Қолдану көрсеткіштері
Азитрокс капсулалары ересектерге және дене салмағы 45 кг-нан аспайтын 12 жастан асқан балаларға (250 мг доза үшін) және 18 жастан асқан адамдарға (500 мг доза үшін) қолданылады.
Азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеуге қолданылады:
синусит, фарингит, тонзиллитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары;
бронхит пен пневмонияны қоса, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары;
жедел ортаңғы отит
тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары
Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoeae (мультирезистентті емес штаммдар) туындаған асқынбаған генитальді инфекциялар
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды назарға алған жөн.