daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы 0,25 Мг №7 Еріткіші Бар Цетротид Ұнтағы | Пьер Фабр Мед

Астане қаласындағы 0,25 Мг №7 Еріткіші Бар Цетротид Ұнтағы | Пьер Фабр Мед
Сипаттама:

Лиофилизат ақ түсті кеуекті масса түрінде; еріткіші – мөлдір түссіз сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Цетрореликс

Өндіруші:

Пьер Фабр Мед

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша зат – маннитол. Еріткіші – инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,25 мг

Дәрілік түрі:

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 0.25 мг лиофилизацияланған ұнтақ еріткішпен жиынтықта

Қаптамадағы саны:

7 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Қосымша ұрпақ өрбіту технологиялары аясында соңынан ооциттерді іріктей отырып, бақыланатын овариальді стимуляциялау жүргізу кезінде пациент әйелдерде мерзімінен бұрынғы овуляцияны болдырмауда.

Қарсы көрсеткіштер

Белсенді затқа, гонадотропин-рилизинг гормонының құрылымдық аналогына, экзогенді пептидті гормондарға немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;

жүктілік және лактация кезеңі;

бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

Өзара әрекеттесуі

Цетрореликстің дәрілермен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген. In vitro зерттеулерінде Р450 цитохромының немесе глюкуронидазаның қатысуымен метаболизденетін немесе кейбір басқа жолдармен конъюгаттар құрайтын препараттармен өзара әрекеттесуі екіталай екендігі көрсетілді. Алайда, сезімтал адамдарда гонадотропиндермен немесе гистаминнің босап шығуын индукциялайтын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығын толық жоққа шығару мүмкін емес.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Цетротид® балалар мен жасөспірімдерге қолдану үшін көрсетілмеген.

Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Егер Сіз жүкті болсаңыз, жүктімін деп ойласаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз Цетротид® қабылдамаңыз.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цетротид® автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Цетротид® препаратының алғаш енгізілуін дәрігердің қадағалауымен өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық реакцияларды қоса, болжамды аллергиялық және жалған аллергиялық реакциялар дамығанда шұғыл емдеу мүмкіндігін қамтамасыз ете алатын жағдайларда жүргізген жөн. Пациент әйелдер әрі қарайғы инъекцияларды шұғыл медициналық араласуларды талап ететін аса жоғары сезімталдық реакцияларының симптомдары мен белгілері пайда болғанша өз бетінше жүргізе алады.

Препараттың 1 құтысының ішіндегісін (0.25 мг цетрореликс) күніне бір рет 24 сағаттық аралықтармен не таңертең, не кешке енгізеді. Препараттың алғашқы инъекциясынан кейін препараттың енгізілуіне аллергиялық немесе жалған аллергиялық реакциялардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін пациент әйелді 30 минут бойы қадағалау ұсынылады.

Таңертең енгізу: препаратты енгізуді несептік немесе рекомбинантты гонадотропиндер препараттары көмегімен жүргізілетін овариальді стимуляциялау циклінің 5 немесе 6 күні (овариальді стимуляциялау басталғаннан кейін шамамен 96 – 120 сағат өткенде) бастайды. Цетротид® препаратын енгізуді, овуляцияны индукциялау күні немесе адамның хориондық гонадотропинін енгізу күнін қоса, әрі қарай гонадотропиндермен емдеудің бүкіл курсы бойына жалғастыра береді.

Цетротид® препаратын енгізудің басталу күні емге овариальді жауапқа, яғни өсіп келе жатқан фолликулалардың саны мен мөлшеріне және/немесе қандағы эстрадиол мөлшеріне байланысты. Цетротид® препаратымен емдеуді фолликулалардың өсуі болмаған жағдайда кейінге қалдыруға болады, дегенмен клиникалық практикада препаратты қолдануды ынталандыру циклінің 5 немесе 6-күні бастайды.

Кешке енгізу: Цетротид® препараттын енгізуді несептік немесе рекомбинантты гонадотропиндер препараттары көмегімен жүргізілетін овариальді стимуляциялау циклінің 5 күні (овариальді стимуляциялау басталғаннан кейін шамамен 96 – 108 сағат өткенде) бастайды. Цетротид® препаратын енгізуді, овуляция индукциясын жүргізудің алдындағы кешті қоса, әрі қарай гонадотропиндермен емдеудің бүкіл курсы бойына жалғастыра береді.

Цетротид® препаратын енгізудің басталу күні емге овариальді жауапқа, яғни өсіп келе жатқан фолликулалардың саны мен мөлшеріне және/немесе қандағы эстрадиол мөлшеріне байланысты. Цетротид® препаратымен емдеуді фолликулалардың өсуі болмаған жағдайда кейінге қалдыруға болады, дегенмен клиникалық практикада препаратты қолдануды ынталандыру циклінің 5 немесе 6-күні бастайды.

Енгізу жолы және тәсілі

Цетротид® препараты іш терісі астына инъекциясына арналған (тері астына енгізу). Тері тітіркенуін азайту үшін күн сайын инъекция үшін іштің басқа бөлігін таңдаңыз.

Алғашқы инъекцияны Сіз дәрігердің бақылауымен енгізуіңіз керек. Сіздің дәрігеріңіз немесе медбикеңіз Сізге осы препаратты қалай дайындау және инъекция жасау керектігін көрсетеді.

Келесі инъекцияларды Сіздің дәрігеріңіз аллергияға немесе жедел емдеуді қажет ететін ықтимал күрделі немесе өмірге қауіп төндіретін салдарларды көрсете алатын симптомдар байқағанша өзіңіз жасай аласыз («Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз).

«Инъекцияға арналған ерітіндіні қалай дайындау және Цетротид® препаратын қалай енгізу керек» бөлімінде төмендегі нұсқауларды мұқият оқып, орындаңыз.

Емдеу курсының бірінші күні Сіз басқа препаратты қолдана бастауыңыз керек. Содан кейін, бірнеше күннен соң сіз Цетротид® препаратын енгізуді бастайсыз (жоғарыдан «Дозалау режимін» қараңыз).

Инъекцияны енгізер алдында препарат бөлме температурасында болуы тиіс. Препарат бар құтыны қолданар алдында 30 минут бұрын тоңазытқыштан шығару керек.

Цетротид препаратын тек бірге берілген еріткішпен абайлап айналдыра қозғап еріту керек. Көпіршіктердің түзілуін болдырмау үшін қарқынды сілкілеуден аулақ болу керек.

Ерітілген ерітінді мөлдір және құрамында бөлшектер болмауы тиіс. Егер ол мөлдір болмаса немесе ішінде бөлшектер болса, ерітіндіні пайдаланбаңыз.

Құты ішіндегісін толық пайдалану керек. Бұл кемінде 0.23 мг цетрореликсті құрайтын дозаны енгізуді қамтамасыз етеді.

Ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден пайдалану керек.

Инъекцияға арналған ерітіндіні қалай дайындау және Цетротид® препаратын қалай енгізу керек

Қолыңызды жуыңыз. Қолыңыз және инъекция енгізуге қажетті барлық заттардың таза болуының маңызы зор.

Таза беткейді дайындап, оған мыналарды орналастырыңыз: препаратпен 1 құты, еріткішпен алдын ала толтырылған бір шприц, ерітінді әзірлеуге арналған бір ине (сары таңбалы), теріасты инъекциясы (сұр таңбалы) үшін бір жіңішке ине және спирт сіңірілген екі тампон.

Құтыдан пластик қақпағын алып тастаңыз. Алюминий сақинаны және резеңке тығынды спирт сіңдірілген бір тампонмен сүртіп алыңыз.

Инені алыңыз да (сары таңбалы) және оны орамынан босатыңыз. Еріткіші бар шприцті алыңыз, шприцке инені жалғаңыз және инеден қорғағыш қалпақшасын шешіңіз.

Инені құтының резеңке тығынының орталық бөлігіне тығып, еріткішті құтыға баяу енгізіңіз.

Инені суырмай тұрып, ұнтақ толық ерігенше құтының ішіндегісін абайлап араластырыңыз. Көпіршіктердің түзілуіне әкелетін қатты сілкуден аулақ болыңыз.

Құтыны түбін жоғары қарата төңкеріңіз және поршеньді тарта отырып, шприцке алынған бүкіл ерітіндіні жинаңыз.

Шприцтен инені алыңыз да, оны теріасты инъекциясына арналған инемен (сұр таңбалы), оны алдын ала орамынан босатып, ауыстырыңыз. Инені шприцке жалғаңыз да, оның қорғағыш қалпақшасын шешіңіз.

Шприцті инесімен жоғары қарата аударыңыз да, поршеньді басып тұрып, одан барлық ауа көпіршіктерін шығарыңыз. Инеге қол тигізбеңіз және оның қандай да бір беткеймен жанасуына жол бермеңіз.

Инъекция үшін іштің төменгі жағынан, дұрысы – кіндік айналасы аймағынан орын таңдаңыз. Спирт сіңдірілген екінші тампонды алып, инъекция жүргізілетін болжамды жердің терісін сүртіңіз. Шприцті бір қолыңызда ұстап тұрып, екінші қолыңызбен теріні жиырыңыз да, инені теріге 45-90 º бұрыштап енгізіңіз.

Шприцтегі поршеньді абайлап кері қарай тартыңыз. Егер шприцте қан пайда болса, 12 тармақта баяндалған әрекетті жасаңыз. Қан болмаса, поршеньді жайлап басып тұрып, ерітіндіні баяу енгізіңіз. Бүкіл ерітіндіні енгізгеннен кейін инені баяу суырыңыз да, инъекция орынындағы теріге спирт сіңдірілген тампонды жайлап басыңыз. Инені теріден ол қандай бұрышта енгізілсе, сондай бұрыштан суырған дұрыс.

Егер шприцте қан пайда болса, теріден инені баяу суырып, ине енгізілген жердегі теріге спирт сіңдірілген тампон басу керек. Қалған ерітіндіні утилизациялаған жөн, ал инъекцияны қайталау үшін 1-11 тармақтарда баяндалған шараларды қайталап, жаңа ерітінді дайындау қажет.

Шприц пен инелер тек бір реттік пайдалануға арналған. Пайдаланғаннан кейін бірден оларды (жарақаттануға жол берілмес үшін инелерге қорғағыш қалпақшалар кигізіп) утилизациялаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Егер Сіз препаратты кездейсоқ қажет мөлшерден көбірек енгізсеңіз, жағымсыз әсерлердің дамуы күтілмейді. Бұл жағдайда препараттың әсері ұзағырақ болады және әдетте арнайы шаралар қажет емес.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер сіз препараттың дозасын енгізуді ұмытып кетсеңіз, ол туралы есіңізге түскенде оны мүмкіндігінше тезірек енгізіңіз, бұл туралы өз дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Жіберіп алған дозанының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны енгізбеңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар

Бұл препаратты әрдайым Өз дәрігеріңіздің нұсқауымен қолданыңыз. Егер Сіз бір нәрсеге сенімсіз болсаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

Препарат резеңке тығындармен жабылған және, жұлып алынатын ашық-көк түсті пластик қақпақтары бар, алюминий сақиналармен баспаланған сыйымдылығы 2 мл, I типті түссіз шыныдан жасалған құтыларда.

1 мл еріткіштен шприцте.

Препараты бар 1 құтыдан және еріткіші бар 1 шприцтен, 2 инемен және спирт сіңірілген 2 тампонмен ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 7 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Тоңазытқышта (2-8 С) жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды және салқындату элементіне жақын қоймаңыз. Ашылмаған препаратты түпнұсқалық қаптамасында бөлме температурасында (30 °С-ден аспайтын) 3 ай бойы сақтауға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Ерітінді дайындалғаннан кейін бірден бір рет қолдануға арналған.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады0,25 мг №7 еріткіші бар цетротид ұнтағыдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube