Қолдану көрсеткіштері
артериялық гипертензия
вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)
тұрақты стенокардия
артериялық гипертензия
вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)
тұрақты стенокардия
дигидропиридин туындыларына, амлодипингке немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ауыр артериялық гипотензия
шок (кардиогенді шокты қоса алғанда)
жүректің сол жақ қарыншасының шығару бөлігінің обструкциясы (мысалы, ауырлық дәрежесі жоғары аорта стенозы)
жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Гипертониялық криз кезінде амлодипинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек. Ұзақ мерзімді плацебо-бақыланатын зерттеу кезінде (NYHA жіктемесі бойынша III және IV класс (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығы)) ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өкпе ісінуінің пайда болу жиілігі плацебомен емделген топқа қарағанда амлодипинмен емделген топта жоғары болды. Амлодипинді қоса алғанда, кальций өзекшелерінің блокаторларын жүрек-қан тамырлары асқынуларының қаупін және өлім қаупін одан әрі арттыруы мүмкін болғандықтан, іркілген жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарып, AUC көрсеткіштері артады. Мұндай пациенттер үшін дозалау бойынша ұсынымдар белгіленбеген, сондықтан амлодипинді дозалауды емнің басында да, дозаны ұлғайту кезінде де сақтықпен және ұсынылатын дозалар ауқымының төменгі мәнінен бастау керек. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге титрлеу арқылы дозаны біртіндеп арттыру және олардың жай-күйін мұқият бақылау қажет болуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Мұндай пациенттер үшін амлодипинді әдеттегі дозаларда қолдануға болады. Қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне тәуелді емес. Амлодипинді диализ арқылы шығару мүмкін емес.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарға дозаны сақтықпен арттыру ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттардың амлодипинге әсері
CYP3A4 тежегіштері
Амлодипинді күшті немесе орташа CYP3A4 тежегіштерімен (протеаз тежегіштері, азолды зеңге қарсы препараттар, эритромицин немесе кларитромицин секілді макролидтер, сондай-ақ верапамил немесе дилтиазем) бір мезгілде қолдану артериялық гипотензия қаупінің артуына алып келіп, амлодипиннің әсер ету деңгейінің елеулі жоғарылауын тудыруы мүмкін. Фармакокинетикалық көрсеткіштердің осы өзгерістерінің клиникалық көріністері егде жастағы пациенттерде анағұрлым айқын болуы мүмкін. Осыған байланысты клиникалық жағдайды бақылау және дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
CYP3A4 индукторлары
CYP3A4 индукторларының амлодипинге әсері туралы деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицин немесе гиперикум препараттары (Нypericum perforatum)) бір мезгілде қолдану нәтижесі қан плазмасында амлодипин концентрациясын төмендету болуы мүмкін, сондықтан амлодипинді CYP3A4 индукторларымен бірге сақтықпен қолдану керек.
Грейпфрут немесе грейпфрут шырыны
Кейбір пациенттерге гипотензивті әсерді күшейтіп, амлодипиннің биожетімділігін арттыруы мүмкін болғандықтан, амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қолдану ұсынылмайды.
Дантролен (инфузия)
Жануарларда верапамилді қолданғаннан және гиперкалиемиямен бірге дантроленді вена ішіне енгізгеннен кейін өлімге әкелетін қарыншалық фибрилляция және жүрек-тамыр коллапсы байқалады. Гиперкалиемия қаупіне байланысты қатерлі гипертермия туындауы мүмкін және қатерлі гипертермияға байланысты ем қабылдайтын пациенттерге амлодипин секілді кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Амлодипиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Амлодипиннің артериялық қысымды төмендету әсері гипертензияға қарсы қасиеттері бар басқа препараттардың гипотензивті әсеріне қосылады.
Такролимус
Осы препаратты амлодипинмен бір мезгілде тағайындаған кезде осы дәрілердің өзара әрекеттесуінің фармакокинетикалық механизмдері жеткілікті түрде зерттелмегеніне қарамастан, қандағы такролимус концентрациясының жоғарылау қаупі болады. Такролимустың уытты әсерін болдырмау үшін такролимус алатын пациенттерге амлодипинді тағайындау қандағы такролимус концентрациясының мониторингісін қажет етеді және қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзету талап етіледі.
Рапамициннің механикалық нысана тежегіштері (mTOR)
Сиролимус, темсиролимус және эверолимус секілді mTOR тежегіштері CYP3A субстраттары болып табылады. Амлодипин CYP3A әлсіз тежегіші болып табылады. mTOR тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда амлодипин mTOR тежегіштерінің әсерін арттыруы мүмкін.
Циклоспорин
Циклоспориннің ең төменгі концентрациясының вариабельді жоғарылауы байқалған бүйрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттерден басқа (орташа алғанда 0-ден 40% - ға дейін) циклоспорин мен амлодипиннің дені сау еріктілерде немесе басқа популяцияларда өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ. Бүйрек трансплантациясын бастан өткерген және амлодипинді қабылдап жүрген пациенттерге циклоспорин концентрациясына мониторингті жүргізуді және қажет болған жағдайда циклоспорин дозасын төмендетуді ұсынған жөн.
Симвастатин
10 мг дозадағы амлодипинді және 80 мг дозадағы симвастатинмен бір мезгілде бірнеше рет қабылдау симвастатин монотерапиясымен салыстырғанда симвастатиннің әсер ету деңгейінің 77% - ға өсуіне алып келді. Сондықтан амлодипинді қабылдайтын пациенттерге симвастатин дозасы тәулігіне 20 мг-ға дейін шектелуі тиіс.
Аторвастатин, дигоксин немесе варфарин
Препараттардың өзара әрекеттесуінің клиникалық зерттеулерінде амлодипин аторвастатиннің, дигоксин немесе варфариннің фармакокинетикасына әсер етпеді.
Арнайы ескертулер
Препараттың бір дозасындағы натрий мөлшері 1 ммольден аз, сондықтан құрамында натрий жоқ деп санауға болады.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Амлодипинді жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Клиникаға дейінгі зерттеулерде жоғары дозаларды қолданғанда репродуктивті уыттылық байқалды. Препаратты жүктілік кезінде қолдану анағұрлым қауіпсіз балама препарат болмаған жағдайда және ауру ана мен шарана үшін Амодтм қабылдаудан артық қауіпті болса ғана ұсынылады.
Лактация кезеңі
Амлодипиннің емшек сүтіне еніп енбейтіні белгісіз. Емшекпен емізуді жалғастыру немесе тоқтату, немесе амлодипинмен емдеуді жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім бала үшін емшекпен емізудің пайдасы мен ана үшін амлодипинмен емдеудің пайдасы ескеріле отырып қабылдануы мүмкін.
Репродуктивті функция
Кальций өзекшелерінің блокаторларымен ем қабылдаған кейбір пациенттерде сперматозоид бастарының қайтымды биохимиялық өзгерістері байқалды. Амлодипиннің репродуктивті функцияға ықтимал әсері туралы клиникалық деректер жеткіліксіз. Егеуқұйрықтарға жасалған бір зерттеуде аталықтарының репродуктивті функциясына қатысты жағымсыз әсерлер анықталды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Амлодипин көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне болмашы немесе орташа әсер етуі мүмкін. Егер амлодипин қабылдаған пациенттерде бас айналу, бас ауруы, шаршағыштық немесе жүрек айну байқалса, реакция беру қабілеті бұзылуы мүмкін. Әсіресе емдеудің басында сақ болу ұсынылады.
Дозалау режимі
Ересек пациенттер
Артериялық гипертензия және стенокардия кезінде әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Пациенттің жеке реакциясына қарай дозаны максималды - 10 мг дейін арттыруға болады.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерге Амодтм тиазидті диуретиктермен, альфа-блокаторлармен, бета-блокаторлармен немесе ангиотензинконвертациялайтын фермент тежегіштерімен біріктірілімде қолданылады. Стенокардия кезінде Амодтм монотерапия ретінде немесе тиісті дозаларда нитраттарға және/немесе бета-блокаторларға рефрактерлі стенокардиясы бар пациенттерге басқа антиангинальді дәрілік препараттармен біріктіріліп қолданылуы мүмкін. Тиазидті диуретиктермен, бета-блокаторлармен және ангиотензинконвертациялайтын фермент тежегіштерімен қатар қолданғанда Амодтм дозасын түзету талап етілмейді.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Амодтм егде жастағы және жас пациенттерде әдеттегі дозалары бірдей жақсы қабылданады. Егде жастағы пациенттерге әдеттегі дозалау режимдері ұсынылған, алайда, дозаны арттыру кезінде сақ болу қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерге дозалау жөніндегі ұсынымдар белгіленбеген; сондықтан дозаны таңдау абайлап жүргізілуі және ұсынылатын ең аз дозадан басталуы тиіс. Амлодипиннің фармакокинетикасы бауыр функциясының ауыр бұзылуы кезінде зерттелмеген. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге амлодипинді тағайындауды ең төменгі дозадан бастаған және одан әрі баяу титрлеу принципін ұстанған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне тәуелді емес, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге әдеттегі дозаны қолдану ұсынылады. Амлодипин диализ арқылы шығарылмайды.
Емдеу курсы емдеуші дәрігермен белгіленеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: шеткері тамырлардың шамадан тыс кеңеюі және рефлекторлық тахикардия ықтималдығы. Ауыр және ұзаққа созылуы ықтимал жүйелі артериялық гипотензия, соның ішінде шок, өліммен аяқталған жағдайлар хабарланды.
Сирек жағдайларда амлодипиннің артық дозалануы нәтижесінде кардиогенді емес өкпе ісінуінің дамуы туралы хабарланды, бұл жағдай кешігіп басталуы да (енгізгеннен кейін 24-48 сағаттан кейін) мүмкін және өкпенің жасанды вентиляциясын қажет етеді. Кардиогенді емес өкпе ісінуінің дамуына ықпал ететін факторлар перфузия мен жүректің лақтырылымын сақтау мақсатында жүргізілген ерте реанимация шаралары (соның ішінде сұйықтықпен шамадан тыс жүктеуі) болуы мүмкін.
Емі: амлодипиннің артық дозалануы салдарында болған клиникалық маңызды артериялық гипотензия жүрек және тыныс алу функцияларын жиі мониторингілеу, аяқ-қолдардың көтерілуі, айналымдағы сұйықтық көлемін және шығарылатын несеп көлемін мониторингілеу кіретін жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциясын белсенді қолдауды талап етеді. Қолдануға қарсы көрсетілімдер болмаса, тамырлық тонусты және қан қысымын қалпына келтіруге вазоконстриктор ықпал етуі мүмкін. Кальций глюконатын вена ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокадаларының әсерін азайтуға көмектеседі.
Кейбір жағдайларда асқазанды зонд арқылы шаю жақсы тәсіл болуы мүмкін. Дені сау еріктілерде амлодипинді 10 мг дозада қабылдағаннан кейін 2 сағатқа дейін белсендірілген көмірді қолдану амлодипиннің сіңу жылдамдығын төмендеткенін көрсеткен.
Амлодипиннің қан ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысуына байланысты диализдің тиімділігі екіталай.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
10 немесе 14 таблеткадан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 (14 таблетка үшін) немесе 3 (10 таблетка үшін) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Амод таблеткалары 5 мг №30” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.