Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензия,
- созылмалы тұрақты стенокардия,
- вазоспастикалық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы).
- артериялық гипертензия,
- созылмалы тұрақты стенокардия,
- вазоспастикалық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы).
- амлодипинге, дигидропиридиннің басқа туындыларына немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- ауыр артериялық гипотензия
- шок (оның ішінде кардиогендік шок)
- сол жақ қарыншаның шығару жолының обструкциясы (мысалы, ауыр аорталық стеноз)
- жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрақты емес жүрек жеткіліксіздігі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Басқа дәрілік заттардың амлодипинге ықпал етуі
СҮР3А4 тежегіштері
Амлодипинді күшті немесе қалыпты СҮР3А4 тежегіштерімен (протеаза тежегіштерімен, азол тобының зеңге қарсы препараттарымен, макролидтермен (эритромицин немесе кларитромицин секілді), верапамил немесе дилтиаземмен) бір уақытта қолдану гипотензияның даму қаупін арттырып, амлодипиннің әсер етуінің елеулі ұлғаюына әкелуі мүмкін. Фармакокинетиканың мұндай өзгерістерінің клиникалық мәні егде жастағы пациенттерде айқын болуы мүмкін. Осыған байланысты, пациенттердің жағдайын клиникалық бақылап, препарат дозасын түзету талап етілуі мүмкін.
СҮР3А4 индукторлары
CYP3A4 белгілі индукторларымен бір уақытта қолданған кезде амлодипиннің плазмалық концентрациялары ауытқуы мүмкін. Осыған байланысты артериялық қысымды бақылау және біріктірілген ем барысында, және одан кейін, әсіресе СҮР3А4 күшті индукторларымен (мысалы, рифапмицинмен, (Hypericum perforatum) шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен) біріктірілімінде дозаны түзету қажеттілігін қарастыру қажет.
Кейбір пациенттерде гипотензиялық әсерді күшейтуі мүмкін амлодипин биожетімділігінің ықтимал артуы мүмкін болғандықтан амлодипинді бір уақытта қабылдау және грейпфрутты немесе грейпфрут шырынын тұтыну ұсынылмайды.
Дантролен (венаішілік енгізу)
Верапамил мен дантроленді вена ішіне енгізгеннен кейін жануарларға жүргізілген тәжірибелерде гиперкалиемияға байланысты өлімге әкеп соқтыратын қарыншалар фибрилляциясы және жүрек-қантамыр коллапсының дамуы байқалған. Гиперкалиемияның даму қаупін ескере отырып, қатерлі гипертермияға бейім немесе қатерлі гипертермияға қатысты емделіп жүрген пациенттерде кальций өзекшелерінің блокаторларымен (амлодипин секілді) бір уақытта қолдануды болдырмау қажет.
Амлодипиннің басқа дәрілік заттарға ықпал етуі
Амлодипиннің гипотензивті әсері басқа дәрілік заттардың гипотензивті әсерін күшейтеді.
Такролимус
Амлодипинмен бір уақытта қолдану кезінде қанда такролимус деңгейінің арту қаупі бар, алайда мұндай дәрілік өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық механизмі жеткілікті түрде зерттелмеген. Осылайша, такролимуспен емдеуде жүрген пациенттерге амлодипинді тағайындау кезінде соңғысының уыттылығын төмендету үшін қандағы такролимустың концентрациясын бақылау, қажет болған жағдайда такролимустың дозасын өзгерту қажет.
Рапамициннің механистикалық нысана тежегіштері (mTOR)
Сиролимус, темсиролимус және эверолимус секілді mTOR тежегіштері СҮР3А изоферментінің субстраттары болып табылады. Амлодипин СҮР3А изоферментінің әлсіз тежегіші болып табылады. mTOR тежегіштерімен бір уақытта қолданған кезде амлодипин олардың әрекеттесуін күшейтуі мүмкін.
Циклоспорин
Циклоспорин мен амлодипиннің дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу трансплантацияланған бүйрегі бар пациенттердің популяциясына ғана жүргізілді. Бұл популяцияда циклоспориннің ең төмен концентрациясы орташа 0-40% артқан. Амлодипинді қабылдайтын трансплантацияланған бүйрегі бар пациенттерде циклоспориннің деңгейін бақылау және қажет болғанда циклоспориннің дозасын төмендету ұсынылады.
Симвастатин
10 мг дозада амлодипинді және 80 мг дозада симвастатинді бір уақытта көп рет қолдану симвастатин монотерапиясымен салыстырғанда симвастатин экспозициясының 77% артуына әкелді. Амлодипинді қабылдайтын пациенттерде тәулігіне 20 мг дейін симвастатиннің дозасын төмендеткен жөн.
Дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық зерттеулерінде амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің және варфариннің фармакокинетикасына әсер етпеген.
Дозалау режимі
Артериялық гипертензия және стенокардия кезінде препараттың әдеттегі дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Пациенттің емге жеке реакциясына қарай препарат дозасын 10 мг құрайтын ең жоғары дозаға дейін арттыруға болады.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипинді тиазидті диуретиктермен, альфа-адреноблокаторлармен, бета-адреноблокаторлармен немесе АӨФ (ангиотензинді –өзгертуші фермент) тежегіштерімен біріктірілімде қабылдауға болады. Стенокардиясы бар пациенттерде амлодипинді монотерапия ретінде де, және тиісті дозада нитраттарға және/немесе бета-адреноблокаторларға резистенттілік кезінде басқа антиангинальді дәрілік заттармен біріктірілімде де қолдануға болады.
Тиазидті диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен немесе АӨФ тежегіштерімен бір уақытта қолданған кезде амлодипиннің дозасын түзету қажет болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Амлодипинді ішке қабылдаған жөн. Сызығы таблетканы екі бірдей дозаға бөлуге арналмаған. Таблетканы қабылдауды жеңілдету үшін бірдей бөлікке бөлуге болады.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Бір рет күннің кез келген уақытында, бірақ күнделікті бір уақытта. Дәрілік затты тамақтануға қарамастан қабылдайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: артық дозалану шектен тыс шеткері вазодилатацияға және ықтимал рефлекторлық тахикардияға әкелуі мүмкін. Өліммен аяқталатын шокқа әкелген ұзақ жүйелік гипотензияның жағдайлары тіркелген.
Емі: амлодипиннің артық дозалануына байланысты клиникалық маңызы бар гипотензия жүрек және тыныс алу функциясын жиі бақылауды, аяқ-қолды жоғары қоюды және айналатын сұйықтықтың көлемі мен диурезді бақылауды қоса, жүрек-қантамыр жүйесін белсенді демеуді қажет етеді.
Тамырды тарылтатын дәрілер оларды қолдануға ешқандай қарсы көрсетілім болмаған кезде тамырдың тонусы мен артериялық қысымды қалпына келтіру үшін қолданылуы мүмкін. Кальций глюконатын венаішілік енгізу кальций өзекшелері блокадасының салдарын жою үшін қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда асқазан жуылуы мүмкін. Амлодипин қан плазмасының ақуыздарымен елеулі деңгейде байланысатын болғандықтан, гемодиализді жүргізу тиімсіз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Препараттың дозасын жіберіп алған кезде келесі жоспарланған дозаны қажетті уақытта қабылдаған жөн. Жіберіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаған жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігердің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Амлодипин таблеткалары 5 мг №30” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден