daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Диклофенак Акос Жақпа 1% 30 Г | Синтез ОАО

Астане қаласындағы Диклофенак Акос Жақпа 1% 30 Г | Синтез ОАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.

Халықаралық атауы:

Диклофенак

Өндіруші:

Синтез ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: диметилсульфоксид, макрогол 400, макрогол 4000, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидрокси-бензоат.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу үшін:

- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттердің және буындардың зақымданулары, мысалы, спортпен айналысқаннан кейін немесе жазатайым оқиғалардың нәтижесінде байламдардың үзілуі, соғылуы, созылуы және арқаның ауыруы;

- жұмсақ тіндердің ревматизмдік ауруларының оқшауланған түрлері, мысалы, тендовагинит, бурсит, иық-білезік синдромы, периартропатия.

Кіші және орташа көлемдегі буындардың, мысалы қол саусақтары немесе тізе буындарының артроздарын симптоматикалық емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

-ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолдану кезінде бронх демікпесі, есекжем, ангионевроздық ісіну немесе жедел ринит ұстамалары туындауына бейімділік

- жүктілік (III триместр)

- бала емізу

- балалар мен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- болжамды жағылатын орнында тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы;

Өзара әрекеттесуі

Препарат фотосенсибилизацияны туындататын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері сипатталмаған.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препараттың қажетті мөлшері ауыратын аумақтың шамасына байланысты. Препараттың бір реттік дозасы - 2 - 4 г (бұл көлемі жағынан шие немесе жаңғақ өлшемімен сәйкес келеді) ауданы 400-800 см2 аймақты өңдеу үшін жеткілікті. Егер ауыру аймағы қолға қатысты болмаса, препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу қажет. Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен байқалатын әсеріне байланысты.

Ең жоғары тәуліктік доза 8 г.

Енгізу жолы және тәсілі

Сыртқа.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға препаратты теріге тәулігіне 2-3  рет, теріге сәл уқалай отырып жағады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен байқалатын әсеріне байланысты.

Препаратты жарақаттан кейінгі қабыну және жұмсақ тіндердің ревматизмдік аурулары кезінде дәрігердің ұсынымынсыз 14 күннен артық қолдануға болмайды.

Препарат тағайындаусыз қолданылған жағдайда, егер 7 күн бойы қолданғанда пациенттің жағдайы өзгермесе, дәрігерге қаралу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: сыртқа қолдану кезінде диклофенактың өте төмен жүйелі абсорбциясы артық дозалануды іс жүзінде мүмкін емес етеді. Жақпамайдың үлкен мөлшерін (20 г астам) кездейсоқ жұтып қойғанда, ҚҚСП тән жүйелі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, құстыртуға түрткі болу, белсендірілген көмір, симптоматикалық ем. Диклофенактың қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғары (99 % жуық) екендігіне байланысты диализ және қарқынды диурез тиімсіз. Гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысу, асқазан-ішек жолдарының тітіркенуі және тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты асқынулар үшін демеуші және симптоматикалық емдеу жүргізілуі керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер 14 күннен кейін емдік әсері байқалмаса немесе жағдайы нашарласа, дәрігерге қаралу керек.

Препарат тағайындаусыз қолданылған жағдайда, егер 7 күн бойы қолданғанда пациенттің жағдайы өзгермесе, дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі

30 г-ден алюминий сықпаларда.

Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

8 С-ден 15 С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

30 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыДиклофенак Акос жақпа 1% 30 гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading
255

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 12

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

267

255

12

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube