикалық стероидтардың әсерін күшейтеді.

Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілердің әсер ету ұзақтығын қысқартады.

Арнайы алдын алу шаралары

Педиатрияда қолдану

- 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Жүктілік және лактация кезеңі.

Жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеу деректері жоқ.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді

Жанама әсерлері

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

Өте сирек

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакция

- артериялық қан қысымының жоғарылауы

- ұйқының (Алфагинді түнге қабылдағанда) бұзылуы

Шығарылу түрі

20, 60 капсуладан бұралатын пластмасса қақпағы бар пластмасса құтыларда. Капсулалары бар құтыларға ылғал жұтқышы бар қапшық салынады, бос кеңістік гигроскопиялы медициналық мақтамен толтырылады.

Құтыны қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыальфагин №60 капсулалардәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube